Байланысты: Математикалық сауаттылыққа тест тапсырмалары
t (сағ)
1
2
3
S (км)
18
36
54
А) 4 км/сағ. В) 2 км/сағ. С) 3 км/сағ. D) 6 км/сағ. Е) 5 км/сағ.
23. Кітаптың бір бөлімі 135-інші беттен басталып, осы санның цифрлары кері ретпен жазылған беттен аяқталады. Бұл бөлім неше беттен тұрады?
А) 198. В) 397. С) 196. D) 197. Е) 199.
24. Кітаптың бір бөлімі 234-інші беттен басталып, осы санның цифрлары кері ретпен жазылған беттен аяқталады. Бұл бөлім неше беттен тұрады?
А) 396. В) 197. С) 397. D) 198. Е) 199.
25. Кітаптың бір бөлімі 765-інші бетпен аяқталып, осы санның цифрлары кері ретпен жазылған беттен басталады. Бұл бөлім неше беттен тұратынын табыңыз.
А) 397. В) 396. С) 197. D) 198. Е) 199.
26. Кітап беттерін нөмірлеу үшін 430 цифр пайдаланылды. Егер кітап 3-ші беттен басталса, осы кітапта барлығы неше бет екенін анықта.
А) 180. В) 183. С) 178. D) 195. Е) 202.
27. 3 құрылысшы бөгеуді 18 күнде салды. Көктемгі тасқын кезінде бөгеуді су шайып кетті. Құрылысшылар көмекке адамдар шақырып, 3 күннің ішінде бөгеуді қалпына келтірді. Көмекке қанша адам келгенін анықтаңыз.
А) 4 адам. В) 6 адам. С) 9 адам. D) 7 адам. Е) 8 адам.
28. Ұстаға алты адам отыратын дөңгелек үстел жасау керек. Үстелде отыратын әрбір адамға орташа есеппен 80 см орын керек. деп алып, үстелдің диаметрі қанша болатынын есептеңіз.
А) 120 см. В) 160 см. С) 130 см. D) 150 см. Е) 140 см.
29. Марат 0,9 км қашықгықты жүгіріп өтуі үшін дөңгелек тәрізді спорт алаңын жиегімен 10 рет айналу керек. Спорт алаңының диаметрін табыңыз. ( )
А) 40 м. В) 30 м. С) 38 м. D) 42 м. Е) 36 м.
30. Арман 3,6 км қашықтықты өту үшін дөңгелек тәрізді спорт алаңын 40 рет айналуы керек. Спорт алаңы диаметрін табыңыз. ( )
А) 40 м. В) 30 м. С) 38 м. D) 42 м. Е) 36 м.
31. Нұржанның ауданы 3 га болатын тіктөртбұрыш тәрізді бақшасы бар. Егер бақшаның ені 120 м болса, онда бақшаның ұзындығын тап.
А) 300 м. В) 25 м. С) 250 м. D) 200 м. Е) 20 м.
32. Екі егіс алқабынан 6858 ц жүгері алынды. Бірінші егіс алқабынан 2970 ц жүгері алынды. Егер 1 га-дан 54 ц өнім алынса, екінші алқаптын егіс алқабының ауданын табыңыз.
А) 55 га. В) 60 га. С) 70 га. D) 64 га. Е) 72 га.
33. Тіктөртбұрыш тәріздес телевизордың диагоналы 80 см. Теледидар экранының ұзындығының еніне қатынасы 4 : 3 болса, теледидардың ені неше сантиметр екенін табыңыз.
А) 144 см. В) 48 см С) 64 см .D) 80 см. Е) 120см.
34. Сыныптағы 10 қыздың орташа бойы 1,60 м. Бойы 1,33 м болатын қыз басқа сыныпқа ауысты, онда қалған қыздардың орташа бойы қанша болатынын табыңыз.
А) 1,45м В) 1,63м. С) 1,71м. D) 1,72м. Е)1,65м.
35. Сыныптағы 9 қыздың орташа бойы 1,63 м. Бой 1,47 м болатын қыз басқа сыныпқа ауысты, онда қыздардың орташа бойы қанша болатынын табыңыз.
А) 1,74 м. В) 1,65 м. С) 1,71 м. D) 1,72 м. Е) 1,60 м.
36.22 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында Астана қаласының ауа температурасы: -39°С; -36°С; -34°С; -35°С; -30°С болды.Осы аралықтағы ауаның орташа температурасын табыңыз.
А) -32,9°С. В) -34,8°С С) -33°С D) -34°С Е) -33,6°С.
37. Қаңтар айының бір күнінде ауаның температурасы 30°С суық болды, түсте одан 5°С жоғарылады. Кешке ауа температурасы түске қарағанда 7°С-ге төмендеді. Кешке ауа температурасы неше градус болғанын табыңыз.
А) 42°С суық. В) 18°С суық. С) 30°С суық. D) 32°С суық . Е) 28°С суық.
38. Таңертең ауа температурасы (-34°С) болды. Түсте одан 5°С-ға жоғарылап, кешке 3°С-қа төмендеді және түнде 7°С-қа төмендеді. Түнде ауа температурасы қандай болғанын табыңыз.
А) - 35°С. В) -44°С . С) - 39°С . D) -33°С . Е) -29°С .
39. Екі кран бірге жұмыс атқарған кезде биржадағы жүкті 6 сағатта түсіреді. Егер бірінші кран екіншісіне қарағанда жалғыз өзі биржадағы жүкті 5 сағатқа тез түсіретін болса, онда әрбір кранның жеке өздерінің жүкті түсіру уақытын табыңыз.
А) 8 сағ, 13 сағ. В) 11 сағ, 16 сағ. С) 9 сағ, 14 сағ. D) 10 сағ, 15 сағ. Е) 12 сағ, 17 сағ.
40. Екі машина бір пункттен тік бұрыш жасай біреуі шығыс бағытына, екіншісі оңтүстік бағытына қарай қозғалды. Екі сағаттан кейін екі машинаның арақашықтығы 60 км болды. Егер машиналардың біреуінің жылдамдығы екіншісінен 6 км/сағ артық болса, машиналардың жылдамдықтарының қосындысын табыңыз.
А) 48 км/сағ. В) 42 км/сағ . С) 40 км/сағ. D) 45 км/сағ. Е) 36 км/сағ.
41. X м қашықгыққа жүгіруде спортшы 9584 м қашықгықты жүгіріп өтті, сонан соң 3458 дм қашықтықты баяу жүгірді де, 12380 мм қашықтықты жай ғана жүріп өтіп, сонан соң шаршап, келген жерінде тоқтады. Мәреге қанша қалғанын анықтайтын дұрыс өрнекті табыңыз.
А) (X - 9960,5) м. В) (X - 9950,2) см. С) (X - 9942,18) м.
D) (X - 9578,2) м Е) (X - 9584) см.
42. 10000 м қашықтыққа жүгіруге тиісті спортшы 9584 м қашықтықты жүгіріп өтті, сонан соң 3458 дм қашықтықты баяу жүгірді де, 12380 мм қашықтықты жай ғана жүріп өтіп, сонан соң шаршап, келген жерінде тоқтады. Мәреге қанша қалғанын анықтаңыз.
А) 5782 см. В) 12,38 м. С) 57,9 см. D) 578,2 м. Е) 70,2 м. 43. Шаңғышының есебі бойынша, егер ол сағатына 10 км жүретін болса, баратын жеріне өзі межелеген уақытынан 1 сағат кейінжетеді. Ал сағатына 15 км жүретін болса, өзі межелеген уақытынан 1 сағат бұрын жетеді. Баратын жеріне дәл уақытында жету үшін ол қандай жылдамдықпен жүретінін табыңыз.
А) 12,5 км/сағ. В) 12 км/сағ. С) 10 км/сағ. D) 13 км/сағ. Е) 11км/сағ. 44. Үш жолаушы Павлодардан Астанаға пойызбен немесе автокөлікпен барғанда қаражат үнемдеу жолын ойластырды. Пойыз билетінің құны бір адамға 2265 теңге. Автокөлік 100 километр жолға 10 литр жанармай жұмсайды, ал жанармай бағасы бір литрге 112 теңге. Автокөлікпен жүрген жолдың ұзындығы 400 км. Ең аз дегенде жолға үш адамға қанша теңге төленеді?
А) 6795 тг. В) 4800 тг. С) 4485 тг. D) 4480 тг. Е) 4400 тг.
45. Бірінші бидондағы сүт екінші бидондағы сүттен 2 есе көл. Олардан сәйкесінше 30 л және 20 л сүт құйып алынды. Сонда бірінші бидондағы сүт екінші бидондағы сүттен 3 есе көп болды. Әр бидонда неше литр сүт болған?
А) 40 л, 20 л. В) 80 л, 40 л. С) 70 л, 35 л. D) 60 л, 30 л. Е) 50 л, 25 л.