"Ботаника" пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет5/8
Дата17.02.2017
өлшемі3,72 Mb.
#9692
1   2   3   4   5   6   7   8

Жай гүлшоғырларының жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ұшы гүлмен бітеді. Мысалы: шашақ, жай масақ, собық, жай шатыр, шоғырбас (шоқпарбас),

        Шашақ гүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады. Сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтары қысқарып, ұшындағы гүлі ең соңында ашылады (қарақат, қырыққабат, мойыл, мия, қараған). Кейде шашақ гүлшоғырда 2 немесе 4 гүл ғана болады, мысалы: шеңгел, асбұршақ, жабайы бұршақ және т. б. Жай масақ шашақ гүлшоғырына өте ұқсас. Айырмашылығы – гүлдері сағақсыз бекінеді (жолжелкен). Собық масақ гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орама жапырақтары бар (жүгері, калла). Жай шатыргүлшоғырының негізгі сабағы қысқарады. Оның дәл ұшынан сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден шығып таралады (пияз, адамтамыр (женьшень), наурызшешек, ақшұнақ). Шоғырбас гүлшоғырында қысқарған жуан негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасады (беде). Себет гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ. Жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер орналасады. Оның жиегін (айналасын) жасыл түсті орама жапырақтар қоршап тұрады (күнбағыс, бақбақ, өгейшөп, гүлкекіре). Күрделі гүлшоғырларжай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Олар: күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр деп те атайды), күрделі масақ, сырға, күрделі шатыр.Күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр) негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері екі қатарда шашақталады. Жанама бұтақтануы ұшына жақындаған сайын кішірейеді (жүзім, гүлшетен, тары, күріш). Күрделі масақ – орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады. Әр масақшада 2-3 гүлден болады (бидай, қарабидай, бидайық). Сырға гүлшоғыры масақ пен шашақ гүлшоғырына ұқсас (2-сурет). Айырмашылығы – негізгі орталық сабағы иілгіш, гүлдеп болған соң тұтас үзіліп түседі (қайың, терек, тал, көктерек).



Күрделі шатыр – жай шатыр гүлшоғырынан құралады. Себебі жай шатырдағы жеке гүл сағақтарында бірнеше гүлден топталып, шоғырланған (сәбіз, балдырған,

Гүл мен гүлшоғырлардың маңызы Гүлді реңі, пішіні, аңқыған хош иісі үшін мәдени түрде гүлзарларда өсіреді. Гүлдердің хош иісі бөлініп шығатын эфир майына байланысты. Гүлдер медицина мен парфюмерияда кеңінен қолданылады. Медицинада түймедағы, жөке, қырмызыгүл және т. б. гүлдердің шипалық қасиеті болғандықтан, оларды кептіріп, дәрінің құрамына қосады. Қалампыр, банан гүлшанақтарынан татымды дәм жасалады. Жөке, қарамық гүлдерінің шірнелері балдың дәмін кіргізеді, хош иіс береді. Гүлшоғырларда жеке тұрғанда байқалмайтын өте ұсақ гүлдер жинақталады. Олар тозаңдану кезінде жәндіктерге (көбелек, ара, қоңыз) тез байқалады. Тозаңданған гүлдер ғана жеміс беріп, тұқымын таратып көбейеді.



Жеміс, классификациясы, жемістер мен тұқымдардың таралуы.

Тұқым гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтану нәтижесінде пайда болатын, көбею, таралу қызметін атқаратын мүшесі болып табылады. Ол сырты жеміс қаппен қапталған ұрықтен және қор жинайтын ұлпадан тұрады. Өсуге қолайсыз жағдайда тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақуақыттар бойы жата беруі мүмкін. Қолайлы температурада және ылғал жеткілдікті болған кезде тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшерде келіп тұрса ісініп өседі. Қор заттарының жиналуына байланысты тұқым эндосперімді, эндоспермсіз, перисперімді, эндосперімді-перисперімді деп бөлінеді. Жеміс тұқымды сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын, өсімдіктің көбею және таралу мүшесі. Жеміс гүлден, ұрықтану процесіне кейін ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуінде негізгі рольді гинецей атқарады. Кейбір өсімдіктер ұрықтану процессі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды. Жеміс перикерпийден және тұқымның жиынтығынан тұрады. Перикарпий- бір немесе бірнеше аналықтың жатынының қабырғасынан көп жағдайда гүлдің басқа бөлңктерңнен – жапырақшалардан, сиректеу гүл тұғырынан пайда болатын, жемістің қабықшасы болып табылады. Перикарпий үш қабаттан тұрады: сыртқы-экзокарпий, ортаңғы- мезокарпий және ішкі- эндокарпий. Жемістер алуан түрлі болып келеді. Қарапайым апокрапты гинецейден пайда болған жемістерді апокарпиялар, ал ценокарпты гинецейден пайда болған жемістерді ценокарпиялар деп атайды. Жемістерді жай және күрделі деп екіге бөледі. Егер жеміс гүлдің бір ғана аналығынан дамыса-ол жай, ал бірнеше аналығынан дамыса –күрделі болып табылады. Жабық тұқымды өсімдіктердің жемістерін шырынды және құрғақ жәімістер деп бөледі. Шырынды жемістердің ірі паренхималық, шырыны мол жасушалардан түзілген мезокарпийі жақсы дамыған. Құрғақ жемістілердң шырындыларға қарағанда мезокарпийі нагар дамыған. Көпшілігінің мезокарпийі көп қабатты, жасуша ішілік заттарын жоғалтқан паренхималық, склеренхималық және қабыршақ жасушалардан түзілген. Құрғақ жемістер қақырайтын және қақырамайтын, ал шырынды жемістер шиелі және сүйекті жемістер деп бөлінеді. Қақырайтын құрғақ жемістер қақырау жолына, ішіндегі ұялардың санына қарай бөлінеді. Таптама- бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көп тұқымды құрғақ, бір жағынан қақырайтын жеміс. Апокрпты гинецейден біріккен таптама түзіледі. Таралу жолдары – жел, су, жануар, адам арқылы таралады. Жемістерді қақырайтын, қақырамайтын, құрғақ және шырынды деп жіктейді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Гүл бөліктерін атаңыз.

2. Гүл бөліктері қандай қызмет атқарады?

3.Тозаңның құрылысы қандай?

4.Гүлшоғыры дегеніміз не?

Қолданылатын әдебиеттер: Әметов.Ә.Ә. Ботаника. Алматы. 2000 ж.

Н.М.Мухитдинов, Ә.Б.Бегенов, С.С.Айдосова. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы. Алматы. 2001ж.
Модуль 2. Өсімдіктер систематикасы

Блок 1 Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы.

Дәріс 10. Систематика биология ғылымы ретінде.

Дәріс жоспары:

1.Өсімдіктер систематикасының міндеттері және әдістері.

2.Балдырлардың жалпы сипаттамасы және систематикасы.

3. Прокариоттар.



Өсімдіктер систематикасының міндеттері және әдістері.

Өсімдіктер систематикасы-әр түрлі өсімдіктер түрлерін жеке топтарға бөліп, туыстық қатысын, шығу тегінанықтайтын нақты ғылым.Оның міндеті- жер шарында кездесетін көптеген өсімдік түрлерін жіктеп, оларды бірыңғай жүйеге келтіру.



Балдырлардың жалпы сипаттамасы және систематикасы.

Балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішінде фото – афотрофты өсімдіктердің қатарына жатады. Бұлардың тіршілік ортасы көбінесе су немесе ылғалды жерлер болып келеді. Сол сияқты топырақтың астынғы және топырақтың үстіңгі беттерінде қоныстанған түрлерімен қатар, ағаштардың қабықтарнда? Тастарда кездеетін түрлері әліде болса мұқият зерттеуді қаже етеді. Әртүрлі экологиялық жағдайларға байланысты қоныстанған балдырлар түрлері бірігіп ценоз түзеді. Яғни, белглі ораға белгілі бір балдырлар түрі тән. Көк жасл балдырларды, нағыз ядросы, хрооофорасы, митохондриясы жоқ болған себептен, бактерияларға біріктіріп, прокариотты топтарға жатқызад. Ал қалған балдырлар оптары эукариотарға, яғни ядролы өсімдікер топтарына жатады. Төменгі формадағы саңырауқұлақтардың сыртқы қабығы жоқ, жалаңаш, тек сыртқы қабаты цитоплазма қабығымен ғана қапталған.

Ал жоғары формадағы балдырлардың клетка қабықшасы бар, олар пектиндік заттардан және гемицеллюлозадан тұрады. Клеткада вакуоль, эндоплазмалқ тор, рибосома, митохондрия, Гольджи аппараты, хромотофорлар орналасқан. Көк жасыл балдырлардын басқаларында өзге органеллалармен қоса хромотофорлар жақс көрінеді. Олар жасыл өсімдіктерде хлоропласт деп аталса, бұларда хротомофора деп аталады. Бұлар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлоропластарымен салысырғанда әртүрлі пішінде, атап айтқанда дән, белдік, жіпше, жұлдызша спираль тағы басқа формада болады.

Барлық эукариотты балдарларда ерекше пиреноид бар, ол көбінесе хромотофораның ішінде, немесе одан тысқары орналасады. Клеткасы балдыр түріне байланысты бір немесе көп ядролы болады.

Балдырлардың көбеюі.

Вегетативтік көбеюі талломдары бөлінуі арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда протопласт ешқандай өзгерістерге ұшырамайды.

Жыныссыз көбеюі. Бір клетка екіге, төртке, сегізге бөлініп, соған сәйкес зооспора түзіледі. Коньюгаттарда, хараларда, диотамдардың кейбір түрлерінде, қоңыр балдырлардың фукус туысна жататын түрлерінде жыныссыз көбейу процесі байқалмаған.

Жынысты көбею жолы. Бұлар барлық балдырларға тән. Ек жнысты көбею жолы көк жасыл балдырларда ғана жоқ. Жынысты көбейу дегеніміз екі жыныс клеткаларының, яғни гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Олар арнайы аналық клеткаларда – гаметангияларды түзеді. Олар қосылып зигота түзеді. Жыныс процесі бірнеше этаптан түрады. Екі гаметаның цитолазмасы қослған кезең плазмогамия деп аталса, олардың ядролары қосылған кезең кариогамя деп аталады. Сонымен, зиготаның ядросы диплоидты, яғни жұп хромосомды. Жыныс ппроцесінің соңғы кезеңінде диплоидты ядро редукциялық жолмен (мейоз) бөлінеді. Яғни хромосом саны екі есе азаяды.

Қосылатын гаметарлардың морфологиялық айырмашылықтарына байланысты изогамия, геерогамия, оогамия деп бөлінеді.

Тағы бір жынысты көбею жодарына коньюгация жатады. Бұл процесс физиологиялық жағынан гаметалардың қызметін атқаратын, вегетативтік дифференцацияланбаған, екі клетканың ішіндегі заттардың қосылуы арқылы жүреді. Балдырларды ұрпақ алмасу бар – диплоидты жыныссыз спорофит және гаплоидты жынысты гаметофит. Екі ұрпақ та морфологиялық жағынан бірдей болса, оларды изоморфты ұрпақ аласу дейміз. Ал егер сыртқы пішіні жағынан әртүрлі болса, оларды гетероморфты ұрпақ алмасу дейміз. Изоморфты ұрпақ алмасу теңіз балдырлары мен жасыл балдырлардың арасында ульаға, энтероморфтыларға, кладофораға, хетоморфаға тән, сол сияқты жасыл және қызыл балдырларда да кездеседі.



Прокариоттар. Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптаскан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады. Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне катысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Өсімдіктер систематикасының мақсаты?

2.Хромотофора дегеніміз не?

3. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы қандай?

Қолданылатын әдебиттер: Әметов.Ә.Ә. Ботаника. Алматы. 2000 ж.

О.Абдрахманұлы. Өсімдіктер систематикасы. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Астана-2012.
Дәріс 11. Саңырауқұлақтар. Қыналар.

Дәріс жоспары:

1.Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы.

2.Систематикасы.

3.Қыналардың жалпы сипаттамасы.

4.Систематикасы.

Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы.

Саңырауқұлақтардың 100000 мыңдай түрлері белгілі. Зерттейтің ғылым микология деп аталады. Саңырауқұлақтарда хлорофилл болмайды. Қоректену ерекшеліктеріне қарай не сапрофиттер , не паразиттер болып табылады. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді жіне солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді. Саңырауқұлақтардың денесі мицелий немесе грибница деп аталады.



Систематикасы.

Саңырауқұлақтарды жеті класқа бөледі: Chytrodiomycetes, Hyphochytromycetes, Oomycetes, Zygomycetes, Ascomycetes, Basidiomycetes, Deuteromycetes.



Қыналардың жалпы сипаттамасы.

Қыналар саңырауқұлақ пен балдырлардың симбиоздық түрде тіршілік етуі нәтижесінде пайда болған ерекше өсімдіктер тобы болып саналады.

Олардың құрамына кіретін балдырлар көк – жасыл және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады, олардың табиғатта өз бетінше тіршілік ететін түрлерінен еш өзгешелігі жоқ. Қыналар құрамындағы жасыл балдырлардың түрлерінен хлорелла, цистококк, кладофора, трентеполия кездеседі, соңғы екеуі жіп тәрізді формалар. Бұндай қыналар жасыл түсті болып келеді. Көк жасыл түсті балдырлардан түрлеріне глеокапса, хроококк тағы басқалары кездеседі.

Қынаның құрамына кіретін саңырауқұлақтардың түрлерінің басым көпшілігі аскомицеттер класын құрайтын саңырауқұлақтар. Оларға пиреномицеттер мен дискомицеттер жатады. Ал базидиомицеттерден телефора туысы кіреді. Жоғарыда аталған саңырауқұлақтардың табиғатта жабайы өсетін түрлерімен салыстырғанда ұқсастығы шамалы.

Қыналар анатомиялық құрылысына байланысты гомеомерлі және гетеромерлі деп екіге бөлінеді.

Гомеомерлі типі қарапайым құрылысты болып келеді. Олардың денесін құрайтын саңырауқұлақ және балдыр клеткалары денелерінде біркелкі таралған. Бұлар балдыр бөліп шығарған кілегейдің ішінде орналасады. Кепкен кезде морт сынғыш келеді де, суға салса ісінеді.

Гетеромерлі талломның құрылыс ерекшеліктерін ксантория мен пармелия сияқты жапырақшалы қыналардың көлденең кесінділерінен байқауымызға болады. Кесінді препаратынан талломның үстіңгі қабатының өте тығыз шиыршықтала оралған жуан қабықты саңырауқұлақ гифтерінен тұратындығын көреміз. Бұл жалған ткань плектинхима деп аталады. Плектенхима бірнеше қабатты, оның ең үстінгі қабаты түсті, ал төменгі қабаттары түсіз болып келеді.

Плектинхиманың астында, босандау орналасқан гифтермен қоршалған, шар пішіндес бір клеткалы жасыл балдырлар топтарынан тұратын гонидиялық қабат орналасады. Гонидиялық қабаттың астында өзек орналасады. өзектегі саңырауқұлақтар гифтері түссіз келеді әрі өте бос байланысқан, олардың аралары ауаға толы.

Талломның ең астынғы қабаты құрылысы жағынан беткі қабатына ұқсас, яғни тығыз орналасқан жуан қабықты гифтерден тұрады. Осы қабаттан тарайтын бір қатарлы саңырауқұлақ жіпшелері, немесе ризоидтер, ал көпшілік жағдайларда ризиндер (өзектен өтетін жіпшелер шоқтары) қыналардың субсртаттарға бекініп өсуін және қоректенуін қамтамасыз етеді.

Нағыз бұталы қыналардың цилиндірлі талломдарының құрылысы да гетеромерлі типке жатады. Олардың көлденең кесінділерінен талломдарының бірнеше концентрлік қабаттардан тұратынын көруге болады: шеткі бөлігінде тығыз сыртқы қабат, одан ішке қарай бір клеткалы жасыл балдыр шоқтары орналасқан гонидиялық қабат, ортасында түссіз өзек және ең ортасында орталық білеу – остьік цилиндр орналасады. Остьік цилиндр серпілмелі шеміршек тәріздес тканьнен түзілген және механикалық қызметатқарады.

Қынаның көбейуі.

Олар жай екіге бөлінуі арқылы, немесе автоспора түзу арқылы көбейеді. Кейде гамета арқылы жынысты көбейеді. Қынаның құрамындағы саңырауқұлақ өзіне сай спора құратын орган түзеді. Перитейий қына қабатына кіріп томпайып орналасады.

Апотеций ол қына қабатының бетінде дөңгелек астау тәрізді немесе төмпешік тәрізді өсінділер түрінде болады.

Құрамында қалталы саңырауқұлақтары бар қыналарда жыныс процессі тән.

Аскомицеттерден пайда болған аскоспора маңайында өздеріне сай балдыр болса, оны орап қынаның қабатына айналады.

Қыналар соредий және изидий деп аталатын орган арқылы вегетативті көбейеді. Соредий жапырақты, бұталы қынаға тән.

Бұталы қыналарда түзілген бірінші реттік талломдардан, екінші реттік талломдар түзіледі де, олар бұтақтанады немесе бұтақтанбауы да мүмкін. Екінші реттік бұтақтанған талломдарды подециялар деп атайды. Подециялар көбінесе кладония түрлеріне тән, олардың формалары тебен, таяқ, жоғарғы бөлігі жұмырлана кеңейген бокал пішіндес болып келеді және жиі тармақтанып бұтақтануы мүмкін. Бокал тәрізді формаларында подециялардың шеткі жақтарын жағалай жаңадан подециялар түзіледі.

Систематикасы.

Қыналарды 4 класқа бөледі: қалталы қына, базидиальды қына, фиколихенс класы, дейтеролихенс класы.

Қыналардың экологиялық топтары.

Қыналар жоғарыда көрсетілгендей барлық жерлерде таралған.

Төмендегідей экологиялық топтарға бөлінеді.


  1. Топырақ бетіндегі қыналар немесе эпигейлі қыналар. Олар жер бетінде таралған жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен бәекеге түсе алмайды, сол себептен жер бетінде аз мөлшерде кездеседі. Ашық жерлерде өсетін қыналардың қатарына пельигера, стереокаулон, кладония, цетрария т. б. туыстар түрлері жатады.

  2. Эпифитті қыналардың қатарына ағаштар мен бұталарда қоныстанған қыналар түрлері жатады. Бұл топтағылар жапырақта қоныстанса – эпифильді, жалаңаш ағаш діндерінде қоныстанса – эпиксильді деп аталады. Оларға фисция, уснея т. б. туыстары жатады.

  3. Эпилитті қыналар – олар тастарда, құздарда, жартастарда тіршілік етеді. Олардың қатарына коллема, гаспарриния, леканора туыстары жатады.

  4. Суда тіршілік ететін қыналардың қатарына – гидротирия қынасын жатқызуға болады.

Қыналар әртүрлі субстратта мекендейді. Мысалы оларды темірдің үстінде, шыныларда, картон қағаздарда, сүйек устінде, өртенген ағаштарда т.б. жерлерден кездестіруге болады.

Өзін –өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым қалай аталады?

2. Қына қандай организм?

3. Қыналардың табиғаттағы маңызы қандай?

Қолданылатын әдебиеттер: Әметов.Ә.Ә. Ботаника. Алматы. 2000 ж.

О.Абдрахманұлы. Өсімдіктер систематикасы. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Астана-2012.
Дәріс 12. Мүктәрізділердің, плаунтәрізділердің жалпы сипаттамасы және систематикасы.

Дәріс жоспары:

1. Мүктәрізділердің жалпы сипаттамасы.

2. Систематикасы.

3. Плаунтәрізділердің жалпы сипаттамасы.

4. Систематикасы.

Мүктәрізділердің жалпы сипаттамасы.

Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.

Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен  көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды «Бриология» дейдi.

Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер.

Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым, түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. «Ризоид» — бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.

Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.



Систематикасы

Мүктәрізділер 3 класқа бөлінеді: антоцероттылар, бауыр мүктері, нағыз мүктер.



Плаунтәрізділердің жалпы сипаттамасы.

Плаун тәрiздiлер ерте дәуiрде пайда болған. Олардың казiргi кездегi өкiлдерi көп жылдық мәңгi жасыл шөптесiн өсiмдiктер. Жойылып кеткен түрлерiнiң iшiнде ағаштарыда кездескен. Қазiргi кезде плаундардың 100 – дей түрi белгiлi. Плаун  тәрiздiлер тең және әр түрлi споралы өсiмдiктер. Тең споралы плаун тәрiздiлердiң кең тараған өкiлiне шоқпарбас плаун(плаун булововидный – Lycopodium clavatum) жатады.

Ол қарағайлы ормандарда жиi кездеседi. Плаунның сабағы жерге төселiп, тiк және басқа өсiмдiктерге сүйенiп өседi. Төселiп өсетiн сабағынан жоғары қарай ұсақ жапырақтары бар, өркендерi, төмен қарай қосалқы тамырлары жетiледi. Күзге қарай жоғары бағытталып, тiк өсетiн өркендерiнiң ұшында екiден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетiн масақтары дамиды. Плаунның сабағының iшкi құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа қабық жауып тұрады. Оның астында жақсы жетiлген қабық қабаты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тiрек ұлпасы бар. Сабақтың ортанғы бөлiгiн шеңберлi шоқ алып жатады

Көбеюi. Шоқпарбас плаун вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейедi. Вегететивтi көбеюi төселiп өсетiн өркендерiнiң үзiндiлерi арқылы жүзеге асады. Мұндай үзiндiлердiң жас клеткаларынан қосалқы тамырлар, содан соң жас өркендер жетiледi. Осылайша бiр өсiмдiктен бiрнеше жас плаун пайда болады. Кейбiр түрлерi (басқа ағашқа жабысып өсетiндер) өркендерiнiң ұшында пайда болатын бүршiктерi арқылы вегетативтi көбейедi. Бүршiк толық жетiлген соң үзiлiп (0,5м қашықтыққа) түсiп, қолайлы жағдайда өнедi. Мұндай бүршiктер өркенде жылына бiр рет түзiледi. Жыныссыз көбеюi споралар арқылы жүзеге асады. Споралар масақтарында жетiледi. Плаунның спора түзетiн масағының өсiне көптеген үш бұрышты, ұшы үшкiр спорофилдер бекидi. Спорофилл –түрi өзгерген жапырақ. Осы спорофилдерде бүйрек тәрiздi спорангийлер орналасады. «Спорангий» споралар дамитын орын, олардың iшiнде көптеген ұсақ, сары түстi споралар жетiледi. Споралардың барлығының пiшiнi мен мөлшерi бiрдей. Пiсiп – жетiлген споралар спорангийлердiң қабықшасының жарылуының нәтижесiнде жерге шашылады. Плаун тәрiздiлердiң кейбiреулерi (мысалы, Selaginella) әртүрлi споралы өсiмдiктер болып келедi.

Жынысты көбеюi жерге түскен споралардың өнуiнен басталады. Плаун спораларының өнуiнiң екi типi белгiлi. Жер үстi және жер асты типтерi. Бiрiншi жағдайда споралар жерге түскен соң бiрнеше күннен кейiн жер үстi өскiншелерiн бередi. Бұл өскiншелер жартылай сапрофит ретiнде қоректенедi. Олардың жерге төселiп өскен ашықтау – жасыл түстi өскiншелерiнiң астында саңырауқұлақтардың жiп шумақтары (гифалары) болады. Саңырауқұлақтың жiп шумағынсыз өскiншелер өспей қурап қалады. Осылайша жартылай жерге енiп жататын өскiншелер бiр жаздың өзiнде пiсiп жетiледi. Плундардың өскiншелерi қос жынысты, ұзындығы 20 мм аспайды. Өскiншенiң үстiнгi бетiнде аталық және аналық жыныс клеткалары қосылып ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсiмдiктiң тамырының, сабағының және жапырағының бастамасы болады. Келешекте ұрықтық тамыршадан нағыз тамыр, сабақшадан – нағыз сабақ, ал жапырақшадан – нағыз жапырақ қалыптасады. Нәтижесiнде плаун өсiмдiгi пайда болады. Жер асты споралар жерге түскен соң 6-15 жылдың аралығында саңырауқұлақтардың жiп шумақтарымен селбесiп өсiп, қос жынысты өскiншеге айналады. Ұрықтанған клеткалардан келешекте жас плаун өсiмдiгi пайда болады.

Плаундардың маңызы.  Плаундар барлық жасыл өсiмдiктер секiлдi фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi және топырақ түзу процесiне қатысады. Плаундардың практикалық маңызы шамалы. Спораларын көп мөлшерде жинап, дәрi — дәрмек жасауға пайдаланылады. Шөбiн қайнатып, тұнбасын iш жүргiзетiн, несеп айдайтын және өттi тазартатын дәрi ретiнде медицинада қолданылады.



Систематикасы

Бұл бөлім екі кластан тұрады: Плаундар және полушниктер класы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет