Бұршақтар тұқымдасының түйінді тамырында ауадан азот жинайтын бактериялар орналасады. Олар ауадағы бос азотты сіңіріп, топырақты азотпен тыңайтып, құнарландырады. Бұлар бағалы мал азығы (беде, жоңышқа, бұршақ, таспа, т.б.) болып табылады. Ал бұршақ, кестежапырақ сияқты түрлері жасыл тыңайтқыш ретінде өсіріледі. Бұршақ тұқымдасының тех. дақыл ретінде де маңызы зор (мыс., арахис, соя, т.б. майы). Ағаштарының сүрегі құрылыста және жиһаздар жасауға пайдаланылады. Кейбір түрлерінің қабығынан бальзам, шайыр, сапонин, түрлі түсті бояуыш заттар алынады. Олардың ішінде мыс., мия, әйбәтмия, түйежоңышқа, жыланбұршақ сияқты түрлері – дәрілік өсімдіктер. Бұршақ тұқымдасының кейбір түрлері улы, олардың құрамында алкалоидтар, сапониндер, гликозидтер бар (ақмия, бойдана, таспа, кекіре, т.б.).Бұршақ тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты).
Қолданылуы
Бұрынғы кезде асбұршақты кедейлердің еті деп санаған. Құрамындағы ақуыз жануардікінен де көп. Ас қорытуды және имунитетты көтереді, күніне бір шай қасықпен жеп турса денсаулықты жақсартады, сондықтан әдетке айналдыруға тырысу керек. Қандағы холестеринді қалпына келтіреді,қан қысымына да көп пайдасы бар. Қандағы бөгде заттарды шығарады. С тобындағы B, A, PP, E. Май, полисахарид, биотин, крахмалникотин қышқылы, кальций, фосфор, марганец құрамында көптеп кездеседы.
Қалақайлар тұқымдасы.
Түрлерінің жалпы саны 850-дей (45 туыс). Кішігірім ағаш, жартылай бұта, біржылдық және көпжыддық шөптесін осімдіктер.
Тропикалық және қоңыржай климатты зона-ларда кең тараған. Тропикалық ормандарда коп жағдайда шоптесін жөне бұталы ярустар түзеді. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасыңда саны жағынан аз болғаны-мен, аса кең тараған түрлері өседі. Гүлдері дара жынысты немесе қос жынысты, актиноморфты. Гүл шоғыры — әртүрлі тирс. Гүлсерігі қарапайым, тостағаншажа-пырақшалар түрінде болады, 4-мүшелі. Андроцейі 4 аталықтан тұрады, олар гүлсерігінің жапырақшаларына қарама-қарсы орналасады, аталықтың жшшесі гүлдщ ортасына қарай қайырылып түрады. Аналығы бір, екі жеміс жапырақшадан түзілген. Тұқым түрі 1. Жемісі-жаңғақша, олар гүлсерігінің үлғайған ішкі жапырақшаларымен қапталып түрады. Сүт жолдары болмайды. Жапырақтары мен сабақ-тарының сыртын өдетте күйдіргіш түктер жауып түрады.