4.5.1. G- белгілер критерийі Критерий тағайындалуы: G -критерийі зерттелінетін белгінің жылжуының
жалпы бағытын анықтау үшін пайдалынады. Ол таңдаудағы белгілік мәндердің
бір өлшемнен екіншіге өтуіндегі өзгеру бағытын (жақсару, жоғарылау, күшею
немесе өзгеру, төмендеу, әлсіреу) анықтауға мүмкіндік береді
35
.
Сипаттамасы: G - критерийін сапалық анықтауға болатын (мысалы:
жағымды немесе жағымсыз, қатынастық өзгеруі) жылжулар мен қатар сондықтан
өлшеуге болатын (мысалы: эксперименттік әсерден кейінгі тапсырманы шешу
уақытының қысқаруы) жылжуларды анықтау мақсатында пайдалануға болады.
Пайдаланудағы шектеулер. Екі өлшемдегі бақылаулар саны 5-тен кем емес
және 300 ден артық болмауы тиіс.
Болжамдары:
0
H жылжудың типтік бағытының басымдылығы кездейсоқ.
1
H жылжудың типтік бағытының басымдылығы кездейсоқ емес.
G -критерийін есептеу алгоритмі № Есептеулер мазмұны
1
Нолдік реакциялардың сандарын есептеу және оларды қарастырудан
шеттету нәтижесінде нолдік реакциялар санының
n азаяды.
2
Өзгерудің басым бағытын анықтау. Басым бағыттағы жылжуларды
«типтік» ретінде белгілеу.
3
«Типтік емес» жылжулардың санын анықтау. Бұл сан
G - эмпирикалық
мәні болып табылады.
4
Шеткі мәндердің кестесі бойынша
G критерийінің
n -ге сай шеткі мәнін
анықтау
5
G эмпирикалық мәнін
G шеткі мәнімен салыстыру (Қосымша 4). Егер
G эмпирикалық
G критерий аз немесе тең болған жағдайда жылжудың
типтік жағдайының сенімділігі арта түседі.
4.5.2 Вилкоксонның T- критерийі 35
Сидоренко Е. В. Методы математической обработки в психологии. -СПб: ООО «Речь», 2007.
– 350с.-77б