Бұршақтар, қалақайлар, шамшаттар тұқымдастарына сипаттама Құттыбек Айдарбек Тілеубекұлы



бет2/5
Дата12.05.2024
өлшемі4,17 Mb.
#201996
1   2   3   4   5
Байланысты:
Айдарбек слайд 7

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады. Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды, бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-25 см тереңдікте жатқан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары деп атайды.

  • Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады. Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды, бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-25 см тереңдікте жатқан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары деп атайды.
  • Түйнек бактерияларымен бұлар селбесіп (симбиоздық) тіршілік етеді. Түйнек бактериялары ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ақуыз заттарына айналдырады. өсімдік тамыры қурағаннан кейін осы ақуызды заттардың есебінен топырақ азотты қосылыстарға байиды.
  • Жемісі – спираль тәрізді бұратылған бұршақ қап.

Бұршақтар тұқымдасының түйінді тамырында ауадан азот жинайтын бактериялар орналасады. Олар ауадағы бос азотты сіңіріп, топырақты азотпен тыңайтып, құнарландырады. Бұлар бағалы мал азығы (беде, жоңышқа, бұршақ, таспа, т.б.) болып табылады. Ал бұршақ, кестежапырақ сияқты түрлері жасыл тыңайтқыш ретінде өсіріледі. Бұршақ тұқымдасының тех. дақыл ретінде де маңызы зор (мыс., арахис, соя, т.б. майы). Ағаштарының сүрегі құрылыста және жиһаздар жасауға пайдаланылады. Кейбір түрлерінің қабығынан бальзам, шайыр, сапонин, түрлі түсті бояуыш заттар алынады. Олардың ішінде мыс., мия, әйбәтмия, түйежоңышқа, жыланбұршақ сияқты түрлері – дәрілік өсімдіктер. Бұршақ тұқымдасының кейбір түрлері улы, олардың құрамында алкалоидтар, сапониндер, гликозидтер бар (ақмия, бойдана, таспа, кекіре, т.б.).Бұршақ тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет