Бронхоэктаз ауруынан үзбей жөтеліп‚ көп қақырық тастап‚ кейде қан қақырып‚ пневмониямен жиі ауыратын адамдарда күдіктену керек.
Бронхография бронхоэктаздардың орналасуын‚ көлемін‚ түрін‚ санын анықтауға мүмкіндік береді .
Өршу кезінде қан анализінде нейтрофильдік лейкоцитоз‚ ЭТЖ-ның жоғарылауы байқалады‚ кейін темір дефициттік анемияның белгілері пайда болады.
Диагностика
Аурудың жаңа басталған шағында спирографиялық көрсеткіштер қалыпты болады‚ тек обструкциялық бронхит немесе бронхтық астма қосылған жағдайларда Тиффно индексі мен пневмотахометриялық көрсеткіштер төмендейді.
Кейінірек пневмосклероздық процестің‚ эмфиземаның дамуынан рестрикциялық тыныс шамасыздығының белгілері (ӨТС төмендеуі) қосылады.
Аспаптық зерттеулер
• Рентгенография: кеуде қуысының екі кескінінде: созылмалы бронхит немесе пневмонияның рентгенологиялық белгілері; • Спирометрия: рестриктивті тип бойынша сыртқы тыныс алу функцияларының бұзылуы; •Кеуде қуысы ағзаларының КТ: кең таралған бронхоэктазалар.
Дифференциалды диагностика
Емі
Дәрі-дәрмексіз емдеу: Жоғары калориялы, майы шектеусіз, дәруменге бай диета. Санитариялық-гигиеналық тәртіпті сақтау тәртібі (бөлмені жедледіп тұру, инфекциялық науқастармен байланысты шектеу, таза ішкиім мен төсек жабындысы және т.б.)