Будда (санскрит сөзі – көзі ашылған деген мағынада) діні


Діни ілімдері мен әдет – ғұрыптары



бет4/12
Дата02.05.2020
өлшемі77,68 Kb.
#65482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
2-тапсырма

Діни ілімдері мен әдет – ғұрыптары. Табыну дауысты музыка аспаптарымен, Кейде неше түрлі киімдер киіп, беттеріне қорқынышты маскалар киген монахтар жүреді. Храмнан алып шыққан Будданың мүсіндерін көтеріп, көптеген адамдардың көшеде жүргенін көруге болады. Діни әдет – ғұрыптары мол, әртүрлі өмірдегі әрбір қадамын діни әдет – ғұрыптарды өткізетіндер - өз дініне берілген діндар адамдар. Буддолог С.Радхакришнан буддизмдегі көптеген ілімдерді зерттей келіп: «Дегенмен буддимнің барлық формасының көзқарасы бойынша, буддизмнің негізін қалаушы Будда. Ол бодхи ағашының түбінде отырып, қиындықтан қалай құтылу жолын, яғни келесі өмірдегі қиындықтан құтылу жолын айтып, мәңгі жасауға ұмтылысты көрсетті. Міне осы түйін буддизмнің Индия жерінен басқа елдерге тарағандағы қызықтырған себепкер болды». Буддизмнің ілімі, оның ілімінің маңызы басқа діндер сияқты келесі, мәңгілік өмірде жақсылыққа жету болса, бұл өмірден де, келесі о дүниедегі өмірден де түгелдей құтылу керектігін уағыздайды. Қасиетті жерлердің бірі Будданың тісі туралы айтуға болады .Бір тіс аспандағы құдайдың сыйынатын қасиетті жері есебінде, бірі Гандхарада, үшіншісі – Колинге, төртіншісі жыландар еліне түскен дейді. Ал, ең қасиеттісі біздің дәуірге дейінгі 2 ғасырда алғашқыда Индияда сақталған, кейін паша Хеммаланың беруімен Шри – Ланкаға жіберіліп, сонда Зуба храмы салынған. Қайыр – садақаны буддистердің орталығы болған осы жерге көбірек беріп, буддистер табыну үшін жиылып, әр жылы үлкен мереке өткізеді. Ол мереке бүгінге дейін тойланады. Бұдан да басқа көптеген діни әдет – ғұрыптар, мерекелер өткізіледі. Будда теориясы буддизмнің дінсіздігі, нақтылай айтқанда, жаратушы Құдай - әлемді билеушіге сенбеушілік сияқты дәйектерді түсіндіреді. Бұл дінде барлық дүниені және адамды жаратушы – Құдай жоқ., Будда мұндай құдайлықтан жоғары дегенді айтады. Ол ештеңені жаратқан емес, сондықтан адамдарды қорғау жағынан уәде бермейді. Ол сенушінің көзін ашып, әлемдегі шындықты түсінуге, қайғы – қасіреттен, зорлықтан, теңсіздіктен арылуға жол көрсетеді дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет