МОРФОЛОГИЯСЫ
Картоп – көп жылдық шөптесін өсімдік, бірақ шаруашылықта біржылдық ретінде қолданылады, сондықтан түйнектің өніп шығуынан бастап, жаңа түйнек байлауына дейін бір вегетативтік мерзім өтеді. Картопты көбіне вегетативті-түйнекпен сонымен қатар, түйнек бөліктерімен, көшетпен және тұқыммен көбейтеді. Тұқыммен көбейту көп жағдайда селекция жұмыстарын жүргізгенде және жаңа сорттар шығаруда қолданады.
Біздің елімізде Soianum tuberosum L mypihe Solanaceceae тұқымдасына жататын көптеген түрлі сорттар өсіреді.
Қазіргі кезде егілетін картоп пен оның сорттарын классификациялағанда оның түйнегі мен жерасты бөлігінің морфологиясын негізге алады.
Өсімдікке морфологиялық сипаттама берудің селекцияда тұқыммен жүргізілетін жұмыста маңызы зор, осының арқасында жеке белгілер арасындағы корреляция арқасында пайдалы формаларды сұрыптауға мүмкіндік туады.
Картоптың көптеген коррекцияланатын белгілері анықталған, соның ішінде сорттарды классификациялағанда түйнектің (өркеннің) түсін көп қолданады.
Морфологиялық ерекшеліктері картопты өсу жағдайына байланысты да өзгертеді. Мысалы, картоптың Вольтман сортын тәулігіне 10 сағат жарықта өсіргенде картоптың қабығы қызыл болмай ақ болады. (Успенский тәжірибесі бойынша 1937 ж.)
Картоптың негізгі органдары төмендегі морфологиялық белгілерімен сипатталады.
Сабақ. Топыраққа отырғызылған түйнектің өркендерінен жерасты сабақ жетіледі. Олардың көбі тік өседі, кей жағдайда ғана бір жаққа ауытқиды. Хлорофилл болуына байланысты сабақтың түсі жасыл, бірақ бұл түс сорттарда антоцианмен жабылады, сөйтіп сабақ пигменттеледі. Көбіне антоциан біртегіс жайылмайды, негізінде сабақ пен жапырақ көпіршіктерінде кездеседі. Пигменттелу өсімдіктің жасына байланысты, күн жарығының көп мөлшерде түсуіне және судың жеткіліксіздігіне байланысты көбейеді. Картоп сабағы пигменттелген болса, көп жағдайда боялған түйнек байлайды, бірақ кейбір сорттарда бұл байланыс байқалмайды.
Сабақтың формалары қабырға тәрізді, үш және төрт бұрышты. Сабақтың қабырғаларында тканьдердің өсуінен өспе қанаттар пайда болады, сабақтың бүкіл ұзындығынан қыр жасап тұрады.
Сабақтың биіктігі өсімдіктің өсіп-дамуына байланысты.
Гүлдеу негізінде биіктеудің шегіне жетеді. Пісу мерзімі түрлі сорттарда сабақтың биіктігі әртүрлі болады: кеш және орташа пісетін сорттарда ерте пісетін сорттарға қарағанда сабағы биік және өркендерінің байланысқан бөлігі көп.
Сабақтың биіктігі өсіру жағдайына байланысты күрт өзгереді (30 см-ден 150 см-ге): ауа мен топырақтың ылғалдылығы, топырақ құнарлығы мен тыңайтылуы, жарық мөлшері, күн ұзақтығы, егілетін түйнектің мөлшері, отырғызылуы жиілігіне байланысты. Көшеттер жиі біржақты мөлшерден тыс азотпен қоректендіргенде сабақ ұзын және жіңішке болып өседі. Мұндай сабақтың құрамында механикалық элементтердің аз болуына байланысты берік болмайды және жерге жатып өседі. Мұндай сабақтардың төменгі жапырақтары жарық жетіспегендіктен тез сарғайып өледі.
Бір түп картоп 4-8 жапырақтанған сабақтан тұрады. Түптегі сабақ санына байланысты өзгеріп отырады. Заң бойынша үлкен түйнектен өскен өсімдік сабағы үлкен, ал кішкене түйнектен өскен сайын кішкене болады. Сабақ саны белгілі мөлшерде картоптың өнімін анықтайды. Ғылыми зерттеу мекемелері түйіндегі бүршік көзшелерінің санын арттыру жолын анықтаған. Бұл үшін түйнектің көлденең кесінділерін алады, оны отырғызар алдында өсіру заттарымен өңдейді, мысалы гиббереллин ерітіндісімен (4-8 мг-1 литр суға) немесе галилей сәулемен (300-500 гр) өңдейді.
Сабақтың тармақталуы түптің жалпы көрінісін анықтайды. П.Н.Насмик (1950) сорттарды, сабақтың негізі тармақталған және тармақталмаған деп екі топқа бөледі. Бірінші топтағы сорттар кеш пісетін, екінші топтағылары ерте пісетін деп есептейді.
Т.Уайтхед, І.Мак-Интош және У.Финдлейде (1955) сабақтың тармақталуын екі топқа бөледі: сабақтың төменгі бөлігінде (негізінде) және жоғарғы бөлігінде. Бірінші жағдай түптің жан-жаққа тармақталған сорттарына тән, екіншісі биік бойын тік ұстап тұратын түптерге тән.
Дон өзенінің жайылмасында 1954 жылы НИИКХ жүргізген тәжірибелерінде, паздушный өркеннің (паздушный побег) пайда болуына суғарудың әсері екенін анықтаған. Мысалы: Лорх сортының суармалы егістегі бір түйінінде 11,6 жетілген паздушный өркен (паздушный побег) кездескен, ал суармайтын егісте – 4,9.
Сабақтың жер асты бөлігіндегі пазушы бүршіктен (пазушн. почки) тамыр өркені (столоп) жетіледі, олардан ұштары жуандап түйнектер пайда бола бастайды. Столондардың жуандығы сабақтан әрқашан жіңішке болады. Столондардың ұзындықтары да сорттарына байланысты әр түрлі. Ерте пісетін сорттарда өте қысқа, кеш пісетіндердікінде ұзындау болады.
Жапырақ. Алғашқы жапырақ тұқым немесе түйнек өне бастағанда пайда болады, алғаш жапырақтың жиегі тегіс тілімделмеген болады. Өсімдіктің өнуіне байланысты үзілмелі – жұп емес, қауырсын тәрізді тілімделмеген жапырақтар пайда болады, алдымен бір жұбы, содан соң үш жұбы, содан соң одан да көп (жетіге дейін) қарама-қарсы бөліктері жетіледі. Бүйір жапырақтарының қасында олардан көлемі кіші бөліктер болады, олардың саны жапырақтардың жасына байланысты. Жапырақтың жүйкесі жуандап барып сабаққа бөлінеді. Сабақтың бірінші жұп жапырағынан кейін орналасқан жапырақ бөліктерін бірінші жұпқа, ал екінші жұптан кейінгісін екінші жұпқа жатқызады. Сабақтың ортаңғы бөлігінде жапырақтары көп тілімделген, ал сабақтың ұшы мен негізінде аз тілімделген. Жапырақтың негізінде түрлі формадағы құлақшалар орналасқан.
Жапырақтың беті тегіс, кейде бұдырлы. Жапырақтың астыңғы бетінен жүйкелер тобы айқын көрінеді. Сабақта жапырақтар спираль тәрізді орналасқан, ал олардың кеңістікте орналасуы горизантальдығы жақын. Кейбір сорттардың жапырағы аздап көтеріңкі орналасқан немесе керісінеше төмен түсіп тұрады.
Гүл. Картоп өсімдігінің гүлі бір гүл шоғырына орналасқан. Олардың әрқайсысы түрлі ұзындықтағы гүлсағаққа орналасқан (цветонос). Гүлсағақ ұзындықтары картоп сорттарына байланысты әр түрлі. Гүл тостағаншасы біріккен бес бөліктен тұрады.
Гүлінің түсі әртүрлі: көк, ақ, қызыл көк және басқа да түрлері кездеседі. Гүлдің ортасында бес аталық орналасқан, олар жіңішке жіпшелер арқылы гүл шоғырымен байланысқан.
Тозаңқап түсі әр түрлі сарғыш, сары, жасыл-сары болады, барлығы конус немесе цилиндр тәріздес бағанаға жиналған.
Картоп өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ насекомның немесе желдің көмегімен де жақсы тозаңданатын кездері болады. Картоптың көп сорттары таза (стерильные), тек сирек жағдайда ғана фертильді болады.
Жемісі. Картоп жемісі – екі үйлі тұқымды, формасы шар тәріздес, шырынды. Жемісі піскенде ағарады және өзіне тән жағымды иісі болады. Оны құрамында көп мөлшерде соланин болуына байланысты тамақ ретінде қолдануға болмайды. Картоп тұқымы өте майда жұмыр, 1000 дәнінен самағы – 0,5 г. Шамасында. Реес Теонарданың (1935ж) өлшері бойынша дәннің ұзындығы 1,7- 2,1 мм., ені 1,1-1,3 мм-ге дейін, қалыңдығы 0,2-0,5 мм.
Тамыр системасы. Түйнектен отырғызылған картоптың тамыры шашақтамыр. Тұқымнан отырғызылған картоптың тамыры кіндік тамыр, алдымен негізгі тамыр өсіп, оның жан-жағына қосалқы тамырлар өседі. Түптің тамыр системасы жеке сабақтардың тамыр системаларының бірігуінен тұрады. Тамыр системасының жіктелуі сабақтың жіктелуіне байланысты. А.Н.Таманның (1951) тұжырымы бойынша бір сабаққа орта есеппен 20-25 тамыр келеді.
Тамыр системасы түйнектен отырғызғанда көзшелерден тамыр өркені, әр тамыр өркені жанынан 4-5 тамыр жетіледі, тамыр өркені 3-4-тен бірнеше түп құрайды.
Тамыр өркені (стопон) А.Н.Гречушников пен Н.Ф.Нестерованың зерттеулері бойынша қысқа және аз тармақталған, бірақ бүкіл вегетативтік мерзім бойына түйнектермен бүкіл өсімдіктің қоректенуін қамтамасыз етуге қатысады. Картоп тамыры топыраққа онша терең енбейді. Оның негізгі бөлігі 70 см. тереңдікте жатады.
Клазенер (1989) және Беше (1926) бойынша тамырдың жартысына жуығы топырақтың жарты бөлігінде орналасады (22-28), ал қалған бөлігі одан тереңіректе 150-200 см. тереңдікте.
Ерте пісетін сорттардың тамыры онша тереңде жатпайды, орташа және кеш пісетін сорттарда тереңіректе. (А.Н.Онищенко. 1950). НИИКК-ның супесганды топырақта жүргізген тәжірибесінде, Эпрон сортының ең тереңге кеткен тамыры 85-90 см., ал Лорх сортынікі 100 см., бұл екі сорттың да тамырларының негізгі массасы (бүкіл тамыры салмағының 60-65%-і) топырақтың 20 см-лік қабатында орналасқан.
Тамырдың жан-жаққа таралуы да картоп сорттарына байланысты, заң бойынша ерте пісетін сорттарға қарағанда, кеш пісетін сорттардың тамыры кең тарайды.
Тамырдың күнделікті өсуі Остерманның (1937ж.) тұжырымы бойынша күніне 2,5-3 см. Картоп түйінінің пісіп жетілуіне байланысты тамыр біртіндеп өле бастайды. Картоп тамыры қызылша мен астық тұқымдастарына қарағанда нашар жетілгендігін атап көрсеткен жөн. Ф.А.Новиковтың есептеуі бойынша картоп тамырының құрғақ массасы оның жер беті бөлігінің салмағының 3%-і және құрғақ жапырақтар салмағының 8%-і. Өзінің әлсіз жетілуіне қарамастан картоп тамырының сіңіру қасиеті күшті. Тамыр системасының жетілуі тек қана сорттың биологиялық қасиеттеріне байланысты емес, сонымен қатар өсіру жағдайына да байланысты. Түрлі тыңайтқыштарды қолдану арқылы тамыр системасының жетілуіне әсер етуге болады.
Түйнек дегеніміз қысқарған және жуандаған сабақ. Түйнек пайда болғанда хлорофилсіз қабыршақ тәрізді жапырақшалары болады. Бұл жапырақшалар жетілуінің алғашқы кезеңінде кішірейіп (атрофируется), бұрынғы жапырақшаның орны көзшенің қасы тәріздес болып қалыптасады. Қабыршақты жапырақшалар арасында тынышталған бүршіктер пайда болады, олар бірігіп көзшелер құрайды. Әр көзшеде үш және одан да көп бүршіктер болады, олардың тек біреуі ғана өніп, қалғандары қор (запас) ретінде болады. Түйнек бүршігі тамыр, жапырақ бастамаларынан тұрады.
Түйнектің жоғарғы бөлігінің көзшелерінің бүршігі тез жетіледі, ол кіндік тәрізді бөлігінде кеш жетіледі немесе тіпті өнбейді. Ранняя роза сортының жоғарғы және төменгі бөлігінің көзшелерінің анатомия – морфологиясын зерттей отырып Е.М.Васильева жоғарғы көзшелерінің өсімталдығын анықтайды.
Картоп көзшелерін алып тастағанда, түйнектің ішкі терең жатқан бөлігінің аувентивті бүршік (яғни сыртқы бүршік) пайда болады. Ылғал құмда (-5-10С) картоп түйнектерін отырғызып, оны топыраққа отырғызудан екі ай бұрын көзшелерін 0,5-1 см. кесіп алып тастағанда, жарақаттанған ұлпа активтеніп 1,5-2 айдан кейін қалың қабық каллюс түзеді. Біртіндеп осы меристемалық клеткадан аувентивті бүршік, одан соң өркен пайда болады.
Түйнек көзшелері спираль тәрізді орналасқан. Түйнек үш жағымен өсетін болғандықтан, жоғарғы бөлігінде көзшелері бір-біріне жақын орналасқан.
Картоп сорттарына байланысты формасы мен түсі әр түрлі. Картоп формасы оның ұзындығының еніне және енінің қалыңдығына қатынасына байланысты анықталады. Осыған байланысты түйнектер ұзын, дөңгелек, сопақ, ұзын, жалпақ және т.б. формада болады. Картоптың формасы қоректенуіне, климаттық жағдайларға, ауруларға байланысты өзгеруі мүмкін. Түсіне байланысты ақ, қызыл, ашық қызыл, көкшіл-күлгін түстері кездеседі. Түйнектің ішкі бөлігінің түсі ақ және сарғыш, тек кейбір сорттарының түсі ғана қызыл немесе көк-күлгін.
Түйнектің тыныштық кезінде ғана көзше бүршіктерінен өркен пайда болады, бұлар жарықта қысқа, берік және боялған, қараңғыда жіңішке, ұзын (этнолированные). Картоп түсі, формасы, өркен жаюы картоптың сорттық белгілерін анықтайды. Өркеннің сыртқы көрінісі тек жарыққа ғана байланысты емес, сонымен қатар температура мен ылғалдылыққа да байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |