6. Жүректің ишемиялық ауруы. Жіті коронарлық синдром.Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек. Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА), барлық созылмалы аурулар сияқты тұрақты ағым кезеңі мен өршу кезеңдерінен тұрады. ЖИА-ның өршу кезеңін жіті коронарлы синдром деп белгілейді. Бұл терминмен миокард инфаркты (Q тісшесіз майда ошақты миокард
инфаркты т.б.) мен тұрақсыз стенокардия сияқты клиникалық жағдайларды біріктіреді. Тұрақсыз стенокардия мен миокард инфарктының клиникалық көріністері әртүрлі болғанымен, патофизиологиялық үрдістері бір, атап айтқанда әртүрлі дәрежедегі
тромбоздар мен тәж артериясы эндотелиясының эрозиялары және тромбоэмболиялар.
Жіті коронарлы синдром (ЖКС) термині клиникалық тәжірибеге оның емдеу әдістері, атап айтқанда тромболитикалық емі белгілі болғанда, сонымен қатар ірі ошақты миокард инфарктінің бар не жоғын нақты шешіп, қорытынды диагноз қойғанға дейін енгізілді.
Дәрігердің науқаспен бірінші қатынасында, егер ЖКС-ға күдік туса, онда оның клиникалық және ЭКГ белгілеріне байланысты негізгі екі түрі ажыратылады . ST сегментінің көтерілуімен жіті коронарлы синдром. Бұл кеуде қуысында ауырсыну сезімі және басқа жағымсыз сезімдері, ST сегментінің тұрақты көтерілуімен немесе ЭКГ-да Гис шоғырының
сол аяғының «жаңа» блокадасы (алғаш рет пайда болған) бар науқастар. ST сегментінің тұрақты көтерілуі коронарлы артериялардың жіті толық окклюзиясына байланысты. Бұл жағдайда ем мақсаты қан тамырының ішкі кеңістігін тез және тұрақты қалпына келтіру. Бұл үшін тормболитикалық дәрілер (қарсы көрсеткіштері болмаса) немесе тура ангиопластика ( техникалық жағдайлар болса) қолданылады. ST сегментінің көтерілуінсіз жіті коронарлы синдром. Кеуде қуысында ауыру сезімі және ЭКГ-да жіті миокард ишемиясы бар,
бірақ ST сегментінің көтерілуінсіз қаралған науқастар жатады. Бұл науқастарда тұрақты немесе өтпелі ST депрессиясы көрінеді; Т тісшесінің инверсиясы,тегістелуі немесе теріс қалыпқа келуі көрініс табады, кейде ЭКГ қалыпты болуы да мүмкін. Мұндай науқастарды
қарау стратегиясы ишемияны және симптомдарды жою, ЭКГ-ны қайталап түсіре отырып бақылау және миокардтың некроз маркерларын анықтауды (жүректік тропониндер
және креатинфосфокиназа МВ-КФК) қамтиды.Тромболитикалық дәрілерді қолданбайды және оның әсері болмайды. Емдеу әдісі науқас жағдайының ауырлығына байланысты…
Жіті коронарлы синдром - жіті миокард инфаркты немесе тұрақсыз стенокардияға күдік туғызатын кез-келген клиникалық белгілер немесе симптомдар тобы болып табылады. Оған ЖМИ ,ST көтерілуімен МИ; ST көтерілуінсіз МИ, фермент өзгеруіне байланысты қойылған МИ, биомаркер, ЭКГ-дағы кеш белгілер арқылы қойылған МИ, тұрақсыз стенокардия жатады. Бұл термин аталған жағдайларға қорытынды диагноз қойылғанша жүргізілетін
ем әдісін таңдау үшін қажет. ST сегментінің көтерілуінсіз МИ - миокард ишемиясының
ұзақтығы мен ауырлығы миокард некрозын тудыруға жеткілікті болатын жіті үрдіс .Алғашқы ЭКГ-да ST көтерілуі болмайды. ST сегменті көтерілмеген миокард инфаркты бар науқастардың көбінде Q тісшесі пайда болмайды, соңында Q-сегментсіз МИ анықталады.
Оны тұрақсыз стенокардиядан миокард некрозы маркерлерінің көтерілуіне қарай ажыратады.
Тұрақсыз стенокардия- ауырлығы мен ұзақтығы миокард некрозын туғызуға жеткіліксіз болатын миокардтың жіті ишемиялық процесі. Әдетте ЭКГ-да ST көтерілуі болмайды. Миокард некрозын көрсететін биомаркерлер мөлшері МИ инфарктын қоюға жеткіліксіз
болады.
Клиникалық көріністері. ST сегментінің жоғарылауынсыз жіті коронарлы синдроммен жедел медициналық көмекке қаралған науқастарды мынадай клиникалық топтарға жатқызуға болады.
• ангинозды ауыру сезімінің созылыңқы ұстамасы (>15мин) тыныштық күйде дамыған науқастар.
•алғаш рет пайда болған стенокардия (20-30 күн ішінде);
• бұрынғы тұрақты стенокардиясы бар науқастардағы аурудың дестабилизациясы немесе тыныштықтағы ұстамалы аурулар (үдемелі стенокардия). Канадалық Жүрек-Қан тамыр Қоғамының классификациясының III класс стенокардиясына сәйкес; Кейде жіті коронарлы синдром атипті көрінуі мүмкін, әсіресе жастарда (25-40жас) және егде жастағы науқастар (>75жас),қант диабетімен ауыратындар және әйелдерде. Тұрақсыз стенокардияның
бұл түрінде тыныштық жағдайында болатын ауыру сезімі, эпигастрий аймағында ауыру сезімі, ас қорытудың жіті бұзылысы,кеуде қуысында шаншыған ауыру сезімі, плевраның зақымдану ауыру сезімі немесе ентігудің өршуі сияқты көріністермен байқалады.
Мұндай жағдайларда дұрыс диагноз қоюға ЖИА-ның ұзақтығы жәрдем береді.
Электрокардиография
Тыныштық күйде түсірілген электрокардиография (ЭКГ) – жіті коронарлы синдромы бар науқастарды бағалайтын негізгі әдіс. ЭКГ тіркеуін симптомдар пайда болған және симптомдар жоғалған кезде түсіріп, салыстыру қажет. ЭКГ-ны МИ бұрын ауырған немесе сол қарынша гипертрофиясы анықталған ескі ЭКГ-мен салыстырып жүргізген дұрыс. Инфарктан кейінгі болатын тыртықты көрсететін Q тісі, коронарлы атеросклерозға да өте тән, бірақ осы айтылған жағдайдағы тұрақсыздықты көрсетпейді. Тұрақсыз стенокардияның ЭКГ көріністері- ST сегментінің ығысуы және Т тісшесінің өзгерісі. Клиникалық көрінісі айқын
болған тұрақсыз стенокардияда ST сегментінің депрессиясы да, анық байқалады,1мм-ден жоғары екіден және одан да көп қосылған әкетулерде,сонымен қатар R тісшесі болатын әкетулерде T>1мм инверсиясымен көрінеді (соңғы белгі онша тән емес). Алдыңғы
кеуделік әкетулерде Т тісшесінің терең симметриялық инверсиясы көп жағдайда сол жақ коронарлы артерияның алдыңғы төмен кететін тармағының айқын проксимальды стенозы кезінде болады. ST сегментінің спецификалық емес ығысуы және Т тісшесінің өзгеруі
амплитудасы 1мм-ден аспаса мәліметі аз болады. ЖКС-ға күмәнді симптомдары бар аурулардың жалпы ЭКГ-ның қалыпты болуы осы симптомдардың болуын жоққа шығармайды. Бірақ, қатты ауыру сезімі кезінде қалыпты ЭКГ тіркелсе, науқастардың шағымдарының басқа себептерін іздеу керек. ST сегментінің жоғарылауы коронарлы артериялардың окклюзиясы салдарынан болған трансмуральды миокард ишемиясын
көрсетеді. ST сегментінің тұрақты жоғарылауы миокард инфарктына тән. ST сегментінің өтпелі жоғарылауы Принцметалл стенокардиясына (вазоспастикалық стенокардия) тән.
Жіті коронарлы синдромы бар науқастарға көмек беру тәртібі Дәрігермен біріншілік қатынас (Учаскелік,емхана кардиологы) Жалпы жағдайын бағалау,соған байланысты келесі варианттар болуы мүмкін: 1) ЖКС-ның дамуына күмән тудыратын науқаста соңғы 48 сағат ішінде қатты ауыру сезімінің болуы арнайы кардиологиялық бөлімшесі бар немесе кардиологиялық ауруға арнайы қарқынды терапия блогы бар емдеу мекемесіне жедел түрде жатқызу немесе жедел жәрдем шақыру; • аспирин беру, науқас қабылдамаған болса (250-500мг препаратты шайнау); • ұзақ уақытты ауыру сезімі кезінде- тіл астына нитроглицерин беру; • айқын клиникалық қарсы көрсеткіштер болмаса b-блокаторлар беру; • төсектік режимді сақтау; аритмияны, жүрек жеткіліксіздігін, ишемия-гипертония жағдайын ауырлататын факторлардың айқындылығын бағалау; 2)Соңғы 48 сағат ішінде қатты стенокардия ұстамасы болмаған жағдайда • Егер ЖИА өршуіне күмән болса (жағдай біріншілік немесе үдемелі стенокардияға тән), науқас тексерілу және емделу мақсатында арнайы мекемелерге жолдану керек; • Науқасқа аспирин беру, қабылдамаған болса; • Ішке нитраттар және b-блокаторлар беруге болады; Жедел жәрдем дәрігері • Егер науқастың кеуде қуысындағы жағымсыз әсер мен ауыру сезіміне байланысты жедел жәрдем шақырылса, бұл жағдайда жіті коронарлық синдромның (ЖКС) болу ықтималдығы жоғары және бұл кезде негізгі мақсат тезірек науқасты ауруханаға жеткізу • Аспирин беру,(250-500мг шайнау) егер науқас оны қабылдамаған болса. • Нитроглицерин қабылдағаннан кейін сақталатын қатты ауыру сезімінде- к/т морфин. • ЭКГ тіркеуге мүмкіндік болса- жасау. ST жоғарылауында- жедел ауруханаға жеткізу (әрекет ЖКС ST тісшесі жоғарылауын емдеу ұсыныстарымен сәйкес). • Кез келген ЭКГ өзгерістерінің болуында (ST жоғарылауымен қоса) және анық жүректік емес себептер болмаса олардың пайда болмауы үшін к/т ағыммен ФеГ (фракционерленбеген гепарин) 70 Б/кг дозада (шамамен 5000Б) енгіземіз. Алдын ала гепаринге анық қарсы көрсеткіштің жоқ екеніне көз жеткізу керек.