Бронхтық астманың кейбір түрлерінің клиникалық ерекшеліктері:
Идиосинкрозиялық астма. иммундық емес механизммен өсер етуінен дамиды. Оның ең жиі түрі "аспириндік"аталатын астма.
Аспириндік астма. Астмаға келесі үштік тән. стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектердің жақпауы; ұстамалы ентікпе; мүрынның, асказан-ішек және урогенеталиялық жолдардың полипозы.
Стероид-тәуелді астма. Гормондардың жүйелі қолданылуынан дамиды
Дизовариалъдік бронхтық астма. Менструация циклының екінші фазасында прогестеронның азаюы және эстерогендердің көбеюі бронхтардың гипереактивтілігіне өкеліп бронхоспазмды дамытады.
Аутоиммундык, бронхтық астма Дерттің бұл түрі организмнің бронх-өкпе жүйесі антигендеріне сенсибилизациялануынан болады.
Кәсіптік астма. Бұл кәсіптік зиянды заттармен жанасудан дамиды: ауыр металдардың түздары (хром, никель, марганец); ағаш шандары (қарағайдың, еменнің, т.б.); өндірістік-химиялық заттар (фталь қышқьшының ангидриді, этилендиамин, формальдегид, т.б.); дөрі-дәрмектер (антибиотиктер, циметидин, пиперазин, т.б.); ферменттер; жануарлық белоктар (күстың, балықтың нәжістері, ара шаруашылығының өнімдері, т.б.).
Нервтік-психогендік астма. Психогендік астманың патогенезінде негізгі роль атқаратын — кезбе нервісі белсенділігінің артуы. Мысалы, үрыс-керіс жағдайлары, ұзақ стресс астманың барысын едәуір ауырлатады.