Гипертиреоз синдромы (тиреотоксикоз) Қалқанша безінің функциясы бұзылып, оның қызметінің күшейген белгілерінің пайда болуы көптеген ауруларда, мысалы, жайылған улы зоб, токсикалық улы түйінді зоб, қалқанша безінің тиреотоксикалық аденомасы, тиреоидиттер, қалқанша безінің обыры, сондай-ақ тиреоидты гормондарды қабылдау кезінде дамиды.
Гипертиреозды тудыратын себептер әр түрлі: жайылмалы улы зоб, Хашимото аурулары бір отбасында кездесіп отырады, оларды аутоиммундық ауруларға жатқызамыз, жұқпалы аурулар, психотравма, операциялар (қалқанша безіне, басқа ағзаларға), стрестер, жүктілік, босану т.б.Қалқанша безі екі гормон бөледі: тироксин (тетрайодтиронин-Т4) және трийодтиронин (ТЗ). Тиреотоксикоз кезінде олардың қандағы мөлшері артады, алайда, тиреоидты гормондар деңгейі мен аурудың клиникалық көріністері арасында тікелей бағыныштылық байқалмайды.
Тиреотоксикоздың төрт сатылық деңгейі бар:
• / дәрежелі тиреотоксикоз - тамырдың соғуы минутына 100-ден аспайды, негізгі зат алмасуы +30%-тен көп емес;
• // дәрежелі - клиникалық белгілері айқын, дене салмагы азаяды, тахикардия 100-120/мин, негізгі зат алмасу +30%-тен +60%-ке дейін барады;
• /// дәрежелі - дене салмағының жетіспеушілігі ұлғая түседі, тахикардия минутына 120-дан асады, жыпылықты аритмия, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, бауырдың зақымдануы дамиды, негізгі зат алмасу +60%-тен жоғары болады.
Кейбір жағдайларда (шамамен 0,02-0,05%) күрт асқынып дамиды, ол науқастың өміріне қатер туғызады. Қатты күйзелудің әсерінен гормондар тез шығып, қанға тарайды, сөйтіп психикалық өзгерістерге, қызудың жоғарылауына, тахикардияға, іштің ауруы мен іш өтуге әкеліп соғады.