59. Қораптағы шоколад қорабымен 325 грамм, шоколад қораптан 175 грамм ауыр. Шоколадтың салмағы қандай?
А) 255 г. В) 260 г. С) 240 г. D) 280 г. Е) 250 г
60. Саяхатшы автомобильмен сейсенбі күні сағат 9.00-де саяхатын бастады да, сенбі күні сағат 13.00-де қайта оралды. Саяхатшының жолда жүрген уақытын табыңыз.
А) 3 күн 6 сағат. В) 3 күн 4 сағат. С) 5 күн 2 сағат. D) 4 күн 4 сағат. Е) 4 күн 3 сағат.
61. Саяхатшы 20 км жолды белгілі бір уақытта жүріп өту керек еді ол 10 км жолды бастапқы жылдамдығымен жүргеннен кейін 15 минут уақыт демалды. Межелеген жерге уақытында жету үшін бастапқы жылдамдығын 2 км/сағ-қа арттырып, қалған жолды жүріп өтті. Саяхатшының демалғанға дейінгі жылдамдығын табыңыз.
А) 9 км/сағ. В) 6 км/сағ. С)8 км/сағ. D) 10 км/сағ. Е) 12 км/сағ.