ISSN 1563-0307 The Journal of Psychology & Sociology.
№4 (63). 2017
7
Борбасова Г.Н. және т.б.
Джемс-Ланге тұжырымы бірнеше қарсы
көзқарастарды туындатты деуімізге болады.
Негізгі сын айтқан У. Кеннон: әртүрлі сезімдерге
байланысты жауап әрекеттер бір-біріне өте ұқсас,
сондықтан олар адамның сан алуан эмоциялық
қасиеттеріне сай келе бермейді.
Каннон-Бард өзінің ғылыми еңбектерінде
(1929) «Эмоциялық реакциялар гипоталамус
пен таламус жұмысының тұтастығын қажет
етеді», – деп қарастырған, яғни ми қызметінің
жұмысына мән берген десек болады (Симонов
В.П., 2013:115).
Линдес-Хэбтің белсенділік теориясына
сүйенсек, эмоциялы
жағдай ми қыртысының
төменгі бөлігіндегі торлы түзіліс нәтижесінде
анықталады. Эмоция орталық жүйке жүйесіндегі
сәйкес құрылымдардың жаңаруы және бұзылысы
нәтижесінде туындайды. Белсенділік теориясы
келесі жағдайларға негізделеді:
– Эмоция кезінде туындайтын мидың элек-
троэнцефалографиялық суреті торлы түзіліс іс-
әрекетінің «белсенділік жүйесі» көрінісімен бай
-
ланысты.
– Торлы түзіліс жұмысы эмоциялы жағдайдың
динамикалық параметрлерін анықтайды, мыса
-
лы, күшін, ұзақтығын, өзгермелілігін және тағы
да басқа.
Шахтер-Сингердің: «Эмоцияның екі фак
-
торлы теориясы» бойынша: сезім – ол ретсіз
перифериялық сигналдардың когнитивті аудары
-
луы, 1960 жылдары Шахтер «ми қабығы фактілі
түрде барлық эмоцияның тууына қатысады, ол
перифериядан келетін біркелкі емес сигналдар
тәрізді түрде орындалады», – деген. Осы қыртыс
сигналдарға байланысты адам күткен немесе
әлеуметтік қоғамға танымдық жауап қайтарады.
Эмоция мәселесін сонымен қатар, «Гипоталамус
пен таламустың қатысуымен болатын эмоция
шеберінің теориясын» ми құрылымының қандай
да қызметімен байланыстырған америкалық
ғалым Дж Пэйпец (1937) болды (Sheppes, G.,
2013: 210).
Л. Фестингердің «Когнитивті
диссонанс тео
-
риясы» бойынша адам бір нысан жөнінде біріне-
бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында
таңдау өте алмай, күйзеліс эмоциясына түседі,
яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен
жағымсыз сезім пайда болады. Танымдық дис
-
сонанс кезіндегі субъективті күй адам үшін
жағымсыз күй алып келіп, бұл күйден тезірек
арылғысы келеді. Ал іс-әрекеттің нақты нәтижесі
мен көзделген ниеті өзара сәйкес келсе, адамда
жағымды сезім туады. Адамның күтілімдерінің
орындалуы, яғни ойлаған іс-әрекеті жүзеге
асқанда танымдық елестер өмірге айнала
-
ды, яғни нақты іс-әрекет нәтижесі мақсатқа
сәйкес келгенде консонаста болады. Танымдық
үйлесімсіздігінен құтылудың екі жолы бар:
1) өз ниетіңді шындыққа сәйкес өзгерту;
2) ниетке сай болатындай әрекеттің жаңа
жолдарын іздестіру.
Сонымен, когнитивтік теория адамның
сезімдік кейпін, оның әрекет, қылықтарының
негізгі себепшісі ретінде қарастырады. Сонымен
қатар, С. Шехтер (1950) ұсынған «Танымдық
– физиологиялық теория»
концепциясына сай
эмоциялы процеске адамның түрткілері мен есте
өз үлесін қосатындығын дәлелдеуге тырысқан,
қабылданатын тітіркендіргіш, соның әсерінен
болған денелік өзгерістерден туындаған эмо-
циялық күйге, адамның өткен тәжірибесі
және өзі үшін өзекті қызығушылықтар мен
қажеттіліктеріне әсер етеді. Эмоцияның таным-
дық теориясының жанама дәлелі адам уайым
-
дарына сөздік нұсқаудың әсері, сонымен қатар
туындаған жағдайға сай адам бағалауының
өзгерісі болатыны анықталған. Адамдарға «дәрі»
ретінде түрлі нұсқаулары бар физиологиялық
сұйықтық ұсынған, бірінші зерттелушілерге бұл
дәрінің «эйфория» күйін, екінші зерттелушілерге
«ашу» сезімін тудыратындығын айтты.
Соған
сай дәрілерді қабылдаған соң, біраз уақыттан соң
зерттелушілерден қандай сезімде екендіктерін
сұрағанда, нұсқау бойынша күтілген нәтижелер
алынған. Жаңашыл психологияда танымдық
диссонанс теориясы адамның түрлі әлеуметтік
жағдайдағы әрекеті мен қылықтарын түсіндіруде
қолданылады (Кустубаева А.М.2008: 236). Эмо
-
ция – негізгі әрекеттер мен қылықтарға сай
түрткі негізінің сипатында қаралады. Адам
жүріс-тұрыс детерминациясында органикалық
өзгерістерге қарағанда, танымдық факторлар
негізіне мән беріледі.
Физиолог П.В. Симонов эмоция туындауы
мен сипатын әсер етуші факторларды қысқа
символдық белгілер арқылы көрсетуге тыры
-
сты. Жалпы формада эмоцияның туындауы мы
-
нандай құрылымдық формада өтеді: Э= F – П
(Ин – Ис) , Э – эмоция, оның күші, белгісі мен
сапасы; П – өзекті қажеттіліктің күші мен сапа
-
сы; (Ин – Ис) – бұрын қамтылған жеке тәжірибе
және филогенетикалық негіздегі қажеттіліктерді
қанағаттандыру
ықтималдылығы,
Ин
–
қажеттілікті қанағаттандыруға тиісті ақпарат;
Ис – субьектінің
нақты уақыттағы ақпарат
тәсілі. П.В. Симонов ұсынған формула (оның
концепциясы танымдық деңгей деп саналып,
арнайы ақпараттық деген атаққа ие болды),
Хабаршы. Психология және социология сериясы. №4 (63). 2017
8
Эмоция механизмінің психофизиологиялық теориялары
адамда туындаған күш және сапа эмоциясы,
қалыптасқан жағдайдағы бағалау қабілеттерін
қанағаттандыру және қажеттілік күшімен
анықталады ().
П.В. Симонов (1981) анықтауы бойынша:
эмоция – индивидқа әсер субъектісінің құбылысы
мен жағдайының (қуаныш, қорқыныш, көңіл толу
және т.б.) мәнді әрекетінің жанама субъективті
уайым көрініс формасы, ол қажеттілік және
мотивтермен байланысты ерекше психикалық
процесс пен күй. Бұл түсінікте эмоция адамның
кез келген өмірлік белсенділігін алып жүретін,
қажеттіліктерді өтеуге бағытталған, адамның
ішкі психикалық іс-әрекеті мен жүріс-тұрысын
реттейтін негізгі механизм. Эмоция – адамның
толықтай іс-әрекеті, физикалық көңіл-күйі
мен танымдық процестеріне тиімді әсер етеді.
Сондықтан эмоцияны зерттеу үлкен
ғылыми
және тәжірбиелік негізге ие. П.В. Симонов
эмоцияның бірнеше түрлерін қарастырды.
Достарыңызбен бөлісу: