Босануды жүргізу. Партограмма.
1-тапсырма:
11.05 перзентханаға алғашқы жүктілікпен 23ж.босанушы толғағына шағымданып түсті. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, пульс 80мин., АҚ 120/80 мм. С.б., ұрықтың жатуы көлденеңінен, басымен жатыр,кіші жамбас қуысының кіреберісне жақындаған, ұрықтың жүрек соғысы ашық ритмді мин 140 соғысы. 10 минутта 3 толғақ, ұзақтығы 35 сек. PV: жатыр мойны жазыңқы, 2см ашылған, қағанақ суы бүтін, басымен жатуы, кіші жамбас кіреберісіне жақындаған.
Алынған мәліметтерді партограммада көрсету.
2-тапсырма:
01.25 перзентханаға алғашқы жүктілікпен 26ж. босанушы толғағына шағымданып түсті. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық,пульс 78мин., АҚ 110/70 мм. С.б., ұрықтың жатуы көлденеңінен, басымен жатыр,кіші жамбас қуысының кіреберісне жақындаған, ұрықтың жүрек соғысы ашық ритмді мин 140 соғысы. 10 минутта 3 толғақ, ұзақтығы 40 сек. PV: жатыр мойны жазыңқы, 4см ашылған, қағанақ суы бүтін, басымен жатуы, кіші жамбас кіреберісіне жақындаған.
Алынған мәліметтерді партограммада көрсету
3-тапсырма:
12.35-те перзентханаға алғашқы жүктілікпен25ж. босанушы толғағына шағымданып түсті. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық,пульс 78мин., АҚ 110/70 мм. С.б., ұрықтың жатуы көлденеңінен, басымен жатыр , кіші жамбас қуысының кіреберісне жақындаған, ұрықтың журек соғысы ашық ритмді мин 140 соғысы. 10 минутта 3 толғақ, ұзақтығы 45 сек. PV: жатыр мойны жазыңқы, 6см ашылған, ұрық көпіршігі бүтін, басымен жатуы, кіші жамбас кіреберісіне жақындаған. Мөлдір қағанақ суы тамшылайды.
Алынған мәліметтерді партограммада көрсету
1. Партограмма бойынша босану әрекетін әрбір 10 мин сайын бағалайды:
1.иә
2.жоқ
2. Партограммада әрекет ( действия ) сызығы жітілік сызығынан 5 сағ кейін орналасқан:
1.иә
2.жоқ
3. Партограммаға сәйкес латентті фазада жатыр мойнының ашылуының ең минимальды жылдамдығы 1 см құрайды:
1. иә
2.жоқ
4. Босанудың бірінші кезеңінде босанушыға ас ішуге тиым салынады:
1.иә
2.жоқ
5. Жатыр мойнының 3 см ашылуы босанудың бірінші кезеңінің активті фазасының басталғандығын білдіреді:
1.иә
2.жоқ
6 .Партограммада бастың орналасуын «О» белгісімен белгілейді:
1.иә
2.жоқ
7. Миконияның ұрық суына араласуы, ұрықтың гипоксиясын білдіреді:
1.иә
2.жоқ
8. Босанудың екінші кезеңінде акушерка толғақты қадағалау қажет:
1.иә
2.жоқ
9. Жолдастың активті шығуы кезеңінде 10 ЕД окситоцинді бірден босанғаннан соң бұлшықетке енгізу дұрыс:
1.иә
2.жоқ
10. Жолдасты активті шығару кезеңінде акушерка кіндікті тартып ұстау қажет:
1.иә
2.жоқ
Қорытынды білім тесттері
1.Партограммада жатыр мойнының ашылуын қандай белгімен белгілейді:
А) «О»
Б) «Х»
В) «М»
Г) «А»
Д) «I»
2.Партограмманың қай көрсеткіші ұрықтың гипоксиясын диагностикалайды:
А) жатыр монының ашылуының динамикасы
Б) толғақтар сипаттамасы
В) ұрық айналасындағы сұйықтықтың түсі
Г) ұрықтың басының конфигурациясы
Д) ұрық басының жылжуы
3.Партограммада қай штрихтар әлсіз толғақты білдіреді:
А) нүктелер
Б) қиғаш сызықтар
В) толық боялу
Г) көлденең сызықтар
Д) тігінен сызықтар
4. Босанушы К., 23 жаста, толғақ басталғаннан кейін 6 сағ кейін босану бөліміне жеткізілді. Толғақтар 45 сек 3-4 мин аралығында. PV: жатыр мойны жазылған, ашылуы 4 см, ұрық қапшығы бүтін, басының жатуы дұрыс, кіші жамбастың кіреберісінде орналасқан. 4 сағ кейін қайта қаралды P.V.: жатыр мойны ашылуы 6 см. Жатыр мойны ашылуының жылдамдығын анықтаңыз:
А) монотонды
Б) жылдам
В) жәй
Г) жеткіліксіз
Д) жеткілікті
5. Жатыр мойнының ашылуын көресететін сызық жітілік сызығының сол жағында орналасқан. Бұл көрсеткіш:
А) босану темпі жеткіліксіз
Б) босану темпі жеткілікті
В) бала басымен ана жамбасының көлемдері сәйкес келмейді
Г) босанудың бірінші кезеңінің активті фазасы басталды
Д) босанудың екінші кезеңі басталды
6.Кіші жамбас қуысына сәйкес бастың орналасуын анықтаңыз:
А) кші жамбас жазықтығына кіреберісінде бекінген
Б) кіші жамбас кіреберісінде кіші сегментпен
В) кіші жамбас кіреберісінде үлкен сегментпен
Г) кіші жамбастың кеңейген жерінде
Д) кіші жамбастың тарылған жерінде
7. Қынаптық зерттеу кезінде сегізкөз ойысының тегіс баспен бекінгені анықталды, шонданай жиектері анықталмайды. Ұрық басының қай жерде орналасқанын көрсетіңіз:
А) басы жамбас түбінде
Б) басы кіші жамбас кіреберісінде
В) кіші жамбас кіреберісіне жанасқан
Г) басы кіші жамбастың тарылған жерінде
Д) басы кіші жамбастың кеңейген жерінде
8. Босанудың екінші кезеңінде ұрықтың жүрек соғысы тыңдалады:
А) әр толғақ сайын
Б) әр 5 мин сайын
В) әр 10 мин сайын
Г) әр 15 мин сайын
Д) әр 30 мин сайын
9. Жолдастан бөлініп ұалған бөлікті суретте қандай әдіспен шығаруда:
А) Абуладзе әдісі
Б) Гентер әдісі
В) Шредер әдісі
Г) Креде-Лазаревич әдісі
Д) Кюстнер –Чукалов әдісі
10. Бала жолдасын активті шығару кезеңінде акушер міндетті:
А) 10 ЕД окситоцинді к/т, кіндікті тартып ұстау қажет, жатырдың айналуына кедергі жасау
Б) жатырға сыртқы массаж жасау, 10 ЕД окситоцинді к/т, кіндікті тартып ұстау қажет
В) жатырға сыртқы массаж жасау, 10 ЕД окситоцинді б/е, кіндікке әр 10 мин сайын тракция жүргізу
Г) жатырға сыртқы массаж жасау, кіндікті тартып ұстау қажет, жатырдың айналуына кедергі жасау
Д) 10 ЕД окситоцинді б/е, кіндікті тартып ұстау қажет, жатырдың айналуына кедергі жасау
. Босануды ауырсыздандыру. Акушерлік көмек көрсету. Босануды ауырсыздандыру әдістері. Ауырсыздандыру заттарының нәрестеге әсері. Қауіпсіз босанулар. Қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын-алу
Бастапқы білім деңгейінің тесті
1.Барлық босанушы әйелдер медикаментозды жансыздандыруды қажет етеді ме:
1.Иә
2.Жоқ
2. Босану кезінде психологиялық көмекті арнайы оқытылған дәрігер көрсете ала ма
1.Иә
2.Жоқ
3. Босанудың бірінші кезеңінде ауру сезімінің себебі болады жатыр бұлшықеттерінің жиырылуынан,жатыр мойнының ашылуымен сипатталады:
1.Иә
2.Жоқ
4. Босану кезінде массаж жасау,тыныс алу босану ауру сезімін баса ала ма:
1.Иә
2.Жоқ
5. Эпидуральды анестезияның ең жиі кездесетін асқынуы артериальды гипертензия болып табылады:
1.Иә
2.Жоқ
6. «Ана қауіпсіздігі» бағдарламасы бойынша нәрестені емшекпен емізуді 3 сағаттан кейін жүргізеді:
1.Иә
2.Жоқ
7. «Ана қауіпсіздігі» бағдарламасы бойынша босану кезінде аралықты қорғау арнайы жүргізіледі ме:
1.Иә
2.Жоқ
8. Партограммада босанудың I кезеңі көрсетіледі ме:
1.Иә
2.Жоқ
9. Босанудың үшінші кезеңін активті жүргізу үшін көктамырға окситоцин енгізу жүргізіледі:
1.Иә
2.Жоқ
10. Бала жолдасын бөлу кезеңінде кіндіктен тартып бақылау активті жүргізіледі:
1.Иә
2.Жоқ
Қорытынды білім деңгейінің сұрақтары
1. «Ана қауіпсіздігі бойынша босану» Халықаралық бағдарламасы Қазақстан Республикасына қай жылы енгізіле бастады:
А) 1990
Б) 1998
В) 2000
Г) 2003
Д) 2008
2. Эпизио -және перинеоррафияда қандай жансыздандыру әдістері қолданылады:
А) жергілікті инфильтрациялық анестезия
Б) спинальды анестезия
В) перидуральды анестезия
Г) ине шаншу
Д) жалпы наркоз
3. Аралық жыртылуының III дәрежесінде қандай жансыздандыру қолданаылады:
А) жергілікті инфильтрациялық анестезия
Б) спинальды анестезия
В) перидуральды анестезия
Г) ине шаншу
Д) жалпы наркоз
4. Жұпты босануға кім қатыса алады:
А) босанушы әйелдің тек ғана анасы
Б) босанушы әйелдің тек ғана әпкесі
В) босанушы әйелдің тек ғана жолдасы
Г) тек ғана стационардың акушеркасы
Д) босанушы әйелдің кез келген жақын адамы
5. «Ана қауіпсіздігі бойынша босану» бағдарламасының элементін көрсетіңіз:
А) жүктілік пен босану кезінде медикаментозды заттарды қолдануды шектеу
Б) босану кезінде жақын туысқандарының белсенді қатысуы
В) босану кезінде мәжбүрлі позада болу (арқасына жату)
Г) босану ағымында дәрігердің араласуын шектейді
Д) босанудың II кезеңін тек ғана босану залында өткізу
6. Бала жолдасын бөлу кезеңін активті жүргізу үшін келесі әдәістер қолданылады:
А) 2,0 мл метилэргометринді бұлшықетке енгізу, ерте кіндікті қысу және кесу, кіндікті бақылау тракциясы
Б)10 бірлік окситоцинді бұлшықетке енгізу, бала жолдасы түсуінің үш әдісін күту
В) 10 бірлік окситоцинді бұлшықетке енгізу, ерте кіндікті қысу және кесу, кіндікті бақылау тракциясы
Г) 10 бірлік окситоцинді көктамырға енгізу, ерте кіндікті қысу және кесу, кіндікті бақылау тракциясы
Д) 2,0 мл метилэргометринді бұлшықетке енгізу, бала жолдасы түсуінің үш әдісін күту
7. Босанушы әйел мерзімі жеткен жүктілік ішінің ауруына шағымданады: толғағы 3-4 минут, 50 секундтан. Босанудың бірінші кезеңінде 6 сағат. Р.V.: жатыр мойны жайылған,ашылуы 4 см. Жансыздандырудың қолайлы әдісін таңдаңыз:
А) жыныс нервін блокадалау
Б) жұлынмилық жансыздандыру
В) морфинді бұлшықетке енгізу
Г) эпидуральды жансыздандыру
Д) медикаментозды емес әдісті қолдану
8. Қан ағудың алдын алу шараларына кіреді:
А) Бала жолдасын бөлу кезеңін активті жүргізу
Б) окситоцинді көктамырға енгізу
В) простагландиндер қолдану
Г) метилэргометринді бала басы шығып келе жатқанда көктамырға енгізу
Д) босанған кейінгі ерте кезеңде суық мұз басу
9.Бала жолдасының бөліну кезеңінде физиологиялық қан шығыны босанған әйел дене салмағын құрайды (%)
А) 0,1%
Б) 0,3%
В) 0,5%
Г) 0,8%
Д) 1%
10.Эпидуральды анестезиядан кейін жүкті әйелде болатын жағдайлар:
А) гипертензия, анафилактикалық шок, венозды қайтарымның төмендеуі
Б ) анафилактикалық шок, венозды қайтарымның төмендеуі,венелардың қанға толуы
В) венозды қайтарымның төмендеуі, веналардың қанға толуының артуы, дерматит
Г) анемия, анафилактикалық шок, веналардың қанға толуының артуы
Д) жүрек лақтырысынң күшеюі, анафилактикалық шок, венозды қайтарымның төмендеуі
Достарыңызбен бөлісу: |