Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі



бет28/81
Дата19.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#163294
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81
Байланысты:
Математикалық сауаттылыққа тест тапсырмалары

55. Егер тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінің 20% -ына тең болса, қазір сағат неше болатынын табыңыз.
A) 14 сағ B) 15 сағ C) 18 сағ D) 20 сағ Е) 21 сағ
56. Егер тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінің 17 -індей болса, қазір сағат неше болатынын табыңыз.
A) 14 сағ B) 15 сағ C) 18 сағ D) 20 сағ Е) 21 сағ
57. Саяхатшы моторлы қайықпен дүйсенбі күні сағат 12 -де өз саяхатын бастады да, 100 сағат саяхаттап қайта оралды. Ол қай күні неше сағатта қайтып келген?
A) Сенбі күні сағат 16:00 –де B) Сәрсенбі күні сағат 04:00 –де C) Бейсенбі күні тал түсте D) Жұма күні сағат 04:00 -де
Е) Жұма күні сағат 16:00 -де
58. Сержанға дәрігер дәріні 15 минут сайын ішіп тұру керек деп нұскау берді. Егер ол бірінші рет дәріні сағат 11 -ден 5 минут кеткенде ішсе, төртінші рет дәріні қай уақытта ішуі тиіс?
A) 11:40 B) 11:50 C) 11:55 D) 12:05 Е) 12:00
59.25 минутты сағатқа айналдырыңыз.
A) 712 B) 14C) 0,4 D) 512 Е) 0,36
60. Ерлан 1 - ші қабатта, ал Ержан 4 -ші қабатта тұрады. Екеуі кездеспекші болды және бірдей уақытта шығып баспалдақтарды санады. Екеуі кездескен баспалдақта Ерланның санауы бойынша 19, ал Ержанның санауы бойынша 24 болды. Сонда бірінші және төртінші қабаттың арасында неше баспалдақ бар?
A) 40 B) 42 C) 43 D) 44 Е) 45
61. Бесінші қабатқа шығу үшін 80 басқышқа көтерілу керек.Үшінші қабатқа көтерілуге неше басқышқа көтерілесіз?
A) 3 B) 32 C) 40 D) 48 Е) 50
62. Данияр лифтке кіруге үлгермей қалды да, баспалдақпен жаяу көтеріле бастады. Егер ол 3-ші қабатқа 2 мин - та көтерілсе, онда 9-шы қабатқа неше минутқа көтеріледі?
A) 10 мин B) 6 мин C) 12 мин D) 8 мин Е) 9 мин
63. Көше жиегінде қатар тұрған әрбір екеуінің арақашыктығы бірдей етіп, 17 ағаш отырғызылған. Ең шеткі ағаштардың арақышықтығы 64 метр. Әрбір қатар тұрған екі ағаш бір - бірінен неше метр қашықтықта отырғызылған?
A) 6 B) 5 C) 8 D) 7 Е) 4
64. Бақта бір-бірінен 6 м қашықтықта 15 алма ағашы қатар орналасқан. шеткі алма ағаштарының арақашықтығы неше метр?
A) 64 B) 56 C) 88 D) 85 Е) 84
65. Бір қатарда 43 бала араларын бірдей етіп сапқа тұрды. Бірінші және соңғы тұрған балалардың арасы 21 метр. Бесінші мен он үшінші тұрған баланың арасы неше метр?
A) 4 B) 5 C) 6 D) 7 Е) 9
66. Оқушылар жол бойына араларын бірдей етіп, 37 түп ағаш отырғызды. Ең шеткі екі ағаштың араса 198 м. Жол бойындағы 15 -ші ағаш 9 -шы ағаштар неше метр қашықтықта отырғызылған?
A) 44 B) 55 C) 33 D) 36 Е) 42
67. Әрбір көршілес екеуінің бір - бірінен арқашықтығы 4,2 м болатын 77 қада бар. Осы қадаларды әрбір көршілес екеуінің бір -бірінен арақашықтығы 3,8 м болатын неше жаңа қадамен алмастыруға болады?
A) 94 B) 96 C) 88 D) 85 Е) 84
68. Әрбір көршілес екі ағаштың арасы бір -бірінен 4 м қашықтықта болатындай 6 ағаш қатар орналасқан. Ең шеткі бірінші ағаштан 3 м қашықтықта екінші ағашпен аралықта құдык бар. 1 шелек сумен қатар екі ағаш суғарылады. Барлық ағашты суарып, құдыққа қайта келгенде неше метр жол жүріледі?
A) 44 B) 56 C) 63 D) 72 Е) 90
69. Бір қатарда бір - бірінен 5 м қашықтықта 16 ағаш отырғызылған. Шеткі ағаштын жанында құдық орналасқан. Әр ағашты суару үшін бір шелек су қажет. Бір ғана шелекпен барлық ағашты суаруға кететін жолды табыңыз.
A) 1200 B) 1400 C) 600 D) 1500 Е) 1300
70.Әділ 7 жылқыны 15 күн жемдеуге 21 қап кебек жұмсайды. Ол 4 айда (120 күн) 20 жылқыны жемдеуге жоспарлап жем қорын әзірлемек болды. Әділ ең кем дегенде қанша қап кебек әзірлеуі керек?
A) 480 B) 360 С) 560 D) 280 Е) 140




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет