4.1 Қызметтердің көлемі
Орындаушы осы Шартқа қол қойылған соң ресми Хабарлама (Тапсырыс-жүктелім) негізінде №2 қосымшаға сәйкес Қызметтер көлемін көрсетуге кіріседі.
Қызметтерді кезең-кезеңмен көрсету қажет болған жағдайда, осындай Қызметтердің нақты көрсетілгені бойынша есеп айырысулар осы Шарттың 10.2-бабында көзделген мөлшерде жүргізіледі.
Жалпы ережелер
Орындаушы осы Шарт талаптарына сәйкес Қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ететін мөлшерде Орындаушының Персоналын өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге тиіс. Орындаушы Орындаушы Персоналының санын, құрамын, жұмыс уақытын және сыйақысын өз бетінше анықтайды, бірақ Тараптар Орындаушы Персоналының санына, оның құрамына және біліктілігіне қатысты уағдаласуы мүмкін, содан соң Орындаушы Орындаушы Персоналын сондай уағдаластыққа сәйкес қамтамасыз етуге тиіс.
Орындаушы Орындаушының Персоналына кіретін тұлғалардың біліктілігі, құзыреттілігі мен тәжірибесі Шарт бойынша Қызметтерді көрсетуге арналған талаптарға тиісті кәсіби деңгейде сәйкес болатынына, сондай-ақ сатып алынатын Тауарлардың, Жұмыстар мен Қызметтердің сәйкесінше нарығында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар екеніне кепілдік береді.
ҚР Заңнамасының және осы Шарттың Қызметтерді көрсетуге қатысты талаптарына сәйкес, Орындаушының бүкіл Персоналы осы Шартта және №2 қосымшада айтылған Қызметтер мен жұмыстарды ғана көрсететін және жүргізетін Орындаушының қызметкерлері (жұмыскерлері) ретінде ғана қаралады.
Орындаушының Персоналына және Орындаушының қосалқы мердігерлеріне тиесілі болуы мүмкін еңбекақыға, әлеуметтік жәрдемақылар төлемдеріне, талаптарға, шығыстарға және кез келген басқа төлемдерге, денсаулыққа және өмірге келтірілген залалдарды өтеуге қатысты кез келген талап-арыздар, талаптар, кінәраттар, айыппұл есептеулер немесе кез келген сипаттағы сот шешімдері бойынша Орындаушының Персоналы және қосалқы мердігерлері үшін барлық жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
5.2.Еңбек даулары
Орындаушы Қызметтерді көрсету барысында Орындаушының персоналымен туындауы мүмкін кез келген еңбек дауларын өзі және өз қаражаты есебінен реттеуге міндеттенеді және Орындаушы орналасқан және/немесе Қызметтер көрсетілетін жердегі кез келген мемлекеттік органдар Орындаушыдан төлеуді талап етуі мүмкін әлеуметтік сақтандыру бойынша барлық жәрдемақыларды, залалдарды өтеуді, өтемақыларды, зейнетақыларды, кез келген түрдегі қосымша жеңілдіктер мен салықтарды төлеуді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Орындаушы жалдаған қызметкерлер тарапынан болатын кез келген кінәраттардан Тапсырысшыны босатады.
Орындаушы Орындаушының Персоналына Шарттың қолданылу мерзімі ішінде еңбекақыны уақытылы және толық көлемде төлеуге міндеттенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |