Тұрғындарға төмен деңгейде медико-санитарлық көмек көрсету;
Емдік-сауықтыру мекемелерінің төмен деңгейде құралдармен жабдықталуы.
Патологиялардың ішіндегі аналар өліміндегі үлесі де зор, перинатальді асқынулар ішінде де маңызды орын алады. Жүктілік, босану жəне босанғаннан кейінгі кезеңдердегі аса ауыр əрі жиі кездесетін асқынуларды акушерлік қан кетулер деп атайды. Жоғалған қан мөлшерінің маңыздылығы қандағы гемоглобиннің бастапқы мөлшеріне байланысты. Қазақстан республикасында акушерлік қан кетулер əрбір 20-шы жүктілік пен босанудың ағымын ауырлата түседі. Қазақстанда осы асқынудың жиілігі соңғы жылдарда тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Күнделікті жұмыста 1000-1200мл көлемдегі қан ж о ғ а л т у ау қ ы м д ы б о л ы п с а н а л а д ы . Қ а з а қ с т а н Республикасында 2010 ж. акушерлік қан кету ана өлімінің – 11,9% , 2011 ж. – 26,9%, Ана өлімі зерттеуі бойынша 2013 жылы – 52 адам санын құраса, ал 2013 жылы – 49 адам санын құрады. Ана өлімінің жарты сына жуығы босанғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде орын алады.