Бұрғылау қондырғысын жайғастыру бойынша тәуелсіз супервайзердің қызметтері шарт №



бет3/85
Дата12.10.2020
өлшемі221,63 Kb.
#68335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Қызметтерді көрсету орны – Каспий теңізіндегі қазақстандық сектордың солтүстік батысындағы Жамбыл учаскесінде орналасқан №2 Жетiсу (ZT-2) бағалау ұңғымасын бұрғылау нүктесі.

Орындаушының жабдығы – Қызметтерді көрсетуге қажетті барлық механизмдерді, құрылыстарды, аспаптарды, жабдықтарды, кемелерді және өзге де құралдарды білдіреді.

ББҚ – Батпалы бұрғылау қондырғысы.
«Тапсырысшының персоналы» Орындаушының персоналынан басқа, Тапсырысшының персоналын және Тапсырысшының басқа Орындаушының персоналын білдіреді;

«Орындаушының персоналы» Орындаушының Шарт бойынша Қызметтерді көрсету үшін ұсынатын қызметкерлерін, сондай-ақ Орындаушының қосалқы мердігерлерінің персоналын білдіреді;

«ҚР» - Қазақстан Республикасы;

«Қызметтер» - осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелер негізінде Орындаушының осы Шартқа №2 қосымшада аталған Қызметтерді орындауын білдерід және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Орындаушы орындауға тиіс барлық және кез келген іс-қимылдарды шектеусіз қамтиды;


«Хабарлама» бір Тараптың екінші Тарапқа кез келген байланыс құралы арқылы жолданған, белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асыруды талап ететін ресми жазбаша хабарламасын білдіреді.

  • Құпия Ақпарат - Тапсырысшы Орындаушыға жазбаша, ауызша, электронды немесе кез келген басқа нысанда ұсынған және Тапсырысшының не оның бас, еншілес компаниясының немесе филиалының («Үлестес компаниялар») бизнесіне немесе технологиясына қатысы бар ақпаратты, сондай-ақ жазбалар, құжаттама және хат алмасулар шектеусіз қамтылатын, осы ақпаратқа негізделген өнімдерді, Қызметтерді, компиляцияларды, талдауларды, қорытындылар мен материалдарды білдіреді. Құпия Ақпарат сондай-ақ жұмыстардың кез келген немесе барлық сатысындағы Тапсырысшыға немесе Тапсырысшының Үлестес компанияларына тиесілі қаржылық ақпаратты, стратегия, коммерциялық жоспарлар, коммерциялық операциялар мен жүйелер, баға саясаты, коммерциялық құпия туралы ақпаратты, қызметшілер, клиенттер және/немесе жеткізушілер туралы ақпаратты, инженерлік-геологиялық және басқа да деректерді, өнертабыстар, жетілдірулер, ноу-хау, ҒЗТКЖ туралы ақпаратты, сондай-ақ Орындаушының осы Шарт бойынша барлық Жазбалары мен қызмет нәтижелерін шектеусіз қамтиды.




    1. Осы Шартты бас әріптен қолданылатын өзге терминдердің мәні ҚР заңнамасындағы терминдердің мәніне сәйкес келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет