Босанғаннан кейінгі кезеңде іріңді – септикалық процестің дамуына қолайлы жағдайлар:
Босану кезінде сызаттардың, тілімдердің, пайда болуы мүмкін, босану каналдарының жұмсақ тіндерінің жыртылулары, яғни микробтардың енуіне себепкер болады;
босану кезінде болатын асқынулар: сусыз кезеңнің ұзаққа созылуы, босану әрекетінің ұзаққа созылуы, оперативті босандырулармен асқынған босанулар, босану кезіндегі қан ағулар, жатыр қуысына қолмен зерттеу;
босанғаннан кейінгі кезеңде иммунологиялық реактивтілігінің төмендеуі;