Бронхоэктаз ауруы Орындаған: Мирзасалиева Д. М



бет1/5
Дата21.11.2022
өлшемі2,4 Mb.
#159109
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Бронхоэктаз ауруы

Бронхоэктаз ауруы

Орындаған: Мирзасалиева Д.М

Тобы : 752 ЖПД

Анықтамасы

  • Бронхоэктаз ауруы – көптеген бронхтардың жергілікті кеңеюімен және іріңді эндобронхитпен көрінетін патология.
  • Бұл аурудың басты белгісі – шашыраңқы‚ көбіне өкпенің төменгі бөліктерінде орналасқан бронхоэктаздар.

Бронхоэктаздар бронхтар қабырғасының туа немесе жүре пайда болған кемістігінен дамиды

  • Біріншілік – бронх қабырғаларының туа кемістігінен балалық шақтан дамыған бронхоэктаздар.
  • Екіншілік – өкпенің пневмосклероз ошағында‚ бронхтардың деформациялануынан дамитын бронхоэктаздар (туберкулездік каверна‚ өкпе іріңдігінен кейін‚ созылмалы пневмонияда‚ т.б. ауруларда).

Этиологиясы

  • Гендер кемістігі (шеміршек, бір салалы бұлшықет тінінің өкпе бөлігінің немесе сегментінің гипоплазиясы).
  • Иммундық‚ ферменттік жүйенің туа немесе жүре біткен кемістіктері (аглобулинемия‚ ІgA‚ ІgG‚ 1-антитрипсин тапшылығы‚ муковисцидоз‚ бронхтар амилоидозы).
  • Бронхтардың ұзақ және қатты жөтелмен жүретін аурулары (көкжөтел‚ созылмалы бронхит‚ зиянды кәсіптік ықпалдар, бөгде денемен обтурациясы).

Патогенезі

Бронхоэктаз ауруының дамуында басты роль атқаратын ықпалдар:

  • бронхтар қабырғаларының осалдығы (туа немесе жүре біткен);
  • бронх ішілік қысымның биіктеуі.

Патогенезі

  • Бронхішілік қысым жөтел кезінде жоғарылайды, бронхтардың осал сегменттері керіліп‚ созылады, осылайша жүре-бара бронхоэктаздар туындайды.
  • Осы дертке бейім адамдарда‚ бронхоэктаздар балалық шақтан қалыптаса бастайды (көкжөтел‚ пневмония‚ гриптік бронхит‚ қызылша‚ т.б).
  • Бронхтардың кеңіген сегменттерінің тонусы мен дренаждық функциясы жойылып‚ кілегейдің іркілуіне септігін тигізеді. Жиналған кілегей іріңдейді және іркілген жерін қабындырады‚ деструкциялық процесті туғызады. Осының салдарынан интоксикация болады.

Патоморфологиясы

  • Бронхоэктаздың ең ауыр түрі – қапшық тәріздісі. Бұл түрінде ең алдымен проксимальді (орталық) бронхтар зақымданып‚ функциясы бұзылады. Кейін дистальді бронхтардың бұзылысы мен фиброзы дамиды.
  • lріңді қақырық көбіне бронхтардың төменгі тармақтарында іркіледі‚ ал жоғарғы тармақтарынан ол өз салмағымен ағып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет