Бухгалтерлік құжаттардағы жіберілген қателерді түзетудің тәсілдері
Жалпы, бухгалтерлік есепте қателерді түзетудің келесі жолдары көрсетілген:
Түзету(корректурный) әдісі. Ол шоттардың корреспонденцияларында қателер жіберілмеген немесе қате дер кезінде анықталған жағдайларда, осы есепті кезеңдегі қателіктерде қолданылады.
Қосымша проводкалар. Қосымша проводка (жазба) әдісі бухгалтерлік жазбада шоттардың көрсетілген корреспонденциясы дұрыс болған кезде, бірақ сома нақтыдан төмен көрсетілгенде қолданылады.
«Қызыл сторно» (теріс сандар әдісі). «Қызыл сторно» әдісін қолдану көбінесе шоттардың корреспонденциясымен байланысты қателерді түзету кезінде немесе қате баланс жасалған есеп беру кезеңіне қатысты болған кезде маңызды болады.
Түгендеу жүргізудің тәртібі. Түгендеу түрлері
Мемлекеттік мекеменің басшысы түгендеу жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға жауапты болады. Түгендеуді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен оның қызметкерлерінің арасынан бас бухгалтердің міндетті түрде қатысуымен комиссиялар құрылады. Түгендеу комиссиясын мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Бұйрықпен сондай – ақ түгендеу жүргізу жөніндегі жұмыстың басталу және аяқталу тәртібі, мерзімдері және оның нәтижелерін бухгалтерлік есепте көрсету белгіленеді.