Бос катушканы қайта пайдаға асыру арқылы сыйлық жасау. Брелок-фотопленка
Жобаның түйіндемесі:
Инвестициялық жобаның мақсаты: қажетсіз бос катушканы қайта пайдаға асыру арқылы брелок жасау.
Өнімділігі: күніне 12 брелок
Өнімі: брелок
Жобаның жалпы құны:
Жобаның өтемділігі:
Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы қажетсіз катушка көмегімен ерекше, әрі қайталанбас сыйлық түрін жасап шығаруды қарастырады. Қазіргі кезде кез-келген адам жақынына қандай сыйлық сыйларын білмей қиналады. 90 пайыз адамның көңілінен шығатын сыйлық ол-естелік. Осылайша, біз бұл мәселенің шешімін тауып, көпшілікке ерекше брелокты ұсынбақшымыз.
Өнімнің сипаттамасы
Брелок-фотопленка нарыққа 2020 жылдан бастап кірген болатын. Өндіріс технологиясы Филиппиннен алынған. Қазіргі кезде Ресей мемлекетінде де дамып келе жатыр. Сұраныстың көп болуы оның жоғары сапалы сипаттамаларының болуымен қамтамасыз етіледі. Жұмыс барысындағы ең басты заттарымыз: түссіз парақ, катушка және принтер.
Катушка- қаншама уақыт бойы көпшілікке қоқыс болып көрінген. Біздің мақсатымыз осындай қажетсіз заттан ерекше заттар шығару. Егер біз бұл пластмасса катушканы жерге тастайтын болсақ, ол жер қабатын жауып, топырақ эрозияға ұшырайтын еді. Сонымен қатар ретро стильдегі бұл катушка бұрын қолданылған, алайда ол уақыт өте келе ұмытылып кеткен болатын. Ал біз ескіні жаңғырту арқылы адамдарды қуанта аламыз.
Түссіз парақ: біздің қарсыластарымыздан ерекшелігіміз біз жұмыс барысында түссіз парақтарды қолданамыз. Сәкесінше ол а4 параққа қарағанда екі есе әдемі көрінеді. Сол себепті дәл осылай жасалған брелокқа сұраныс көп.
Маркетинг жоспары және нарықты талдау
Қазіргі кезде адамдардар кез-келген сыйлыққа қызыға бермейді. Бірақ 92% адамға өз өмірінен алынған естеліктердің ұнайтыны анық. Біз қазіргі кезде 90% адамның бұрын соңды болмаған жаңа дүниені қалайтынын анықтадық.
Біз өз тәжірибеміз бойынша бриф арқылы сауалнама алған болатынбыз. Сауалнама қорытындысы бойынша дәл біз ұсынып отырған брелок-фотопленкаға қызығып отырған жандар өте көп.
Технологиялық үрдіс
Бос катушканы пайдаға асыру арқылы сыйлық жасау үшін бізге: катушка, түссіз парақ (пленка), қайшы, скотч, шеге, брелок, қолғап және принтер қажет.
№
Ең алдымен біз клиенттен 8-10 фото жіберуін сұраймыз. Дизайнерге дизайнын жасатқаннан кейін, көшірме орталығына барып, фотоларды шығартып аламыз. Одан кейін қолымызға арнайы қолғап кию арқылы кесіп, катушкаға скотч көмегімен жабыстырамыз. Катушканың жоғарғы бөлігін қызып тұрған шегемен тесіп, брелокты орнатамыз. Дайын болған брелокты қалауымыз бойынша әрлеп, арнайы қорапшаға саламыз.