Тараптар осы Шарт күшіне енген сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде Шарт бойынша міндеттемелерін орындау барысында өздеріне белгілі болған бір бірінің коммерциялық, қаржылық және өзге де мүдделерін адал сақтауға, екінші Тараптың жазбаша келісімімен жасалған жағдайларды не жариялауға рұқсат етілген мәліметтер тізбесі Тараптардың арнайы жазбаша келісімімен айқындалған жағдайларды қоспағанда, егер үшінші тарапқа алдын ала белгілі болмаса және заңды негізде еркін қолжетімді болмаса, Шарттың мәніне немесе Тараптың өзге де қызметіне қатысты кез келген ақпаратты жарияламауға және үшінші тұлғаларға бермеуге келіседі.
Құпия ақпарат мыналарды қамтиды, бірақ онымен шектелмейді:
Осы Шартпен байланысты Тараптың кез келген қаржылық немесе шаруашылық қызметіне қатысы бар мән-жайлар мен мәліметтер;
- Тараптар және олардың Шартты орындауға қатысы бар лауазымды тұлғалары туралы деректер, соның ішінде жеке деректер (тектер, мекенжайлар, телефондар және т.с.с.);
Шартқа қатысы бар үшінші тұлғалардың атаулары және олар туралы мәліметтер, соның ішінде олардың лауазымды тұлғаларының аты-жөндері мен басқа да жеке мәліметтері;
Осы Шарттың талаптары, сонымен қатар Тараптармен Шартты орындау барысында алынған кез келген өзге ақпарат. Бұл ретте Тапсырысшы өз қалауы бойынша осы Шарт бойынша Қызметтерді көрсету барысында Орындаушыдан алған барлық және кез келген ақпаратты пайдалануға және оны үшінші тұлғаларға беруге құқылы;
Тараптар құпия деп таныған кез келген өзге ақпарат.
Осы Баптың ережелері Тараптардың әрқайсысына, сонымен қатар Орындаушының Персоналы немесе Тапсырысшының Персоналы болып табылатын барлық тұлғаларға, соның ішінде олармен еңбек құқықтық қатынастары бұзылған соң да, не Тараптар келісімшарттар не еңбек келісімдері негізінде тартқан барлық тұлғаларға, сондай-ақ осындай мәліметтер мен ақпаратқа қолжетімді басқа да тұлғаларға құпия ақпаратты жарияламау міндетін жүктейді.
Тараптар Құпия ақпаратты заңсыз ашу нәтижесінде екінші Тарапқа келтірілген залал үшін бір бірінің алдында жауапты болады. Жауапкершілік туралы ережелер Шарт жасалған күні немесе оның қолданылу кезеңінде мәліметтер немесе ақпарат Тараптардың іс-әрекеттеріне байланыссыз жалпыға белгілі болған немесе болатын жағдайларға қолданылмайды.
Осы 17.4-тармақ құпия ақпарат ҚР заңнамасының талаптары негізінде ашылуға тиіс жағдайларға қолданылмайды.