Бұрғылау қондырғысын жайғастыру бойынша тәуелсіз супервайзердің қызметтері шарт №



бет2/85
Дата12.10.2020
өлшемі221,63 Kb.
#68335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85

1 БАП. АНЫҚТАМАЛАР





    1. Терминдер және анықтамалар

«Көрсетілген Қызметтер актісі» - Көрсетілген Қызметтердің нәтижелерін Актіде көрсетілген Қызметтерді көрсетудің бір бөлігі немесе бүкіл кешені ережелеріне байланысты Орындаушы тапсырып, Тапсырысшы қабылдағанын растайтын, Тараптар тиісті түрде жасап, ресімдеген құжатты білдіреді.

Банк күні – Қазақстан Республикасындағы банктер үшін жұмыс күні деп саналатын күнді білдіреді.

Өрескел ұқыпсыздық – адамдар мен мүлік қауіпсіздігіне саналы түрде немқұрайлы қараудыжәне жауапсыздықпен елемеуді білдіретін сақтықтың толықтай жоқ болуын білдіреді.

«Мемлекеттік органдар» - Орындаушы көрсететін Қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылау мен қадағалауды, рұқсаттар беруді, келісулерді жүзеге асыруға өкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары.
«Қызметтерді көрсету/ұсыну басталатын күн» - Тапсырыс-жүктелімде жазылған Қызметтерді көрсету басталатын күнді білдіреді.

Мерзімді есептеу Қызметтерді көрсету/ұсыну басталатын күннен басталады.

«Қызметтерді көрсету аяқталатын күн» - осы Шарттың 3.2-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірілмейтін Қызметтерді көрсету аяқталатын күнді білдіреді.

«Шарт» осы Шартты, соның ішінде осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын барлық Қосымшаларын, сондай-ақ Тараптардың уәкілетті өкілдерімен тиісті түрде қол қойылған Шартқа жасалған кез келген өзгерістерді және толықтыруларды қосқанда білдіреді;

Тапсырысшы – «Жамбыл Петролеум» ЖШС.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет