Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі



бет64/89
Дата06.02.2023
өлшемі4,61 Mb.
#167569
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89
Байланысты:
Ботак з Лесбек ызы мен Мадина Тулкун ызы Сандар тізбегі

ТЕСТ дұрыс жасауаптары



1.A

6.E

11.E

16.D

21.C

26.D

31.E

36.A

41.E

46.E

2.C

7.C

12.C

17.A

22.E

27.E

32.A

37.E

42.A

47.B

3.B

8.B

13.B

18.D

23.E

28.C

33.C

38.B

43.C

48.A

4.E

9.E

14.E

19.A

24.C

29.E

34.E

39.B

44.A

49.A

5.E

10.C

15.E

20.B

25.C

30.E

35.B

40.D

45.C

50.E



ҚОЗҒАЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕ ЕСЕПТЕР
1. Екі айлақ арасын катер ағыспен жүзсе 6 сағат жүзеді, ал сал 24 сағат жүзеді. Катер осындай қашықтыққа көлде неше сағатта жүзеді?
A) 8 сағ B) 3 сағ C) 1 сағ D) 2 сағ Е) 10 сағ
2. Моторлы қайықтың жылдамдығы 20 км/сағ, ал ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ, Моторлы қайық ағысқа қарсы 90 км қашықтықты неше уақытта жүзетінін анықтаңыз.
A) 4 сағ B) 6 сағ C) 4,5 сағ D) 7 сағ Е) 5 сағ
3. Меншікті жылдамдығы 15 км/сағ-қа тең катер, ағыс бойымен 2 сағат, ағысқа қары 3 сағат жүзді. Егер ағыс жылдамдығы 2 км/сағ болса, катердің қанша км қашықтықты жүзгенін анықтаңыз.
A)75 км B)73 км C)80 км D) 72 км Е) 70 км
4. Екі пункттің арақашықтығы 24 км. Моторлы қайыктың меншікті жылдамдығы 10 км/сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ. Моторлыкайык бірінші пунктен екінші пункке барып қайтуға неше уақыт жұмсайтынын анықтаңыз.
A) 6 сағ B) 8 сағ C) 5 сағ D) 4 сағ Е) 7 сағ
5. Қайық ағыспен 4 сағат жэне ағысқа қарсы 3 сағат барлығы 44 км кашықтықты жүзіп өтті. Ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ болса, қайықтың меншікті жылдамдығын анықтаңыз.
A) 5 км/сағ B) 4 км/сағ C) 7 км/сағ D) 6 км/сағ Е) 8 км/сағ
6. Өзен жағасындағы екі пункт арасын катер ағыспен 3 сағ жүзсе, ағысқа карсы 4 сағ жүзеді. Осы екі пункт арасын сал неше сағат жүзеді?
A)18 сағ B)20 сағ C)24 сағ D) 27 сағ Е) 30 сағ
7. Қайық 40 км қашықтықты көлде жүзсе, 5 сағ жүзеді, ал өзенде ағыспен жүзсе 4 сағ жүзеді. Сал осы қашықтықты өзенде неше сағат жүзеді?
A)18 сағ B)20 сағ C)22 сағ D)17 сағ Е) 15 сағ
8. Өзен бойындағы екі пристаньның ара қашықтығы 80 км. Қайықтың бір пристаньнан екінші пистаньға барып қайтуына 8 сағ 20 мин уақыт кетеді. Ағыс жылдамдығы 4 км/сағ деп есептеп, қайықтың тынық судағы жыддамдығын табыңыз.
A)20 км/сағ B)15 км/сағ C)18 км/сағ D) 21 км/сағ Е) 24 км/сағ
9. Біріншісінің жылдамдығы 360 км/сағ, екіншісінікі 270 км/сағ болатын екі ұшақ А қаласынан бір уақытта бірдей бағытта ұшты. Екі сағаттан кейін бірінші ұшақ жылдамдығын 220 км/сағ-қа дейін азайтты. Екінші ұшак бірінші ұшақты А қаласынан қандай қашықтықта қуып жетеді?
A)1560 км B)1512 км C)1520 км D)1620 км Е)1360 км
10. Меншікті жылдамдығы 18 км/сағ катер ағыс жылдамдығы 2 км/сағ өзенде ағыска қарсы жүзеді. Катер 3 сағатга қанша жол жүреді?
A)36 км B)42 км C)45 км D)48 км Е)54км
11. Қайық ағыс жылдамдығы 3 км/сағ өзенде ағыспен жүзіп, 15 км қашықтыққа барды. Қайықтың меншікті жылдамдығы 7 км/сағ болса, қайық өзенде неше сағат жүзді?
A)4сағ B)5сағ C)3 сағ D)6 сағ Е)2сағ
12. Катердің ағыспен жүзгендегі жылдамдығы 28 км/сағ, ал ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығы 20 км/сағ. Катердің меншікті жылдамдығын табыңыз.
А) 21 км/сағ B) 22 км/сағ C) 23 км/сағ D) 24 км/сағ Е) 26 км/сағ
13. Қайық көлде 3 сағ жүзетін қашықтықты 9 сағ жүзеді. Өзенде ағысқа қарсы жүзген қайық, осындай қашықтықты неше сағатта жүзеді?
A) 4 сағ B) 4,5 сағ C) 5 сағ D) 6 сағ Е) 7,5 сағ
14. Екі айлақ арасындағы 72 км қашықтықты катер ағыс бойымен 2 сағатта, ал ағысқа қарсы 3 сағатта жүзіп өтеді. Осы арақашықтықты қанша сағатта жүзіп өтетінін анықтаңыз.
A)12 сағ B)14 сағ C)10 сағ D)16сағ Е) 18сағ
15. Кеме өзен ағысымен 96 км және ағысқа қарсы сол қашықтықты барлығы 10 сағатта жүзіп өтті. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ болса, кеменің тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
A) 25 км/сағ В) 20 км/сағ С) 18 км/сағ D) 24 км/сағ Е) 16 км/сағ
16 . Моторлы қайык өзен ағысына қарсы 140 км жүзіп барып қайта оралды. Қайық бару уакытына қайту уақытынан 3 сағат артық жұмсады. Егер қайықтың тынық судағы жылдамдығы 17 км/сағ болса, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A) 4 км/сағ В) 2 км/сағ С) 1 км/са D) 3 км/сағ Е) 5 км/сағ
17. Моторлы қайық өзен ағысына қарсы 165 км жүзіп, қайта оралды. Ағыс бойымен жүзген уақытына ағысқа қарсы жүзген уақытынан 4 сағат аз жұмсады. Егер өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
A) 15 км/сағ В) 12 км/сағ С) 13 км/сағ D) 16 км/сағ Е) 10 км/сағ
18. Моторлы қайық өзен ағысымен 26 км, ал өзен ағысына қарсы 14 км жол жүріп, барлық жолға 4 сағ жұмсады. Егер өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ болса, онда қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.
A) 15 км/сағ В) 12 км/сағ С) 13 км/сағ D) 16 км/сағ Е) 10 км/сағ
19. Қайық өзен ағысымен 18 км және ағысқа қарсы 2 км жолға жұмсайтын уақыт, салдың 8 км жолға жұмсайтын уақытына тең. Егер қайықтың мешікті жылдамдығы 8 км/сағ болса, онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A) 2 км/сағ B) 4 км/сағ C) 1 км/сағ D) 3 км/сағ Е) 5 км/сағ
20. Қайық өзен ағысымен А пунктінен В пунктіне 5 сағатта барып. В пунктінен А пунктіне 7 сағатта қайта оралды. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, онда қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.
A)12 км/сағ B)15 км/сағ С) 10км/сағ D) 16 км/сағ Е) 14 км/сағ
21. Моторлы қайық өзен ағысымен 25 км, ал өзен ағысына қарсы 3 км жол жүріп, барлық жолға 2 сағат жұмсады. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 12 км/сағ-қа тең. Егер өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ-тан аспайтыны белгілі болса, онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A)4 км/сағ B)1 км/сағ С) 2 км/сағ D) 3 км/сағ Е) 5 км/сағ
22. Кеме А пунктінен В пунктіне қарай өзен ағысымен жүзуге 5 сағат уакыт жұмсаса, қайтар жолға 8 сағат 20 минут жұмсады. Егер екі пунктгің ара қашықтығы 100 км болса, онда кеменің меншікті жылдамдығын табыныз.
A)15 км/сағ B)12 км/сағ С) 16 км/сағ D) 14 км/сағ Е) 18 км/сағ
23. А пунктінен өзен ағысы бойымен сал жіберілді. Салмен бірге бір уақытта В пунктінен А пунктіне қарай қайық шықты. Қайық жолда салды кезіктіріп, бөгелместен В пунктіне кері қайтты. Ол барлық жолға 50 минут жұмсады. Егер екі пунктің арасы 10 км, ал өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ болса, онда қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.
A)24 км/сағ B)20 км/сағ С) 22 км/сағ D) 25 км/сағ Е) 18 км/сағ
24. Өзеннің екі пунктінен меншікті жылдамдықтары тең екі моторлы қайық бір-біріне қарама-қарсы бағытта шықты. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ . Ағыстың бойымен жүзген қайық кездескенге дейін 0,9 сағ , ал екінші 1 сағ жұмсады. Егер өзен ағысымен жүзген қайық 2 км артық жүзген болса, қайықтардың меншікті жылдамдығын табыңыз.
A) 24 км/сағ B) 20 км/сағ C) 22 км/сағ D) 25 км/сағ Е) 18 км/сағ
25. Моторлы қайық өзен ағысымен 36 км, ал өзен ағысына қарсы 8 км жол жүріп, барлық жолға 2 сағат жұмсады. Егер қайық өзен ағысымен 33 км, ал өзен ағысына қарсы 6 км жол жүзсе, онда ол барлық жолға 1 сағат 45 минут жұмсар еді. Қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.
A) 22 км/сағ B) 25 км/сағ С) 24 км/сағ D) 20 км/сағ Е) 26 км/сағ
26. Сүңгуір кеме 15,6 км/сағ жылдамдықпен белгіленген жерге 2 сағат 15 минутта келеді. Белгіленген жерге 45 минут ерте келу үшін кеменің қандай жылдамдықпен жүруі тиіс екендігін табыңыз.
A)23,4 км/сағ B)22,4 км/сағ C)24,6 км/сағ
D) 25,5 км/сағЕ) 22,5 км/сағ
27. А мен В пункттернің ара қашықтығы 14км. Моторлы қайық А пунктінен сағат 9:00-да шығып, В пунктінде 1 сағат 20 минут болғаннан кейін А пунктіне кері қайтты. Моторлы қайық А пунктіне сағат 17:00-де жетті. Егер қайықтың жылдамдығы 5 км/сағ болса, онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A) 3 км/сағ B) 5 км/сағ C) 2 км/сағ
D) 4 км/сағ Е) 1 км/сағ
28. Екі айлақтың арасы 36 км. Егер қайықтың меншікті жымдамдығы 15 км/сағ, ал өзен ағысының жылдамлығы 3 км/сағ болса, онда қайық бір айлақтан екінші айлаққа барып қайтуға қанша уақыт жұмсайтынын табыңыз.
A)6 сағ B)4 сағ C)2 сағ D) 5 сағ Е) 3 сағ
29. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ. Қайықтың өзен жылдамдығы өзен ағысына қарсы жылдамдығынан қаншаға артық екенін табыңыз.
A)4 км/сағ B)10 км/сағ C)6 км/сағ
D) 8 км/сағ Е) 12 км/сағ
30. Қайык өзен ағысымен 30 км және ағысқа қарсы 8 км жолға жұмсайтын уақыт, салдың 4 км жолға жұмсайтын уақытына тен. Егер қайыктың меншікті жылдамдығы 18 км/сағ болса, онда өзен ағысынын жылдамдығын табыңыз.
A)3 км/сағ B)2 км/сағ C)4 км/сағ D) 6 км/сағ Е) 8 км/сағ
31. Қайық өзен ағысымен 20 км/сағ, ал ағысқа қарсы 16 км/сағ жылдамдыкпен жүзетін болса, ағыстың жылдамдығын табыңыз.
A)3 км/сағ B)1 км/сағ C)4 км/сағ
D)2 км/сағ Е) 5 км/сағ
32. Моторлы қайық өзен ағысымен 16 км жүзіп, кері қайтты. Барлық жолға 3 сағат уақыт жұмсады. Басқа уақытта бұл қайық 2 сағатта 8 км өзен ағысымен және 12 км өзен ағысына қарсы жүзді. Қайықтың меншікті жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A)12 км/сағ; 4 км/сағ B)10 км/сағ; 2 км/сағ C)14 км/сағ; 4 км/сағ
D) 12 км/сағ; 8 км/сағ Е) 16 км/сағ; 6 км/сағ
33. Қайықтың өзен ағысымен жылдамдығы өзен ағысына қарсы жүзген жылдамдығынан 4 есе артық. Қайык өзен ағысына қарсы 4 км жүзгеннен кейін, бөгелместен кері қайтты. Ол барлық жолға 2,5 сағат жұмсады. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A)2 км/сағ B)3 км/сағ С)1 км/сағ D) 4 км/сағ Е) 6 км/сағ
34. Қайық 7 сағатта өзен ағысымен 60 км жәнс өзен ағысына қарсы 64 км жол жүрді. Басқа уақытта қайық 7 сағатта өзен ағысымен 80 км және өзен ағысына қарсы 48 км жол жүрді. Қайықтың меншікті жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын табыныз.
A)12 км/сағ; 4 км/сағ B)10 км/сағ; 2 км/сағ C)14 км/сағ; 4 км/сағ
D) 12 км/сағ; 8 км/сағ Е) 18 км/сағ; 2 км/сағ
35. Қайық өзен ағысымен 7 сағатта жүзетін жолды өзен ағысына қарсы 8 сағатта жүзіп өтеді. Егер қайықтың менікті жылдамдығы 30 км/сағ болса, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A)4 км/сағ B)3 км/сағ C) 2 км/сағ D) 6 км/сағ Е) 1 км/сағ
36. Кеме өзен ағысына қарсы 4 км, ал өзен ағысы бойымен 32 км жол жүрді. Кеме барлық жолға 5 сағаг уақыт жұмсады. Егер өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, онда кеменің тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
A)8 км/сағ B)4 км/сағ C)2 км/сағ D) 6 км/сағ Е)5 км/сағ
37. Жылдамдығы 8 км/сағ болатын қайық, өзен ағысы бойымен 15 км және дәл сондай жолды өзен ағысына қарсы жүзеді. Ол барлық жолға 4 сағат жұмсаса, онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A)8 км/сағ B)4 км/сағ C)2 км/сағ D) 6 км/сағ Е) 3 км/сағ
38. А мен В пунктерінің ара қашықтығы 20 км. Жылдамдығы 20 км/сағ болатын моторлы қайық, А пунктінен В пунктіне дейін барып, 2,5 сағаттан кейін кері кайтты. Егер моторлы қайық В нунктінде 25 минут аялдаған болса, онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A)8 км/сағ B)6 км/сағ C)2 км/сағ D) 4 км/сағ Е) 3 км/саг
39.Қайық өзен ағысымен 2 сағат және ағыска қарсы 3 сағат барлығы 36 км жүзді. Қайықтың өзен ағысына қарсы жылдамдығы ағыс бойымен жүзгендеп жылдамдығынан 3 есе аз. Қайықтьң меншікті жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A) 6 км/сағ; 2 км/сағ B) 8 км/сағ; 4 км/сағ C) 6 км/сағ; 4 км/сағ
D) 8 км/сағ; 2 км/сағ Е) 10 км/сағ; 2 км/сағ
40. Екі айлақтың арақашықтығы 24 км. Қайық бір айлақтан екінші айлаққа барып қайтуына 10 сағат жұмсайды. Егер өзен ағысының жылдамдығы 1 км/сағ болса, қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.
A)2 км/сағ B)3 км/сағ C)4 км/сағ D) 5 км/сағ Е) 8 км/сағ
41. Қайыктың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ, өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ. Қайықтын өзен ағысының бойымен жүзгендегі жылдамдығын табыңыз.
A)16 км/сағ B)20 км/сағ C)22 км/сағ D) 24 км/сағ Е) 14 км/сағ
42.Қайықтың тынық судағы жылдамдыгы 25 км/сағ. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ. Қайықтың өзен ағысына қарсы жүзгендегі жылдамдығын табыңыз.
A) 20 км/сағ B) 28 км/сағ C) 22 км/сағD) 24 км/сағ Е) 19 км/сағ
43. Қайықтың тынық судағы жылдамдығы 20 км/сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ. Жағадағы айлақтан шыққан қайық өзен ағысымен 3 сағатта ағысқа қарсы 4 сағат жүзді. Қайықтың айлақтан неше км қашықтықта екендігін табыңыз.
A)3км B)5км C)4км D)1км Е)6км
44. Ағыс жылдамдығы 4 км/сағ болатын өзен жағасындағы А және в пункттерінен бір-біріне қарама-қарсы сал мен катер шығып, 5 сағаттаң соң кездесті. Катердің меншікті жылдамдығы 20 км/сағ. Катер В-дан шығып А-ға жеткенде салға В пункітіне жету үшін қанша километр қалғанын табыңыз.
A)48 км B)56 км C)64 км D) 80 км Е) 75 км
45. Ағыс жылдамдығы 3 км/сағ болатын өзен жағасындағы А және В пункттерінен бір-бірне қарама-қарсы сал мен катер шығып, 5 сағаттан соң кездесті. Меншікті жылдамдығы 15 км/сағ катер В-дан шығып А-ға жеткенде сал А-дан қандай қашықтықта екенін анықтаңыз.
A)18,75 км B)25 км C)17075 км D) 19,5 км Е) 20 км
46. Арақашықтығы 45 км болатын екі елді мекен ағыс жылдамдығы 3 км/сағ болатын өзен жағасында орналаскан. Қайық бір елі мекеннен екіншісіне барып қайтуға 8 сағат жұмсаса, меншікті жылдамдығын табыныз.
А) 15 км В) 9 км С) 10 км D) 12 км Е) 8 км
47. Ағынсыз судағы жылдамдығы 18 км/сағ-қа тең катер ағысқа қарсы 45 км және өзен ағысының бойымен 42 км жол жүрген. Ол осы жолдын барлығына 5 сағат уақыт жіберген. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
A)5 км/сағ B)2 км/сағC)1 км/сағ D) 4 км/сағ Е) 3 км/сағ
48. Моторлы қайық өзен ағысымен 36 км және ағысқа қарсы 30 км жүрді. Ағыспен жүрген жолына кеткен уакыты ағысқа қарсы жіберген уакытынан 30 минутка аз. Ағыс жылдамдығы 3 км/сағ. Қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
A)15 км/сағ B)12 км/сағ C)14 км/сағ D) 16 км/сағ Е) 10 км/сағ
49. Өзен жағасындағы екі пункттен бір-бірне қарама-қарсы сал мен катер шығып 4 сағаттан соң кездесті. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ, катердің меншікті жылдамдығы 24 км/сағ болса, екі пункттің арақашықтығын табыңыз.
А) 75 км В ) 84 км С) 96 км D)102 км Е) 110 км
50. Өзен жағасындағы екі пункттен бір-бірне қарама-қарсы сал мен катер шығып 4 сағаттан соң кездесті. Өзен ағысының жылдамдығы
4км/сағ, катердің меншікті жылдамдығы 24 км/сағ болса, екі пункттің арақашықтығын табыныз.
A) 176 км B) 84 км C) 96 км D) 102 км Е)110 км




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет