БоөЖ 1 Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы



Дата08.02.2022
өлшемі16,68 Kb.
#117977
Байланысты:
БОӨЖ1 ТАРИХ


БОӨЖ 1
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Менің ойымша біздің қазақ деген жеке ұлт және мемлекет болуымыздың бірден бір себебі ол өзіміздің сонау заманнан бері ата-бабамыздан бізге мұра болып сақталып келе жатқан ол біріншіден біздің тарихымыз, екіншіден тіліміз, үшіншіден өзімізге тән салт-дәстүрлеріміз. Мемлекеттілігіміз сонау Қазақ хандығынан бастау алады. ХV ғасырдың ортасында Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Керей мен Жәнібек хандар құрған ұлыс көп ұзамай бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтағы мемлекеттің бірден-бір көрінісі болды. Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды.
ХV-ХІХ ғасырлар арасын қамтыған Қазақ хандығы Қазақстан тарихында ерекше орын алып қана қоймай, осы кезеңде қалыптасқан ұлттық сана мен халықтың өзіне тән ерекшеліктері қазіргі біздің қоғаммен тікелей ұштасып жатыр. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Алаш қозғалысының негізгі мақсаттарының бірі де – қазақ халқының мүддесіне сай қызмет ететін, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру жоспары да Қазақ хандығымен байланыста дамыған. Алайда, тарих үрдісі көрсеткендей ол жүзеге аспай қалды. Ал кеңестік негізде құрылған Қазақ АКСР-ы, одан кейінгі Қазақ КСР-да қағаз жүзінде егеменді деп аталғанымен, іс жүзінде орталықтың толық бақылауында болып, ұлттық мүддеден гөрі орталықтың мүддесіне сай саясат жүргізілді. Сөйтіп, қазақтардың санасына мемлекетсіздік идеясы бірте-бірте сіңіріліп, мемлекеттілікті Ресейдің әкелгендігі сияқты қасаң қағида бірте-бірте қалыптаса бастады. Тіпті, өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Ресейдің орталық мерзімді басылымдарында «Қазақстан Республикасы ұзақ өмір сүре алмайды. Өйткені, тарихта қазақтардың өз мемлекеті болмаған, оларға мемлекеттілік идеясы жат», деген пиғылдағы ойлардың белең алғаны бәрімізге белгілі. Алайда, 1991 жылдың 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің дамуы мен өркендеуіне көп үлес қосқанын ескермеске болмайды. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы тәуелсіздік алған уақыттан басталады. 1986 жылғы аға-апаларымыздың көтеріліске шығуының себебі тек тәуелсіздік ғана емес, сонымен қатар қазақ деген ұлтты сақтап оның жойылып кетуіне жол бермеу деп ойлаймын. Әрине біздің мемлекетіміздің тәуелсіздікті көптеген елдер оңайлықпен мойындаған жоқ. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жемісіміз ол еліміздің БҰҰ-на кіруі. 1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта теңге айналымға шықты. Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды. Жаңа Тәуелсіз Қазақстан Республикасы халықтың жаңа тиімді тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сәтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді. Тәуелсіздік алғалы бері елімізде көптеген өзгерістер орын алып жатыр. Тіпті қарапайым мысал ретінде Астана қаласын алуға болады. Бұл қаланың негізін елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қалады. Сонымен қатар 2017 жылы ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның астанасы Астана қаласында өткізілді. Қазіргі таңда елбасымыз Қазақстан Республикасының алдыңғы елдер қатарынан көрініп, біздің мемлекетімзді өзге елдердің тарихында қалдыруы үшін бар күшін салып жатыр.
Осылайша, жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін қорытындылай келе, Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп есептеліп, сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекеттің құрылуына негіз қалап, идеологияның тарихи өлшеміне айналды.


Дайындаған: Ханат Акмарал
Тобы: ХІТ-21-07

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет