. Ол үшін ингаляциялық ГК қолданады, бұлар әсер етпесе преднизолонды 0,3-0,5 мг/кг есебінен 5-7 күн қолданып, кейін дозасын әр 5-7 күнде бір рет 5 мг азайта отырып 15 мг жеткізеді; содан соң 5-7 күнде бір рет 1/2 таблетка 10 мг дейін азайтады, одан кейін 1/4 таблеткадан азайта сүйемелдеу дозаға (5-10 мг) алып келеді. Сүйемелдеу дозасын еселенген мөлшерде күн ара ішкізеді.
Таблетка түрінен ингаляция түріне көшіру мына есепен жүргізіледі: бекламетазонның 400 мкг преднизолонның 7-8 мг 800-1000 мкг преднизолонның 10-15 мг тең. Ингаляция глюкокортикоидтарға ауыстыру тек қысжа пероральдік курстан кейін немесе преднизолонның тәуліктік дозасын 5-10 мг шамасына келтірген кезде ғана мүмкін.