СЕЛЕКЦИЯ
Негізгі материал. Жабайы және мәдени картоп түрлерінде селекцияға негіз болатын материалдар іздеу барысында академик Н.И.Вавиловтың ұсынысы бойынша 1925-1932 жылдары Орталық және Оңтүстік Америка елдеріне саяхат ұйымдастырылды. Бұл экспедиция барысында бұрын ғылымға белгісіз картоптың 20 қарапайым мәдени түрлерін және 50 жабайы түрін ашты. Қазіргі кезде картоптың 120 ботаникалық сипатталған түрі бар (П.М.Жуковский). Зерттеулер нәтижесінде картоп түрлерінің морфологиялық белгілері, биологиялық және физиологиялық ерекшелігі, биохимиялық қасиеттері бір-бірінен күрт өзгеріс жасайтыны анықталды. Дүниежүзілік картоп классификациясының негізін салушылар С.М.Букасов пен С.В.Юзенчук классификация негізіне хромосом саны, морфологиялық белгілері (гүл формасы, жапырақ құрылысы) және эколого-географиялық мәліметтерге, таралу аймағына байланысты алған.
С.М.Букасовтың классификациясы селекционердің негізгі материал үшін қажетті түрлерді іріктеуді жеңілдетеді.
Селекцияда картоптың жабайы және мәдени сорттарын зерттеудің маңызы зор. Оның маңыздылығы биологиялық ерекшелігі мен шаруашылық маңызды белгілеріне байланысты. Кейбір картоп түрлерінің маңызды ерекшеліктерінің бірі фитофторозға төзімділігі, негізінде Мексикадан шыққан картоптар. Вирусқа төзімді картоп сорттарын алудың маңызы жоғары. Бұл бағыттағы селекция өте күрделі, біріншіден көп түрлі вирустарға иммунды сорттар шығарудың қиындығы, екіншіден әр вирустың штампының көп болуы. Зерттеулердің көрсетуінше Х вирусқа жоғары сезгіштік, түрдің белгілі бір бөліктерінде байқалады.
Белгілі бір зиянкеске төзімді картоптың жабайы түрінің болуы селекционерлерге картоп нематодасына төзімді сорттар шығаруға мүмкіндік береді, яғни түр аралық будандасу нематодамен күресудің басты шарасы. Тыныштық жағдайы аз уақытта өтетін картоп сортын шығару үшін, жинағаннан кейін тез арада өне бастайтын жабайы түрді пайдаланады.
Картоптың кейбір сорттарының аязға төзгіштігінің анықталуы да үлкен жаңалық. Кейбір түрлер аязда толығымен зақымданады, ал кейбір түрлер аз зақымданып, қалған бөліктері мүлдем бүліндейді. Картоп түрлерінің және сорттарының аязға төзімділігі тоңазатқыш камераларында -7С температурада тексерілді, бұдан картоптың жасына және дамуына байланысты аязға төзімділігі әртүрлі болатыны белгілі болды. (А.Я.Комеров. 1940ж.) Селекционер будандастыратын жұпты таңдамас бұрын, олардың гүлдеу мерзімі бір-біріне сәйкес келуі үшін олардың фенологиялық фазаларын білу қажет. Картопты отырғызғаннан бастап өнгенге дейінгі уақыт 1948-жылы 10-19 күн; 1949-жылы 15-20 күн; 1950-жылы 20-30 күн; 1951-жылы 14-20 күн болған. (С.М.Букасов. 1953ж.)
Картоптың өнуі температураға, топырақ және ауа ылғалдылығына байланысты. Картоптың жабайы түрлерінде өнуінен бастап гүлдегенге дейінгі уақыт әр түрлі. Жоғары температуралы ашық күндер көп болған жылдары, салқын және бұлтты жаз болған жылдарға қарағанда ерте гүлдеген. Өнгеннен гүлдегенге дейінгі ең қысқа мерзім (22-27 күн) биік таулық жабайы түрлерге тән. (А.Я.Комеров. 1940ж.) Жабайы және мәдени түрлерді салыстыра отырып мынаны атап көрсеткен жөн:
Мәдени түрлердің даму фазалары жабайы түрлерге қарағанда қысқалығымен ерекшеленеді;
Жабайы және мәдени түрлер арасында даму фазалары селекциялық сорттардың қысқа түрлері кездеседі;
Картоп өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ кейбір түрлері тазалығымен ерекшеленеді. Бағалы биологиялық қасиеттерінің бірі бірқатар түрлердің селекциялық сорттармен будандаса алуы. Өкінішке орай жабайы және мәдени түрлердің көбі сорттармен әлсіз немесе мүлдем будандаспайды. Оның себебі – плоидтылығының түрлі деңгейде болуы, компоненттер арасында туыстықтың жоқтығы, тозаң түтіктерінің сәйкессіздігі. Жабайы картоп түрлерінің өзіне тән ерекшелігі жерасты өркенінің ұзын болуы және түйнектерінің шашыранды орналасуы. Жерасты өркені қысқа және түйнектері бір топ болып орналасқан мәдени және селекциялық сорттардан тез ажыратылады.
Картоп шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының мәліметтері бойынша картоп жіпшелерінің ұзындығы түрлі сорттарда 25 см-ден 190 см-ге дейін ауытқиды, ал жіпшелер саны бір өсімдікте 4-тен 60-қа дейін. Метеорологиялық жағдайға байланысты жіпшелерінің ұзындығы өзгермейді, бірақ саны күрт өзгереді. Құрғақ ауа райында саны күрт азаяды. Картоп жіпшелерінің ұзын болуы оның жарамсыз қасиеттерінің бірі, селекционерлер үшін жабайы түрлер мен селекциялық сорттардан алынған бірнеше ұрпақта қайталанатын осы белгіні өзгерту өте қиын. Қысқа жіптегі түр аралық будан алуда беккрос арқылы жүзеге асыруға болады. Картоптың мәдени түрлері жабайы түрлерге қарағанда қысқа жіпшелерімен ерекшеленеді, сондықтан таулық мәдени түрлермен селекциялық сорттарды будандастыру арқылы қысқа жіпшелі екпе картоп алуға болады. Картоп түрлерін жан-жақты зерттеу нәтижесінде, оның негізгі биологиялық ерекшелігі түйнек байлар кезінде қысқа күнді қажет ететіні анықталды. (А.В.Дорощенка) Сонымен ғылыми мекемелер картоптың бағалы түрлеріне ие. Олар селекция үшін қажетті дүние.
Жабайы және мәдени сорттардың табиғаты терең зерттелген сайын түрлі шаруашылықтық маңызды картоп сорттары селекцияда кең қолданыла бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |