Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі


-ге бөлгенде 1 қалдық қалатын, ал 8-ге бөлгенде 2 қалдық қалатын ең кіші натурал санды табыңыз. А) 33. В) 22. С) 64. D)15. Е) 50. 22



бет41/84
Дата14.12.2022
өлшемі4,6 Mb.
#162738
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84
Байланысты:
Математикалық сауаттылыққа тест тапсырмалары

21. 7-ге бөлгенде 1 қалдық қалатын, ал 8-ге бөлгенде 2 қалдық қалатын ең кіші натурал санды табыңыз.
А) 33. В) 22. С) 64. D)15. Е) 50.
22. Төрт қауынды екі-екіден өлшегенде массалары 11 кг, 9 кг, 13 кг, 14 кг, 18 кг және 16 кг болды. Барлық қауындардың массасын тап.
А) 28 кг. В) 27 кг. С) 18 кг D) 22 кг. Е) 26 кг.
23. Қорапта қызыл, ақ және көк шарлар бар. Көк шарлар саны ақ шарлар санынан кем емес және қызыл шарлардың ішінен артық емес. Ақ және көк шарлардың жалпы саны 55-тен кем емес. Қызыл шарлардың ең аз болатын мүмкін санын табыңыз.
А) 64. В) 74. С) 72. D)60. Е) 84.
24. {2, 3, 4,... 110} сандар жиыны берілген. Әрбір топтағы сандардың қосындысы өзара тең болатындай жиынды ең көп дегенде неше топқа бөлуге болады?
А) 6 . В) 4. С) 5. D)3. Е) 2.
25. Дүйсенбі күні Жанар бес досымен интернет арқылы бір қызық суретпен бөлісті. Осыдан соң алған әрбір адам , келесі күні оны әлі көрмеген екі досына жолдап отырды. Аптаның қай күнінде осы суретпен таныс болған барлық адамдардың саны 100-ден асады?
А) сәрсенбі. В) бейсенбі. С) жексенбі. D) жұма. Е) сенбі.
26. Шахмат үйірмесіне 16 оқушы, ал робототехника үйірмесіне 14 оқушы қатысады. Егер үйірмелерге барлығы 27 оқушы қатысатын болса, онда екі үйірмеге де қатысатын оқушылар санын табыңыз.
А) 6. В) 4. С) 5. D)3. Е)2.
27. Егер сыныпта барлығы 35 оқушы болса және 10 оқушы ешбір үйірмеге қатыспаса, Эйлер-Венн диаграммасындағы сұрақтың жауабын табыңыз.

А) 13. В) 10. С) 15. D)14. Е) 12.
28. Зияткерлер сайысында оқушы өзіне қойылған 25 сұраққа жауап беріп, 60 ұпай жинады. Егер әрбір дұрыс жауапқа 4 ұпай, ал қате жауапқа (-1) ұпай берілсе, оқушы неше сұрақтың жауабын қате айтқанын табыңыз.
А) 9. В) 8. С) 10. D)6. Е)7.
29. Ерсұлтан математика пәнінен 30 сұрақтан тұратын емтихан тапсырды. Оған әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай қосылса, ал әр қате жауап үшін 3 ұпай шегеріп отырды. Егер ол барлық сұраққа жауап беріп, 86 ұпай жинаған болса, неше сұраққа дұрыс жауап бергенін табыңыз.
А) 24 . В) 20. С) 25. D) 28. Е) 22.
30. Қорапта 10 қара және 15 ақ шарлар жатыр. Бір түсті төрт шар шығатынына сенімді болу үшін ең көп дегенде неше шар алу жеткілікті екенін анықтаңыз.
А) 3 . В) 5. С) 4. D) 6. Е) 7.
31. Екі сағат бір уақытта қоңырау соғуды бастады да, бір уақытта қоңырау соғу болды. Бірінші сағат әр екі секундта, екінші сағат әр үш секундта қоңырау соғады. Барлығы он үш қоңырау соғылса, бастапқы мен соңғы қоңырау соғулардың арасында қанша уақыт өткенін тап.
А) 24 с . В) 15 с. С) 18 с. D) 20 с. Е)12с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет