Жауап эталоны
- Болжамды диагноз-постаборталық эндометрит.
- ЖҚА ЖЗА
- Кіші жамбас ағзаларының УДЗ
- Гинекологиялық бөлімшеге стационарлық емделуге жіберу;
№27Ситуациялық есеп
Жедел жәрдем фельдшері 25 жастағы бала емізетін ананы қарауда. Ол оң жақ сүт безінің ауыруына, қалтырауына, бас ауруына, қызуының 39 С-қа дейін көтерілуіне шағымданған.
3 апта бұрын сүт безінде ауырсыну пайда болды, без көлемі ұлғайды, қызуы 39 С дейін көтерілді, бас ауруы пайда болды, әлсіздік сезімі, тәбеті жоғалды, емізу ауырсынулы болды. Ол арақ компресстерімен емделді. Тексеру кезінде: ауру безде мөлшері 6х8 см тығыз түзілім айқын пальпацияланды, оның үстіндегі тері көкшіл-қызғылт түсті, түзілім қатты ауырады, ортасында диаметрі 2 см жұмсару бар.Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды.
Тапсырма
-Болжамды диагнозды тұжырымдап, негіздеңіз.
- қандай тексерулер қажет
Достарыңызбен бөлісу: |