Буденный орта мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы : «Қызықты қазақ тілі әлемі»
Өткізген: Жумальдина А.Б.
2014 оқу жылы.
Тақырыбы: «Қызықты қазақ тілі әлемі» (интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар, суреттер.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Қатысушы оқушыларды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
Ана тілі – қазақ халқының мемлекеттік тілі, яғни дамыған, бай, икемді тілдің бірі – қазақ тілі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі де құдіретті.
Ана тілін білмеген-
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас, - деп, Байділда Сарноғаев сіздерді ана тілін білуге, үйренуге, дамытуға шақырады. Ол үшін біз көп оқып, қазақ тілінің қызықты да құнарлы грамматикасын білу керекпіз.
Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«мен қандаймын?» деп ойла, – дей отырып, бүгінгі «Қызықты қазақ тілі әлемі» сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойынымыз өте ерекше. Өйткені біз жеке жұмыс істеуіміз керек.
Ережелер
Қатысушылар орындарына отырады. Ойын шартын тыңдайды. Біздің ойынымыз қызықты тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру керек.
І тур «Сұраққа -жауап»
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.)
НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?
Домбыра далада бүгін
Әріп сабақта ертең
Ту бөлмеде биыл
Құрт дүкенде былтыр
Асық қалада таңертең
Жылқы үйде кешке
Сынып мектепте түнде
І турдың қорытындысын тыңдау.
ІІ тур “Видео сұрақтар”
(Видео сұрақтарға жауап беру)
Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
ҚР жалауының авторы кім?
«Үлкен» сөзіне қарама –қарсы сөзді ата
«Ақылды оқушы» сөз тіркесінің орысша баламасын айт
«Ежелден ер деген ...............» жалғастыр.
Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?
Алфавиттегі алтыншы әріпті ата?
3 «А» сынып жетекшісі?
«Менің Отаным –Қазақстан!» аудару
«Я учусь во втором классе» қазақшаға аудар.
ІІ турдың қорытындысын тыңдау.
ІІІ тур «Әріпті жалғастыр» Әр оқушы мұғалім алдындағы әріптерден бір –бір әріпті таңдап сол әріп бойынша қазақша сөздерді айтады.
ІІІ турдың қорытындысын тыңдау
ІҮ тур «Жасырын суретті табу»
Сурет –Жылқы
Сурет –Елтаңба
Сурет –Бәйтерек
Сурет –Домбыра
Сурет –Бесік
Света билейді «Қара жорға»
ІҮ турдың қорытындысын тыңдау.
Ү тур «Көрерменнен көрімдік»
(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)
Жылқы
Сандық
Той
Жол
Сәби
Ту
Киіз үй
Жұлдыз
Телефон
Кітап
ит
Балмұздақ
Боран.
Ү турдың қорытындысын тыңдау.
ҮІ тур .(Үш оқушы шығып А, Ә мен Б әрпінен қалағанын таңдайды. А әрпін таңдаған оқушы –сын есім, Ә әрпін таңдаған оқушы –сан есім, Б –әрпін таңдаған оқушы етістік қатысқан сөздерді айтады. Дайындыққа 1 минут)
ҮІ турдың қорытындысын тыңдау.
ҮІІ. “Жекпе жек”
(Екі оқушы шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)
Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.
Қорытынды:
Барлық кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып жеңімпаз анықталады. Жүргізуші оқушыларды марапаттайды. Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, білімді екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады.
«Қызықты қазақ тілі әлемі» сайысы аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |