Мақсаты: невротизация деңгейін анықтау.
Құрал: Сұрақ қағазы, жауап беретiн бланк, қылқалам.
Нұсқау: « Төменде берiлген пiкiрлермен және ситуациялармен танысып, «ия» немесе «жоқ» деген жауапты таңдап отырыңыз».
Мен денемнiң кейбiр бөлектерiнде күйдiрудi, шаншудi, дене бойы түршiгудi, сiлеюдi сезiнемiн.
Мен сирек булығамын және менде жүректiң қатты дүрсiлдеуi болмайды.
Мен аптада бiр рет немесе одан да жиi қозушылықта немесе ашуланған жағдайда боламын.
Менiң басым жиi аурады.
Аптасына 2-3 рет менi түнде бастығырылу азап етедi.
Сонғы кезде мен өзiмдi өте жаман сезiнемiн.
Менде күнде бiрдеме болып қалады, ол менi шошытады.
Абыржыған кезде мен ұйқыдан айырыламын.
Әдетте жұмыс маған үлкен күшке түседi.
Кейде қатты толқыған жағдайда мен ұйқымнан айырыламын.
Мен көбiнесе өмiрге қанағаттанбаймын.
Менi әрқашанда бiр нәрсе қобалжытады.
Мен өзiмнiң таныстарыммен және жолдастарыммен сирек кездесуге тырысамын.
Маған өмiр әр уақытта аса шиеленiсумен байланысты.
Маған қандай болса да есепке немесе жұмысқа қадала көнiл аудару қиынға түседi.
Бiр күннiң iшiнде мен өте шаршаймын.
Мен болашаққа сенемiн
Мен жиi көңiлсiз ойға салынамын.
Күнделiкке қарағанда, кейбiр кезде, менiң басымның жұмыс iстеуі баяулайды.
Маған ең қиын күрес – ол өзiммен күресу.
Мен әрқашанда бiреу үшiн немесе бiр нәрсе үшiн мазасызданамын.
Менiң өзiме сенiмдiлiгiм төмен.
Мен өзiме сенбейтiнiмдi жиi сезiнемiн.
Аптасына бiрнеше рет, құрсақтың үстiнгi жағында, менiм мазамды кетіретiн, жағымсыз сезiм пайда болады.
Кей кезде менiң алдымда үлкен шеше алмайтын қиындықтар туатын сияқты.
Аптасына бiр рет немесе одан жиi мен себепсiз, аяқ астынан бүкiл денемде пайда болған қызуды сезiнемiн.
Мен кейбiр уақытта өзiме соншалық көп жауапкершiлiктi аламын, сонымен өзiмдi әурелеймiн.
Мен өзiмнiң киiнгенiме өте ұқыпты қараймын.
Соңғы кезде менiң көзiмнiң көруi нашарлап кеттi.
Адам арасындағы қарым-қатынаста көбiнесе әдiлетсiздiк жеңiп шығады.
Мен қатты мазасызданған кезде бiр орында отыра алмаймын.
Мүмкiндiк болған кезде мен рақаттанып билеймiн.
Көп адам жиналған жерден мен мүмкiндiгiм жеткенше қашақтауға тырысамын.
Менi менiң асқазаным өте мазалайды.
Кейбiр кезде мен түкке тұрмайтын нәрселердi уайымдайтынымды мойындаймын.
Өзiмнiң ашуланшақ және күнкiлдек болғаныма өзiм жиi ренжимiн.
Аптасына бiрнеше рет маған қорқынышты бiр нәрсе болып қалу мүмкiн деген сезiм келедi.
Менi менiң жақындарым дұрыс түсiнбейтiн болса керек.
Менде жиi жүрегiмде немесе кеудемде ауру сезiмi пайда болады.
Қонақта мен әдетте шетте отырамын немесе тек қана бiр адаммен сөйлесемiн.
Достарыңызбен бөлісу: |