Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі



бет62/89
Дата06.02.2023
өлшемі4,61 Mb.
#167569
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89
Байланысты:
Ботак з Лесбек ызы мен Мадина Тулкун ызы Сандар тізбегі

14. Жолда бір журналдың екі бетін тауып алдық. Оң жағында 41-бет, сол жағында 12-бет жазылған. Журнал неше беттен тұрады?
А)41 В)43 С)53 D) 45 Е) 52
15. Фариза кітапты ашқанда оң және сол жақ беттегі екі беттің нөмірленген сандарының қосындысы 23-тен үлкен 27-ден кіші сан екенін байқады. Ал, олардың көбейтіндісі нешеге тең?
А)132 В)169 С)182 D) 150 Е) 156
16. Бекзат кітапты ашқанда оң және сол жақ беттегі екі беттің нөмірленген сандарының қосындысы 31-ден үлкен 35-тен кіші сан екенін байқады. Ал олардың көбейтіндісі нешеге тең?
A)232 B)240 C)256 D) 272 Е) 280
17. Дәптердің бетін 1-ден бастап нөмірлеуге 87 цифр кеткен болса, бұл дәптердің беттерінің санын табыңыз.
A)48 B)87 С)36 D) 78 Е)24
18. Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 640 цифр пайдаланылды. Егер кітап 3- беттен басталса, осы кітапта барлығы неше бет екенін анықтаңыз.
A)262 B)270 С)265 D)250 Е)260
19. Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 453 цифр пайдаланылды. Егер кітап 1-беттен басталса, осы кітапта барлығы неше бет екенін анықтаңыз.
A)187 B)180 С)192 D) 195 Е) 176
20. Кітап беттерін нөмірлеу үшін 700 цифр пайдаланылды. Егер 3-беттен басталса, осы кітапта барлығы неше бет екенін анықтаңыз.
A) 262 B) 270 С) 265 D) 250 Е) 260
21. Жолда бір журналдың екі бетін тауып алдық. Оң жағында 73-бет, сол жағында 24-бет жазылған. Журнал неше беттен тұрады?
A) 97 B) 98 С) 96 D) 95 Е) 92
22. Бір газеттің жалпы бетінің саны 60 және оның ішіндегілердің барлығы тек екі беттік қағаздар. Осы газеттен әрбір екі беттігін алып ашып қарағанда, беттік нөмірлерінің қосындысы қандай да бір тақ санды білдіреді. Ол қай сан?
A)59 B)49 C)60 D)29 Е) 61
23. Айбек ортасындағы парақтары жыртылған журнал тауып алды. Оның бір жағында 18-ші бет, ал екінші жағында 59-бет жазулы тұр. Сонда журнал неше беттен тұрған?
A)78 B)74 C)77 D)75 Е) 76
24. Асқар көшеден бір газет парақтарын тауып алды. Оның бір жағында 27-ші бет, ал екінші жағында 10-бет жазулы тұр. Сонда газет неше беттен тұрған?
A)40 B)37 C)36 D)44 Е) 46


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет