Социология как наука



Дата28.06.2022
өлшемі342,57 Kb.
#147171
түріҚұрамы
Байланысты:
14 лекция каз Общ. социология

Халық саны және урбанизация

оқытушы: Сапарова Назым Билимовна


14 дәріс

Демография - Халық санын, өсімін, құрамын зерттейтін ғылым.

  • Демография - Халық санын, өсімін, құрамын зерттейтін ғылым.
  • Демографтар – халық жайлы зерттеушілер

Демографтар негізгі 3 мәселеге көңіл бөледі

  • Туу
  • Өлім
  • Миграция

Өлім көрсеткіші - Белгілі бір уақыт аралығында әрбір 1000 адамға шаққандағы өлім саны

  • Өлім көрсеткіші - Белгілі бір уақыт аралығында әрбір 1000 адамға шаққандағы өлім саны
  • Туу көрсеткіші - Белгілі бір уақыт аралығында әрбір 1000 адамға шаққандағы туу саны
  • Туу коэффициенті – белгілі бір уақыт аралығында әрбір 1000 әйелге шаққандағы туу саны

Халық саны

  • Дүние жүзіндегі халық саны – 7 миллиард шамасында – (2011 жыл Population Reference Bureau)
  • Дамыған аймақтарға қарағанда, артта қалған аймақтарда халық саны тезірек өсті.Әлемдегі халық саны кедей елдер есебінен еселенді.

  • Бұл көрсеткіш 1950 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе көп
  • 2050 жылды әлемдегі халық санының өсу қарқыны – 2,6 миллиард адамға артады

Демографиялық ауысу

  • Халықтың туу және өлім көрсеткіштерінің жоғарыдан төменге қарай ауысу процесі
  • Мысалы:
  • Батыста индустриалды қоғамға дейін туу және өлім көрсеткіші жоғары болатын. Өмір сүру жағдайы жақсарған сайын өлім азайды, халық саны өсті. Алайда туу да азайды. Осылайша, халық саны тұрақталды. Бұл процесс демографиялық ауысу деп аталады.

Халық саны пирамидасы - Гана

Халық саны пирамидасы - Италия

Нөлдік халық өсімі

  • Егер халық саны сақталуы қажет болса, онда ерлі зайыптылардың орнын басатын екі бала және қайғылы, оқыс оқиғалардың орнын толтыру үшін бірнешщеуін артық туу есепке алынады. Мұндай туу коэффициенті нөлдік халық өсімі деп аталады.
  • Егер туу коэффициенті одан төмен болса, келесі ұрпақ қазіргіден аз болады.

Экологиялық апаттың халық санына әсері бар ма?

Туу коэффициентін түсіруге бағытталған бағдарламалар

  • Отбасын жоспарлау
  • Экономика мен білім беруді дамыту (әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру сапасын артқан сайын туу көрсеткіші төмендеп, ел экономикасы алға басады. Мысалы Оңт.Корея – 1960 жылы 6,0 туу коэффициенті болса, 2011 жылы 1,2 коэффициентке түсті.)
  • Әйелдің мәртебесін көтеру

Халық санының өсуінің себептері

  • Әрбір 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім көрсеткіші соңғы кезде едәуір азайған.
  • Нәрестелердің шетінеп кетуі сиреді.
  • Ересектердің өмір жасы ұзарды.
  • Әрбір 1000 әйелге шаққандағы фертильділік (бала тууға қабілеттілік) көрсеткіші өзгеріссіз қалды.
  • Туу көрсеткіші өлімнен жоғарылап жыл сайын әлемде адам саны көбейді.

Адам санының көбеюі неге алып келеді:

  • Миллиондаған халық кедейленеді
  • Адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз ету қиынға соғады
  • Адамдарға білім беру қиынға соғады
  • Қоршаған орта ластанады
  • Табиғи ресурстар сарқыла түседі.
  • Миграция пайда болады.

Миграция

  • Адамдар бір географиялық орыннан екіншісіне ауысуы
  • 2 түрі бар:

  • Ішкі миграция – тұрғындардың жайлы қоныс табу мақсатындағы ел ішіндегі көші
  • Сыртқы миграция – иммиграция – мекен жайын мемлекеттер арасында ауыстыруы

Мигрант

  • Мигрант
  • Эмигрант
  • Иммигрант

Көшіп-қонушы (мигрант) - өз елінен кететін, өзінің тұрақты тұратын жерінен кететін және жаңа тұратын жеріне көшетін адам (шекараны кез келген бағытта кесіп өтетін адамдар)

  • Көшіп-қонушы (мигрант) - өз елінен кететін, өзінің тұрақты тұратын жерінен кететін және жаңа тұратын жеріне көшетін адам (шекараны кез келген бағытта кесіп өтетін адамдар)
  • Біріккен Ұлттар Ұйымы мигрантты"көші-қон себептеріне (ерікті немесе ерікті емес) және көші-қон әдістеріне (заңды немесе заңсыз) қарамастан, бір жылдан астам уақыт шет елде тұратын адам" деп анықтайды

    Эмигрант - елден кететін адамдар (эмиграция – көшіп кету)

    Көшіп келуші (иммигрант) - елге тұрақты тұру үшін келетін адамдар (иммиграция - көшіп келу)


Иммиграция
Эмиграция
Ішкі миграция
Сыртқы миграция

Себеп салдары:

  • Мигранттың өз еркімен көшіп келуі:
  • Жұмысқа тұру, білім алу/оқу, отбасылық жағдайларға байланысты

  • Мәжбүрлі көші-қон:
  • саяси қудалау, қарулы қақтығыстар, табиғи апаттарға байланысты

Урбанизация

  • Халықтың шағын қалалар мен ауылдардан үлкен қалаларға ағылуы
  • 1850 жылы д/ж халықтың 2% - 100 000 аса халқы бар қалаларда өмір сүрді
  • Ал қазіргі уақытта д/ж халқының жартысынан көбі қалалар мен астаналық аудандарда өмір сүреді.

Рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет