Мысалдар
келтіреміз:
1) кәсіпорында материалды жауапты
тұлғаға 2005 жылы сәуір айының 25 жұлдызындағы № 1039 шы-
ғыс кассалық ордерге сәйкес іссапар шығыстарына 15000 теңге
сомада қолма-қол ақша берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1250 — 1010 = 15000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) зейнеткерлікке шығар кезде еңбегі сіңген қызметкерге 2005
жылы қыркүйек айының 30 жұлдызындағы кәсіподақ комитетінің
шешімімен № 9 қабылдау-өткізу актісі бойынша 180000 теңге
құнымен жеңіл автомобиль сыйға тартылды.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
176
1280 — 6210 = 180000 3 типті операция
А (+) П (+)
ж)
Алдағы кезеңдердің шығыстары бойынша. Олар бойынша
есеп айырысу № 1620, 1630 «Алдағы кезеңдердің шығыстары»
активті шоттарында бейнеленеді. Олардың келіп шығу көздері:
сақтандыру полисі, жалақысы, алдағы кезеңдердің басқа шығыстары
болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 1620–1630
шоттардың дебетіне № 1010, 1040, 1310–1315, 1317, 3310, 3350, 3390,
8030 шоттардың кредитінен жасалады.
Бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1620, 1630 1010, 1040, 1310-1315, 1317, Төлем тапсырмалары,
3310, 3350, 3390, 8030 шығыс кассалық ордерлер,
еңбекақы бойынша бет есептер,
келісім шарттар, жүкқұжаттар,
орындалған жұмыстарға актілер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040, 1310-
1315, 1317, 8030) жайғасқан жағдайда 1 типті «Активті-активті»
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер
болады (бір жағынан алдағы кезеңдердің шығыстары көбейеді,
ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның активтері мен ақша
қаражаттары шығыс етіледі).
Пассивті шот (№ 3310, 3350, 3390) жайғасқан жағдайда
баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын
3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады (бір жағынан
алдағы кезеңдердің шығыстары, ал екінші жағынан бір мезгілде
жеткізушілер мен еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар
көбейеді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар
келтіреміз: 1) жаңа өндірістерді дайындау, сондай-ақ
жаңа агрегаттарды орнату үшін 2005 жылы маусым айындағы жұмыс
жүргізушінің материалдық есебіне сәйкес, 800000 теңге сомада
құрылыс материалдары жұмсалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
177
1630 — 1317 = 800000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) 2005 жылы I-тоқсанда кен орнындағы кен-дайындау жұмыста-
рын жүргізу үшін 2005 жылы наурыз айының 26 жұлдызындағы
кен-жүргізу бригадасының жүктеліміне сәйкес, кеншілерге 1900000
теңге сомада еңбекақы есептелді.
Бұл жағдайда бухгалтерлік
Достарыңызбен бөлісу: |