Ерте гестоздар: жүкті әйелдердің құсуы, дәрежелері, белгілері, фельдшердің тактикасы
Ерте гестоздар жүктіліктің түңғыш айларында пайда
Жүкті әйелдің қүсуы. Ерте гестоздар арасында ең жиі кездесетін науқас, әдетте әйелдердің 80-85 пайызы жүктіліктің алғашқы айларында таңертең жүректері айнып, анда-санда күсады, бірақ жалпы күй-жағдайлары өзгермейді, бұл құбылыс гестозға жатпайды, тек жүктіліктің бір белгісі болып есептеледі. Ал гестоз кезінде әйел таңертең ғана емес, тәулігіне бірнеше рет жүрегі айнып, лоқсып, қүсып, тәбеті төмендеп, жалпы күй-жағдайы нашарлайды. Науқастың даму дәрежесіне қарай оның үш түрін ажыратады: жеңіл, орташа, ауыр түрі.
Жеңіл түрінде құсық күніне 3-4 рет ғана болады, көбіне тамақ ішкеннен кейін, тамақ ішу қабілеті сақталады, кейде ашы-түшы тағамдарды сүйсініп жейді, жалпы жағдайы өзгермейді. Жеңіл түрінде жүйке жүйесі тек функционалдық өзгерістерге үшырайды.
Орташа түрінде әйелдің құсуы жиілене бастайды, тәулігіне 10-нан да астам болады, жүрегі айнып, тамақ ішуі нашарлайды, ал ішсе жедел құсып тастайды, әлсіреп жүдей бастайды. Сонымен бірге, жүйке жүйесінде вегстативтік бүзылыстар байкалады. Зат алмасуында. көміртегінің алмасуында озгеріс болып, кетолцидоз пайла болады. Дене қызуы көтеріледі, жүрек пен тамыр соғуы жиілейді, тілі күргайды, тәуліктік зәр мөлшері төмендейді. Қан қүрамында гемоглобин, қызыл түйіршіктер азаяды. Уақытында емделмесе, келесі ен ауыр түріне көшелі.
Күсықтың ауыр түрін тоқтаусыз күсық деп атайды. Бүл науқастың ең ауыр түрі - негізгі жүйелер мен мүшелердің қызметі бүзылады, қүсықтың саны 20-дан да асады, жүрегі айниды, бүган сілекей ағу қосылады. Ішкен тағаммен бірге сүйық затты да күсып тастайды, организм сусызданып, әлсізденіп, жүдейді. Кейде салмағы 8-10 кгга дейін кемиді. Организмде зат алмасуының ақырына дейін тотықпаған қалдықтары көбейіп, қаннын мочевинасы, қалдық азот және креатининнің мөлшері молаяды, зәрде ацетон пайда болады, дене кызуы көтеріледі, тамыр соғуы жиілейді ( 100-120 -га дейін жетеді). Тыныс алғанда аузынан ацетонның иісі келіп түрады. Бүйрек, бауырда дистрофиялық өзгерістер пайда болады, кейде әйелдің терісі сарғайып кетеді. Сонымен, организм қатты уланып, әйел есінен танып - кома болуы мүмкін. Ауруды анықтау жолдары жоғарыдағы белгілерге байланысты.
Емдеу жолдары. Құсу науқасының орташа, ауыр түрлерімен ауырған әйелдер, тек емханада емделулері қажет. Ем жан-жақты, болуы керек.
1. Жүйке жүйесінің жүмысын қалыпқа келтіру: ол үшін бром, кофеин дәрілерін, электроанальгезия, электро- сон, психотерапияны пайдаланады.
2. Құсықты басу үшін аминазин, спленин, дроперидол
дәрілерін қолданады.
3. Организмнің улануына қарсы қажетті мөлшерде сүйық заттар құйылады. Науқастың ауыр кезінде, тәулігіне 2500- 3000 мл дейін сүйықтықты тамшылатып венаға қүяды; гемодез, полиглюкин, реополиглюкин, глюкоза, аскорбин кышқылы, В тобындағы витаминдер, желатиноль, белок препараттары, кейде гемоглобин азайғанда қан күяды. Физиотерапиялық әдістерді де қолданады: кальций, броммен мойынға электрофорез, эндоназалдық гальванизация. Әйелге әр түрлі құрамды, жеңіл, витаминдері көп тағамды шамалы мөлшермен беру қажет (жылы түрде). Егер ем нәтижесіз болып, құсық тоқталмаса, дене қызуы төмендемесе, тамыр соғуы сиректемесе, қан мен зәрдің құрамы нашарласа (ацетон пайда болса) жүктілікті бір жүма ішінде үзу қажет.
Сілекей ағу. Бұл науқас жеке немесе құсумен бірге кездеседі. Кейбір әйелден тәулігіне бір литрден де көп сілекей ағады. Аузы, ерні кеберсіп тілінеді, тәбеті төмендейді, әйел қатты жүдейді. Емі - қүсу науқасында қолданатын комплексті емдерді кенінен қолданады.
Жүкті әйелдің дерматоздары - жүктілік кезінде кездесетін тері аурулары. Әйел денесінің әр жері, әсіресе сыртқы жыныс мүшелері, қолы, аяғы, кеудесінің терілері қышып, қасынғаннан қотырлар, кейде денеде эритема, немесе бөртулер пайла болады. Дене қышуы әйелдің мазасын алады, үйкысын бүзады. Бүл белгілерден әйел тек босанғаннан кейін ғана айығады.
Емі, Кофеин, бром, пипольфен, димедрол, десенсибилизациялайтын дәрілерді, витамин, ультракүлгін сәулелері қолданады.
Жүкті өйелдің сары ауруы. Бұл науқасты басқа аурулардан (инфекциялық гепатит, өт аурулары, мерез, безгек т.б.) айырып, анықтап алу қажет. Негізгі белгісі - қүсу, дененің қышуы. Кейде бұл ауру жүктілік құсуымен, кеш гестоздармен бірлесіп кездеседі. Сондықтан жүкті әйелдің сарғаюы өте қауіпті белгі, бұл жағдайда әйелді бірден емханаға жатқызып, клиникалык тексерулерден өткізіп, емін терапевпен бірлесіп жүргізеді.
Бауырдың сарғайып солуы. Бұл науқас көбіне құсудың асқынған түрлерімен бірге кездеседі. Бауыр клеткаларында алмасу процестерінің бүзылуына байланысты бауыр кішірейіп, сола бастайды. Жүкті әйел сарғайып, тез уақытта күй-жағдайы нашарлап, жүйкесі тозып, бауыр комасынан қайтыс болуы ықтимал. Сондықтан тез арада жүктілікті үзу керек.
Остеомаляция - сүйектің жүмсаруы. Бұл науқас фосфор - кальций алмасуының бүзылуы зардабынан пайда болады, сүйектерде кальций, фосфор азайып, сүйек жұмсарады. Сүйектер түлғасын өзгертіп, көк еттен ариды. Әйелдің жүрісі өзгеріп, ақсаңдап, жүріс-түрысы қиындайды. Бүл ауру сирек кездеседі. Қазіргі кезде оның жеңіл түрі - остеопатия жиі кездеседі. Жүкті әйелдер сүйектің, әсіресе жамбас сүйектерінің сырқырап ауырғанын сезінеді. Көптеген оқымыстылар остеомаляцияны әйел организмінде витаминдердің жетіспеушілігіне байланысты деп есептейді. Емі. Витамин құрамдарын қолданады: Е-ны витаминін (15-20 тамшыдан күніне 3 рет), балық майын ( бір қасықтан күніне 3 рет). УФО және де фосфор-кальцийі бар дәрілер мен тағамдарды жиі қолдану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |