АГРОТЕХНИКА
Қазақстанда жүргізілген картоп агротехникасы қолайсыз экологиялық жағдай мен бірінші кезекте жаздың жоғары температурасының кері әсеріне қарсы бағытталуы қажет. (Н.В.Бацанов. 1970).
Оңтүстікте картоп органикалық заттарға бай ылғалды және салқын топырақтарда жақсы өседі. Ойпаттар мен өзен жайылымдарында, Орта Азия мен Қазақстанда шалғынның күңгірт, өңделген шалғынды-батпақты және шымтезекті-батпақты топырақтары картоп үшін қолайлы. Жақсы өңделіп тыңайтқыш берілген жағдайда сұр топырақта да жақсы өнім алуға болады. Орта Азия мен Қазақстанның таулы аймақтарында органикалық заттарға бай, жеңіл топырақтарында да жақсы өнім алынады. Республикамыздың таулы, суармалы егістерінде овац-шөпті-жусанды ауыспалы егісінде егіледі. Картоп үшін қолайлы алдыңғы егістер – капуста, қияр, бақша өсімдіктері және астық дақылдары. Ал, қызанақ, баклажан және бірнеше жыл картопты бір жерге еккен жағдайда өнімнің нәтижесі нашар болады. (И.В.Якушин. 1947ж.)
Көрсеткіштер
|
Бірінші жыл
|
Екінші жыл
|
Үшінші жыл
|
Картоп өнімділігі
Ц.га.
|
151,4
|
104,1
|
90,2
|
Өсімдік саны
|
5,7
|
12,2
|
21,7
|
Ауруға шалдығуы
|
|
|
|
Люцерна мен көпжылдық аралас шөп жазда егілетін картоп үшін қолайлы, ал ерте сорттар үшін қолайсыз.
Оңтүстік-шығыс аудандар үшін кеш пісетін картопты ерте капустаны, сәбізді, бұршақты, күздік бидайды, жүгеріні жинаған соң отырғызуға болады.
Картоп топырақтан қоректік заттарды көп мөлшерде қабылдағандықтан минералды тыңайтқыштарды қажет етеді.
Тыңайтқыштар картоптың өсуі мен дамуына, өнім беруіне түрліше әсер етеді.
Азот тыңайтқыштарын картопты егер алдында береді, бірақ кейін вегетациялық мерзім барысында аздап үстемелеп қоректендіреді. Фосфор тыңайтқышы күзде немесе егердің алдында жыртылған жерге беріледі. Картоп үшін фосфор тыңайтқышын көңмен араластырып немесе суперфосфатты 2-3 ц/га есебімен берген қолайлы. (А.Г.Лорх.1957).
Калий тыңайтқышын егілген жерге немесе құрамында калийі аз құнарсыз сұр топыраққа берген дұрыс. Басқа жағдайда калийдің пайдасы аз, ал тұзды топырақтарда өнімді кемітіп жібереді. Калиймен күзде вегетация мерзімінде үстемелеп қоректендіреді. Картоп бүкіл вегетация мерзімі барысында топырақтың қоректік заттарын көп қабылдайды, әсіресе түйнек түзе бастаған кезде, сондықтан қосымша қорек беріп тұруды қажет етеді. Ерте пісетін картопты өнгеннен кейін бір рет, ал кеш пісетін картопты өнгеннен кейін және түйін байлардың алдында екінші рет үстемелеп қоректендіреді. Үстеме қорек ретінде азот тыңайтқыштарын немесе азот тыңайтқышы мен суперфосфат қосындысын пайдаланады. Минералды және органикалық тыңайтқыштар қосындысы да жақсы қорек бола алады.
Минералды тыңайтқыштардың жоғары дозасын қолданып, сапалы экологиялық қауіпсіз продукцияның жоғары өнімін алу үшін міндетті түрде: макро, микроэлементтерлің оптималды қосындысын сақтау керек, перспективті сорттардың жоғары сапалы отырғызу материалын қолданып, осы дақылды өсірудің агротехникасын сақтау керек деп дәлелденген. (Кузякин Д.В., Маслов И.Л.)
Ерте пісетін картоп үшін жүргізілетін бірінші жұмыс арам шөп пен топырақтың бетін жұмсарту жұмысын бір-екі рет жүргізеді. Қопсыту жұмысын картоп өнгеннен кейін тоқтатады.
Жазда отырғызылған картопты 10-12 күнде өнетіндіктен және жаңбырлы кезеңге сәйкес келуіне байланысты, топырақтың бетін қопсытып отырады.
Картопты отырғызғаннан кейін ені 20-30 см. ерте, қалыңдығы 3-4 см. етіп бетін көңмен жабуға да болады. Бұл агротехникалық шара топырақтың бетін қатудан қорғап, ылғалдың сақталуын қамтамасыз етіп, картоптың тез өніп, ерте және жоғары өнім беруіне көмектеседі. Картоптың түбін бірінші рет көмгенде көң тыңайтқыш ретінде қолданылады. Бұдан басқа өнуін тездететін және өнімін арттыратын топырақ бетіне жабылатын тас көмірлі тозаң. Көмір тозаңын 3-3,5 т/га есебімен картопты отырғыза салысымен қолданады. (Л.Н.Горелкин. 1962ж.)
Қатар аралық өңдеу (культивация) әрбір үлкен жауыннан кейін немесе суарылғаннан кейін 3-4 рет жүргізіледі. Картопқа аса қажетті күтім, оның түбін көму. Көмудегі мақсат тек қана арам шөптен тазартып түбін қопсыту ғана емес, сонымен қатар картоп түйнектерін жоғары температурадан қорғау.
Ерте пісетін картоп бір рет, ал кеш өнім беретін екі рет көміледі. Алғашқы көмуді өсімдік 15-18 см, болғанда, екінші рет гүлдеудің алдында немесе гүлдей бастағанда жүргізеді.
Картоптың тамырына әсер ететін тыңайтқыштарды, қоректік заттармен бүрку арқылы үстемелеп қамтамасыз ету өсімдіктің зат алмасуын күшейтіп, көмірсутектердің жапырақтан тамырға жетуін тездетеді. Нәтижесінде пісіп жетілуін тездетеді, крахмалдылығын арттырып, өнімді көп беруіне әсерін тигізеді.
Отырғызылатын картопты іріктеу және оны дайындаудың картоп егісінде маңызы үлкен. Тұқымдық қасиетінің жоғарылығы түйнектің ірілігімен анықталады. Ірі түйнектерде қоректік зат қоры мол болады. Сондықтан олар толығымен өніп, көп сабақты, әрі жоғары өнімді өсімдік береді.
Үнемдеу мақсатымен көбіне картопты бірнешеге кесіп отырғызады. Бұл жағдайда кесілмеген түйнектен отырғызғанға қарағанда аз өнім береді. Себебі өсімдіктер түгелімен өнбейді және біраз бөлігі топырақ астында шіріп кетеді.
Картопта ерте әрі мол өнім алу үшін қолданылатын агротехникалық шаралардың бірі – яровизация. Яровизация әсерінен өсімдік түрлері жасыл әрі мықты болып, өсу нүктесінде стадиялы өзерістер жүріп, нәтижесінде картоп тез жетіліп, ерте өнім береді.
Яровизация картопты солтүстікте өсіруге мүмкіндік туғызады.
Оңтүстікте картоптың ерте сорттарының яровизациясының маңызы зор. Яровизация әсерінен түйнек түзу бір жарым екі апта бұрын басталып, жазғы ыстық басталмай аяқталады, нәтижесінде өнім артады.
Картоп түйнектерін топыраққа отырғызудан бұрын 12-15 күн яғни, 1,5-2 апта күн көзінде ұстайды.
Түйнектерде ақ өскіндер пайда болып, ұзындықтары 0,5-1 см-ге жеткенде топыраққа отырғызады. (Е.А.Алексеев. 1954ж.)
Тұқымдық картоптың қатарға себілетін салмағы жиілігі мен түйнектің көлеміне байланысты 2,5-3,5 т/га мөлшерінде болуы қажет, бұдан кемісе өнімнің төмендеуіне әкеледі. Орта Азия мен Қазақстанның ғылыми мекемелерінің тәжірибелері бойынша және алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда картопты жаз мерзімінде 12-16 см. тереңдікте отырғызуды ұсынады. Түйнектер ірі және топырақтың механикалық құрамы жеңіл болса, картопты соғұрлым тереңге отырғызады. Ерте, көктемде отырғызылатын картоптан ерте өнім алу мақсаты тұр, ал түйнектің терең, суық топырақта жатуы оның өнуін кешіктіреді. Сондықтан ерте отырғызылатын картопты аз тереңдікке отырғызу қажет, 6-8 см. Қыстың аязында отырғызғанда үсік шалмау үшін 18-20 см, тереңдікке отырғызылады. (Г.Коллингс. 1960ж.)
Бұл үшін картопты түйнектерге отырғызып, бетін топырақпен көмеді, сонда картоп 20 см. тереңдікте жатады, көктемде картопты үсітіп алмаса, түйнектер 8-10 см. тереңдікте қалады.
Егіске жасалатын күтім. Көктемде отырғызылған картоп 30 күнде көктей бастайды. Осы уақыттың ішінде егіске арам шөптер өсіп, бетін қабыршақ басады, бұл картоптың өсуін қиындатады.
Ерте егілетін картопты бір рет, ал кейін өнім беретін картопты екі рет түптейді.
Арам шөппен күресте кальцийдің ционамиді гербицид ретінде және азот тыңайтқышы ретінде қолданылады. (С.Н.Авусина. 1958ж.)
Орта Азия мен Қазақстанның суармалы жерлерінде мол өнімді алудың негізгі факторы – суару.
Өсімдік жақсы өсіп жетілуі үшін топырақтың ылғалдылығы 75-80%-н кем болмау керек. Картоп үшін ылғал әсіресе гүлдер алдында және кейін де қажет, бұл интенсивті түйнек түзу мерзімімен сәйкес келеді. Картопты қанша рет суару керек екендігі және оның мерзімі картопты отырғызған уақытқа байланысты анықталады.
Картопты әр 18-12 күн сайын суарып, жинаудан 2-3 апта бұрын тоқтатады. Картопты аз-аздап жиі суарған дұрыс. Суару мөлшері топырақ жағдайына және грунт суының жату тереңдігіне байланысты. (Н.С.Бақанов. 1963 ж.)
Достарыңызбен бөлісу: |