Сабақтың мақсаты Оқушылар өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды және



бет1/8
Дата24.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#188226
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
123-126 қазақ тілі


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:




Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 3

Қатысқаны

Қатыспағаны

Тақырыбы

123. Дыбыс және әріп

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.​2.​2.​1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану

Сабақтың мақсаты

Оқушылар өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды және
тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажыратады, сөйлеу барысында қолданады.




Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут



I. Психологиялық ахуал
Сәлемдесу.
Психологиялық дайындық
Бізде жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз
Апайымызбен ең алғаш, амандасып аламыз.
Жарқырасын күніміз, жайнап тұрсын гүліміз,
Жақсы ниет тілекпен,
Бастайық сабақ бүгін біз.

1.Мұғаліммен сәлемдеседі.
2.Өлең шумағын мәнерлеп айтады
.

Жарайсыңдар!






4 минут

3 минут


Үй тапсырмасын сұрау
13- жаттығу.
Өлеңдегі ынтымақ, бірлік, паш етеді, ғұрып сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздіктен қара.
Ынтымақ-ұйымшылдық, бірлік.
Бірлік-татулық.
Паш етеді-көпке белгілі ету.
Ғұрып- ежелден орныққан әдеттік ұстанымдар мен ырым-тыйымдардың қажеттілікке байланысты дағдылы қалыппен және ретпен атқарылатын ұжымдық іс-әрекет.
Өткенді пысықтау.Желпуіш әдісі
1. Зат есім дегеніміз не?
2.Тура мағыналы сөздер дегеніміз не?
3.Ауыспалы мағыналы сөздер дегеніміз не?
4.Мысал келтір.Ақкөңіл адам қандай мағынада айтылып тұр?
5. Етістік дегеніміз не?
6. Сын есім дегеніміз не?
7. Сан есім дегеніміз не?
8. Сан есімдерді қатыстырып 3 сөйлем құра.

Үй тапсырмасын тексертеді.


Сұрақтарға жауап береді.





Дескриптор:
1. Үй тапсырмасын тексертеді.
Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс!






Сабақтың ортасы
2минут
Білу.
10 минут

6 минут

2 минут

3 минут
6 минут



Оқушыларды оқу мақсаты және бағалау критерийімен таныстырамын.
III. Жаңа тақырып.
Білу және түсіну . Оқулықпен жұмыс.
18 - жаттығу. Мәтінді оқы.
Ержүрек қыз
Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықта.
Жоспарға сәйкес мәтінді төрт бөлікке ажырат:
1. Мәншүктің өтініші.
2. Жаудың қарсы шабуылы.
3. Мәншүктің батыл қадамы.
4. Құрметті атақ.
Жоспар бойынша мәтін мазмұнын жаз.
Ержүрек қыз.
Мәншүк өтінішінде пулемётші болып, құлым жауды жайратқысы келетінін айтыпты. "Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен!" деп жазыпты. Бір мезгілде жау қарсы шабуылға шықты. Олар жақындай бастады. Жараланған Мәншүк жарасының жанына батқанына қарамай, оқ жаудырып, жауларды баудай түсірді.
Оған Кеңес Одағының Батыры деген құрметті атақ берілді.


19-жаттығу. Мақалды тиісті тыныс белгілерімен толықтыр.
1. Батыр туса - ел ырысы,
Жаңбыр жауса - жер ырысы.
2. Ердің туы - намыс.
Мақалдардағы баяндауыштардың қай сөз табынан жасалғанын айт.
Сызықшаның неліктен қойылғанын түсіндір.
Сергіту сәті
"Мен қазақпын" әні
ЕБҚ
Суретте көрсетілген 12 әріптен 21 сөз шығарып көр. Ол үшін ешқандай әріп тастамай рет-ретімен оқи бер.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет