Гипергликемиялық кома



бет1/5
Дата11.02.2022
өлшемі19,43 Kb.
#131493
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Гипергликемиялық кома


Гипергликемиялық кома.
Диабеттік (гипергликемиялық, гиперкетонемиялық, кетоацидоздық) кома - қантты диабеттің қатерлі асқынуы, ол инсулиннің абсолюттік немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен болады. Мұндай кома қантты диабет ауруының барысындағы зат алмасуының бҰзылуының соңғы кезеңі болып табылады. Гипергликемиялық кома көбіне инсулинотерапияның қажетті мөлшерде енгізілмеуінің нәтижесінде, қантты диабетке жұқпалы аурулар қосылған шақтарда, сондай-ақ уақытылы диагноз қойылмаған жағдайларда дамиды.
Этиологиясы мен патогенезі. Гипергликемиялық команың негізгі себебі -инсулиннің жеткіліксіздігі, соның нәтижесінде тіндердің глюкозаны шығаруының бұзылып, бауырда гликонеогенез шапшаңдайды, гипергликемия жэне глюкозурия дамиды. Гомеостаздағы өзгерістер контринсулярлық гормондардың (СТГ, АКТГ, катехоламиндер) деңгейін көтеріп, олар да кетоацидозды күшейтеді. Глюкокортикоидтардың артық мөлшері гипоталамус-гипофиз-адреналдық жүйені қоздырып, глюконеогенездің белсенділігін арттырады, майлы қышқылдар деполарынан шығады. Олардың толық тотықпауы кетоацидозға алып келеді. Кетон денелері ацидоздың дамуын үлғайтады, яғни бұл кезде белоктар мен тіндердің ыдырауы күшейеді, олар бүйрек арқылы бөлінетіндіктен, калий және натрийурез пайда болады. Сутегі ионының көбеюі ацидозды ұлғайтады, полиурия
мен дегидратацияның алмасуы бұзылады.
Клиникалық көріністері. Диабеттік кома бірнеше сағат бойында, кейбір жағдайларда бірнеше күн бойы дамиды. Кома кезінде қантты диабеттің барлық белгілері айқындалады: асқа тәбеті тартпау, құсу, жүректің айнуы пайда болады. Ауыздың, терінің құрғауы, зәрдің көбеюі, әлсіздіктің ұлғаюы, ауыздан ацетон иісі шығып, артериялық қан қысымының төмендеуі, сол сияқты құрғаудың (дегидратация) клиникалық белгілері де байқалады.
Комада жатқан науқастың түрі ерекше болады: беті бозарған (не аздап қызарған), көгеру болмайды, ерні мен тілі құрғап, қабыршақты, терісі де құрғақ, салқын, серпінділігі азаяды. Тынысы шулы, терең, соңғы кезеңдерінде - Куссмауль тынысы пайда болады. Біртіндеп есінен айырылып, рефлекстер, дене қызуы төмендей бастайды. Сусыздану белгілері күшейіп, артериялық қысым төмендейді. ЭКГ-да гипокалиемияға тән өзгерістер пайда болады. Токсикоздың әсерінен ас қорыту жолдарынан қан кетеді, науқас қан құсады, іш ауруы пайда болады.
Белгілеріне қарай, диабеттік команы бірнеше түрге бөледі:
1. асқазан-ішектік — перитониттің, аппендициттің, гастроэнтериттің клиникасын береді;
2. жүректік-тамырлық;
3. бүйректік (олигурия, гиперазотемия, альбуминурия);
4. энцефалиттік (ми қан айналуының бү_зылуымен қосыла жүреді).
Гипергликемиялық кома тұсындагы зертханалық көрсеткіштер: гипергликемия (19,4-33,3 ммоль/л), глюкозурия және ацетонурия, липидемия, холестеринемия, протеинемия (90 г/л), мочевина мен қалдық азот аздап жоғарылайды, гипонатриемия, гипокалиемия орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет