Төлемақы
Тапсырысшы төлемақыны Орындаушының банк шотына ақша аудару арқылы мынадай тәртіппен төлейді.
Тапсырысшы Орындаушыға төленетін төлемақыны Қызметтер не олардың бір бөлігі тиісті түрде көрсетілген соң, 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде 10.2-тармақтың ережелеріне сәйкес Көрсетілген Қызметтер актісіне Орындаушы мен Тапсырысшы қол қойғаннан және Орындаушыдан шот-фактура алынғаннан кейін жүзеге асырады.
Шот-фактуралар және Көрсетілген Қызметтер актісі осы Шарттың 5 және 4-қосымшаларына сәйкес нысанда әр Тарап үшін 3 (үш) данадан, сондай-ақ Жер қойнауын пайдаланушы үшін Жер қойнауын пайдаланушының деректемелері және сатып алу сомалары (соның ішінде Жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі қосылған құн салығы сомасы) ҚР Салық Кодексінің 374 бабына сәйкес көрсетіліп, ұсынылады. Шот-фактурада Шартқа және оның деректемелеріне (нөмірі, күні) сілтеме жасалуға тиіс.
Шот-фактураларды алған соң, Тапсырысшы олардың дұрыс толтырылуын тексереді. Шот-фактура төленуге тиіс Қызметтердің нақты көрсетілгенін растайтын, Орындаушы мен Тапсырысшы қол қойған, бекітілген Көрсетілген Қызметтер актісі сомасына дәлме-дәл сәйкес болуға тиіс.
Тапсырысшы Осы Шартта көрсетілген талаптарды бұзып ресімделген шот-фактуралар бойынша төлемақы жүргізбеуге құқылы.
Орындаушы осы Шартқа сәйкес және онда көрсетілген көлемде ресімделген құжаттарды (шот-фактураларды, Көрсетілген Қызметтер актісін) ұсынбаған жағдайда, Тапсырысшы төлемақыны төлемеуге құқылы.
Тапсырысшы тарапынан төлемақының болмауы осы Шарт бойынша уақытылы төлемақы жүргізу міндеттемесін орындауды кешіктіру болып саналмайды, сонымен қатар мұндай сомаға міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін қандай да бір айыппұл санкциялары салынбайды.
Шарттың валютасы және төлемдердің валютасы
Шарттың валютасы теңге болып табылады. Осы Шарт бойынша Тапсырысшы Орындаушының пайдасына орындайтын барлық төлемдер ұлттық валюта – теңгеде жүзеге асырылады.
Төлем тәсілдері
Осы Шарт бойынша Тапсырысшы Орындаушының пайдасына орындайтын барлық төлемдер 26-бабына сәйкес деректемелер бойынша Орындаушының банк шотына жүргізіледі.
Даулы шот-фактуралар Хабарлама алынған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Тараптар қол қойған Көрсетілген Қызметтер актісі негізінде шот-фактураның дұрыс нұсқасын ұсыну туралы хабарлана отырып, қайтарылуға тиіс, Тапсырысшының мұндай іс-қимылдары төлеу мерзімін кешіктіру болып саналмайды.
Тапсырысшының шот-фактураларды төлеу жөніндегі жауапкершілігі Тапсырысшының есебінен қаражат есептен шыққан күні және сол сәтте аяқталады. Бұл ретте Тапсырысшы Орындаушының талабы бойынша өз банкіінен төлем операциясы орындалғаны туралы растау қағазын ұсынуға міндетті. Комиссиялық алымдарды, қаражатты ауыстыру шығыстарын және/немесе банк шығыстарымен байланысты өзге де төлемдерді Тараптардың әрқайсысы өзі көтереді.
Шартты бұзу кезінде Тараптардың өзара есеп айырысуы.
Осы Шарт Қызметтерді көрсету Басталатын Күнге дейін немесе Қызметтерді көрсету кезеңінде бұзылған жағдайда Тараптардың өзара есеп айырысулары осы Шарттың 19-бабының негіздері мен талаптары бойынша жүргізіледі. Орындаушы пайдасына көрсетілген 19-баппен көзделген төлемдер Орындаушыға төленуге тиіс жалғыз әрі айрықша сомалар болып табылады және Орындаушы оның осы Шарт бойынша осы сомаларға қатысты ғана дәмесі болатынына келіседі.
Осы Шарт кез келген негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Тараптардың барлық өзара есеп айырысулары төленген төлемдер сомасы ескеріліп жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |