Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек.
Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының созылмалы ісіну ауруы, олар сыртқы және ішкі әрекеттерге жоғары сезімтал болады және кезеңмен тұншығу ұстамалары қайталанып тұрады.
Даму себептері:
Ауруға көбінесе аллергиялық факторларлар әкеледі — тағамдық және дәрілік аллергендер, өсімдік тозаңдары, жануарлар жүні, вирустар, саңырауқұлақтар т.б.
Демікпенің диагностикалық критерилері:
-өкпеде ысқырықты сырылдар
-ентігу, әсіресе түнде немесе таңертенгі
-ұстамалы, азбөліністі жөтел
-бронх обструкциясының қайтымдылығы (ТШ/ЖШ> 60л/мин немесе ФШТК1>15%
бронхиолиттер ингаляциясынан кейін жане немесе)
-кунделікті мониторинг жүргізгенде ТШЖШ ауытқуы.
Клиникалық көрінісі.
Науқастардың көбінде бронх демікпесі созылмалы ағымда кездеседі және физикалық күш түскенде үдейтін, тұрақты қиналдыратын ысқырықты тыныс және ентігумен сипатталады. Кезеңді түрде өршу тұншығу ұстамасының туындауымен байқалады. Аз мөлшерде ашық түсті, қою, кілегейлі қақырықты жөтел пайда болады. Көбіне ауырудың өршуі мен
тұншығу ұстамасының туындауындағы маңызды рольді тыныс алу мүшелеріндегі инфекциялық – қабыну (жіті респираторлы-вирусты инфекциялар, созылмалы бронхиттің өрлеуі) үдерістері алады.
Жедел жәрдем: Науқастың гемодинамикалық жағдайын бақылау. анафилаксиялық түрінде 0,3-0,5мл 0,18 % эпинефрин ерітіндісін 0,9 % натрии хлорид ерітіндісімен т\і. маска арқылы ылғалдандырылған оттегі; Глюкокортикоидты гормондарды т\і ағынмен енгізу: преднизолон т\і ағынмен 90-150 мг (до 300 мг), алмастырыла метилпреднизолон 120-180 мг ; β2-адреномиметикті ингаляциямен енгізу – сальбутамол 100 мкг/доза небулайзер арқылы 5-10 минут ралығында. Қанағаттандыратын әсер болмаса ингаляцияны 20 минуттан кейін қайталау керек; немесе сальметерол + флутиказон аэрозоль 25/50 мкг, 25/125 мкг, 25/250 мкг немесе будесонид 10002000мкг небулайзер арқылы 5-10 минут аралығында. Өкпе вентиляциясының үдемелі бұзылысында ИВЛ көрсетілген. Комалық жағдайда: Спонтанды тыныс алуда жедел трахея интубациясы. Өкпенің жасанды вентиляциясы Қажет болғанда – жүрек-өкпе реанимациясы;медикаментозды терапия Кеңірдек интубациясы және ЖӨЖ көрсеткіштері: Гипоксиялық және гиперкапниялық кома; Жүрек-тамыр коллапсы; Тыныс алу қозғалыс жиілігі минутына 50-ден жоғары. Шұғыл госпитализацияға көрсеткіш: жүргізілген ем фонында стационарға жеткізу.