Борбасова Г. Н. 1, Жолдасова М. К



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата07.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#95199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
807-1-1327-1-10-20180201 (1)

Ключевые слова:
эмоция, психофизиология, мозг, исследование ЭЭГ, лимбическая система.
Кіріспе
Жалпы эмоция мәселесін көптеген жылдар 
бойы ғалымдар жан-жақты зерттеп келе жатыр. 
Эмоция – инстинкт, қажеттілік, түрткілермен 
бай ланысты психикалық процесс пен күйдің 
ерекше тобы. Эмоция – субъектінің белсенді ретт-
еуші қызметін атқаратын, өмірлік іс-әрекет жағ-
дайының ішкі және сыртқы көрінісінің мәніне сай. 
Эмоция – мида ішкі және сыртқы әлем нен түскен 
ақпараттарды бағалау іс-әрекеті бар, түйсік пен 
қабылдаудың субъективті образ фор масында 
кодталған (Рубинштейн С.Л., 1989: 181). Эмо
-
ция мәселесін отандық және шетелдік ғалымдар 
қарастырғанымен, оның психофизиологиялық 
аймағын, ми қызметін қарастыру өзекті, эмо-
цияның психофизиологиялық жағдайын, эмоция 
механизмін зерттеуде ЭЭГ зерттеулерін пайда
-
лану әлі де талдауды талап ететін, толық зерт
-
телмеген мәселе болып табылады. 
Адам әрекет ету арқылы табиғатта өзгеріс 
тудырып қана қоймайды, басқа адамдарға 
әсер етеді, өзінің, өзгелердің әрекеттері мен 
қылықтарынан туындаған әсерді сезінеді, болған 
жағдайларды уайымдайды және қоршаған ортаға 
өзінше қатынас жасайды. Адамның ортаға деген 
қатынасы сезім және эмоция аймағын құрайды. 
Адамның өз эмоциясын түсіну және реттей алуы 
оның танымдық іс-әрекетінің бөлінбес шарты 
(Додонов Б.И., 1978: 78).
Эмоцияның психофизиологиясы эмоциялық 
жағдайдың нейрогуморалды туу механизмін 
зерттейді. Эмоциялы жүріс-тұрыста ішкі секре
-
ция бездерінен бөлінген гармон маңызды рөл 
атқарады. 
Эмоциялар субъектілік уайымдарда мо
-
тив және қажеттіліктермен тура сипаттаушы 
формада байланысып, индивид құбылысы мен 
жағдайына мәнді әсерінің ерекше психикалық 
процесс және күй тобы болып табылады (Мэт
-
тьюс Дж., т.б., 2012: 35). Эмоция ішкі психикалық 
іс-әрекет 
және 
жүріс-тұрыстың 
негізгі 
механизмі қажеттілігін өтеуге бағыттаған, адам 
өмір белсенділігінің кез келген көрінісін алып 
жүру. Эмоциялық құбылыстың ұзақтық крите
-
гориясына байланысты, біріншіден – эмоция
-
лы фон, екіншіден – эмоциялық жауап қайтару 
деп топтарға бөлінеді. Көрсетілген екі топта 
эмоциялық құбылыстың түрлі заңдылықтарына 
бағынады. Эмоциялық күй көп жағдайда 
адамның қоршаған ортаға, өзіне, өзінің тұлғалық 
сипаттамасына деген жаһандық қатынасты 
білдіреді.
Эмоцияның неғұрлым тіршілік сипаттамасы 
оның белгісі мен интенсивтілігіне байланысты. 
Жағымды және жағымсыз эмоциялар арнайы 
жылдамдықпен сипатталады. Эмоцияның тууы 
мен өтуі ми жүйесінің өзгертуші іс-әрекеті мен 
байланысты шешуші рөлді лимбикалық жүйе 
атқарады (Швырков В.Б., т.б., 1973: 325).


Хабаршы. Психология және социология сериясы. №4 (63). 2017
6
Эмоция механизмінің психофизиологиялық теориялары
Лимбикалық жүйе – ми құрылысының терең 
филогенетикалық қызметтік жүйесімен, ағзаның 
жүріс-тұрыстық реакциясы және вегетативті-
вицералдық реттеу қызмет аймағымен байланы
-
сты. Оған таламус бөлігінің алдыңғы өзегі, соны
-
мен қатар алдыңғы мидың соңғы бөлігі жатады. 
Нейрондар жүйке жүйесінің белсенділігіне әсер 
етуші (жүрек қағысы, тыныс алу т.б.) аралық 
мидың арнайы аймақтарына бағытталған, 
күшті эмоциялық өтуіндегі физиологиялық 
өзгерістерді осы аймақ бақылайды. 
Барлық ағзадан түскен жүйке сигналдары, 
ми қыртысындағы жолдармен бағыттала, гип
-
покамп немесе алдыңғы ми бөлігіне бір немесе 
бірнеше лимбикалық құрылым арқылы өтеді. Ми 
қабығынан шыққан сигналдар да осы құрылым 
арқылы өтеді.
Лимбикалық жүйенің әр бөлігі эмоция қалып-
тасуына әрқалай жауапты. Оның туындауы мин-
далды жиынтық торлы түзілістің формация белсен-
ділігіне тәуелді (Рейман Е.М. т.б., 1989: 116).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет