170
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1340 — 8010 = 480000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) 2005 жылы шілде айының 30
жұлдызында техникалық ба-
қылау бөлімінің актісіне сәйкес, негізгі және көмекші цехтармен
шығарылған дайын өнім 1600000 теңге
мөлшердегі нақты өзіндік
құн бойынша кіріске алынып, қоймаға қабылданды. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1320 — 8010,8030 = 1600000 1 типті операция
А (+) А (-)
б)
Тауар-материалдық қорлар капиталға салым ретінде енгізі-
леді.
Бұл жағдайда қорлардың келу
көзі кәсіпорынның жарғылық
капиталына құрылтайшылардың салымдары болып табылады. Бұл
№ 5020 «Төленбеген капитал» шоты оның төленбейтіндігін білдіре
отырып, шаруашылық субъектінің жарғылық капиталына салым
ретінде енгізілгенін, ал оның қызметі
тоқтауған жағдайда меншік
иелеріне қайтарылатындығын білдіреді.
Дт Кт Құжаттар
1310—1315 5020 Құрылтай құжаттары,
қабылдау-
1317 өткізу актісі, жүкқұжаттар,
бағалау актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз:
кредиттік жағында пассивті
шот орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею
жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады.
Бір жағынан материалдық қорлар, ал екінші жағынан бір мезгілде
құрылтайшылар салымдарының көлемі көбейеді.
Бұл жағдай жа-
171
зудың дұрыс жасалғанын білдіреді.
Мысал
келтіреміз: кәсіпорынның жарияланған капиталына
құрылтайшылар тарапынан салымдар ретінде 2005 жылы қазанның
28 жұлдызындағы құрылтай құжаттар, бағалау актісі мен № 135
жүкқұжатына сәйкес, 1200000 теңгеге
құрылыс материалдары
енгізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1317 — 5020 = 1200000 3 типті операция
А (+) П (+)
Достарыңызбен бөлісу: