Бруцеллез – сарып. Лептоспироз Орындаған: Бақтығали Дамира



бет1/2
Дата27.10.2023
өлшемі3,16 Mb.
#188839
  1   2
Байланысты:
БРУЦЕЛЛЕЗ – САРЫП

БРУЦЕЛЛЕЗ – САРЫП. Лептоспироз

Орындаған: Бақтығали Дамира


Бруцеллез – зоонозды жұқпалы – аллергиялық ауруға жатады және ол науқастың буын- сүйектерін,нерв және жыныс мүшелерін зақымдайды.
Этиология-қоздырғышы
Бруцеллалардың бугінгі таңда 6 түрі белгілі. Соның ішінде 3 түрі адамға қауіпті болып келеді.
Атап айтқанда:
Bruccella meliensis- қой, ешкі бруцелласы, адамға ең вируленттісі және куші жоғары.
Br.Abortus bovis - ірі қара малдың (сиыр) бруцелласы.
Br. Abortus suis - шошқа малының бруцелласы.
Бруцеллалар өте майда, спорасы жоқ ,грамтеріс, эндотоксин бөледі, сыртқы ортада, әсіресе төменгі температурада өте төзімді. Сүт, ет тағамдарына 10-45 күнге дейін, 70 күнге дейін, топырақта, малдың қиында 6 айға дейін, қарда жане мұзда 4 – 5 ай сақталады.Тік түскен күн сәулесінің әсерінен 1 – 2 сағатта, қайнатқанда 3 – 4 минутта 70 суда, сүтте, сорпада 20 – 40 минутта өледі. Зарарсыздандыру ерітінділеріне сезімтал.
Эпидемиялогия – аурудың көзі
Сарып Қазақстанда кең таралған аурулардың бірі. Онымен негізінен ауыратын ауылшаруашылык жан – жануарлары. Ауру адамға қой, ешкі, сиыр, шошқа малы арқылы жұғады.Сонымен қатар кейбір жар – жануарлар да ауруды таратудың басты көзі болып табылады. Олар; жылқы, бұғы, түйе, кішірек жылқылар (мулы), ит, мысық, т.б. Науқас адам басқа адамдарға қауіп тудырмайды. . Бруцеллалар сыртқы ортаға сүтпен, малдың зәрімен, кейде нәжісімен, көп мөлшерде жатырдың суымен бөлінеді де сыртқы орта ластанады . Таралу жолдары; тағамдар арқылы (сүт, ет, қаймақ,сыр, лас, су арқылы да т. б. ) қарым – қатынас арқылы, ауру малды күткенде, сойғанда, жүнін қырыққанда, төлдеткенде ( малшылар ауырады) және лас ауа шаң – тозаң арқылы да жұғуы мүмкін. Бұл ауруға шалдыққан мал түсік тастайды.
Патогенезі – арудың дамуы
Сарып қоздырғышы шырышты қабаттар, зақымданған тері арқылы ағзаға еніп, лимфа жуйесі арқылы лимфа жүйесі арқылы лимфа бездеріне тоқтап, өсіп – өніп , көбейіп, қанға
енеді (бактериемия) . Қанмен бауыр ,көкбауыр,сүйек кемігіне тоқталып ,таралып, нәтижесінде екінші ауру ошақтары пайда болады. Сондықтан бактериемия ұзаққа созылады . Қоздырғыш бүкіл организмге тарап буын – сүйек жүйесін , жүйке жүйесін , жыныс мүшелерін зақымдайды. Ауру көп жағдайда созылмалы түрге айналады .
Клиникалык белгілері
Жасырын кезеңі1 – 4 апта , 2 айға дейін созылуы мумкін. Аурудың жедел және созылмалы түрлері бар. Сарыптың қайталануы (суперинфекция, реинфекция болуы мүмкін ).
Сарыптың жедел түрінде ауру тез басталады. Науқастың қызуы көтеріліп , қатты терлейді,әлсіздік пайда болады, басы ауырып, сүйек буындары қақсайды және бұлшық еттері ауырады. Ауруды қарағанда лимфа бездері шошынып, бауыры, көк бауыры үлкейгендігін байқауға болады . Науқастың қызуы көтерілуі 1 – 3 аптаға созылады. Ол
бірде көтеріліп, бірде төмен түседі. Осы ауруға тән белгісінің бірі – әр түрлі қызбалардың болуы және 38-39 С көтерілгенінде де науқастың қиналмай көтеруі.
Сарып ауруының негізгі белгілерінің бірі – бұлшық еттерінің және буындарының қабынуы болып табылады. Ол – артрит, бурсит, тендовагит, периартрит. Ауруларда жыныс органдары қабынады, әйелдерде етеккір келу кезеңі өзгереді,оофорит, сальпингит, метрит, түсік тастау, ер адамдарда орхит, эпидимит.
Жүйке жүйелердің зақымдану салдарынан аурулардың көңіл – күйі өзгереді, басы ауырады, ұйқысы бұзылады. Ауыр түрінде өте сирек жүйке жүйесінің зақымдануы – менингоэнцефалит, полирадикулоневриттер болуы мүмкін.
Жедел сарып көп жағдайда осы аурудың созылмалы түріне ауысады (6 ай асқанда) және ол әртүрлі ағзалардың зақымдануымен сипатталады. Әсіресе сүйектің – ірі буынның, бұлшық еттердің қабынулары орын алады. Кемтарлыққа да әкелуі мүмкін. Көп жағдайда дене қызуы бірқалыпты болады. Дер кезінде ем қабылдау нәтижесінде аурудан айығуға болады.
https://youtu.be/VMV-WoBD4oA
Диагноз қою
1. Эпидемиялогиялық анамінезді жинау
2. Клникалық белгілеріне қарау
3. Зертханалық нақтама зерттеулер жүргізу. Бактериологиялық зерттеуге науқастың қанын және бурситтің ішіндегі сұйықтығын аламыз.
Серологиялық зерттеулер;Райта. Хеддесона , Кумбса, ИФА.
Теріге - аллергиялық байқау жүргізу. - Бюрне байқауы (бруцеллирмен).
Емдеу
Ауруханада ем жүргізіледі. Тағам №15 стол.
Қоздырғышқа қарсы , антибиотиктер – тетрациклин 0.3 – 0.4 – тәулігіне 4рет немесе рондомицин, диксоциклин, рифамицин, гентамицин, стрептомицин т. б. антигистамирдік дәрілер (димедрол, тавегил, пиполфен, супрастинт. б. ) қолданылады. Су , тұз ерітінділерін ішкізу немесе оларды көк тамырға жіберу қажет. Қабыну процесіне қарсы индомецатин, ибупрофен, вольтарен, бутадион , пирабутал т. б. сияқты дәрі – дәрмектер қолданылады Тыныштандыратын, ,ауырғанға қарсы дәрілерді берген дұрыс, ,т сонымен қатар қосымша симптомдық дәрілер , дәрумендер , физиоемдер де беріледі, Науқас айыққаннан кейін санаторлық – курорттық ем тағайындалады.
Алдын алу шаралары
Малды ветеринарлық тексеру, қадағалау . Медициналық – санитарлық шараларды жүзеге асыру. Малмен , мал шаруашылығында жұмыс жасайтын адамдардың,жеке бастық гигиена ережелерін сақтап , арнайы киім киіп , зарасыздандыру ерітінділерін пайдалануын қадағалау.
Халық арасында санитарлық – ағарту жұмыстарын жандадыру. Ауырғандарды екі жыл мерзімге тексеруге алып , оларды мұқият бақылауға алу. Сүт, ет тағамдарын дұрыс пісіру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет