77
2. Табыс салығы ҚР Үкіметімен бекітілген нұсқауға сәйкес мөл-
шерлемелер бойынша есептеледі;
3. Негізгі қызметте жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекақы-
сына шығыстардың нормаланған мөлшерін анықтау үшін негізгі
қызметте жұмыс істейтін жұмысшылардың тізім бойынша нақты
орташа санын есептеу керек. Онда мердігерлік келісім шарт пен
басқа азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім шарттар, сондай-
ақ қосымша жұмыс істеу бойынша еңбектенгендердің есебі қоса
анықталады. Келісім шарттар бойынша жұмыс істейтіндердің тізім
бойынша нақты орташа санын есептеуде тек келісім шарт бойынша
төлем жасалған айда ғана енгізілетінін ескеру керек.
Мысалы, тізім құрамы — 10 адам, мердігерлік келісім шарт
бойынша 20 адам жұмыс істейді, келісім шарт 3 айға жасалып,
наурыз айында төлеуге есептелген. Жұмысшылардың тізім бойынша
орташа саны 30 адамға тең:
\10+10+(20х3+10)\:3
Егер кәсіпорында табельді есеп жоқ болса және келісім шартта
атқарылатын уақыттың сағаттар саны көрсетілмесе, онда есепке
атқарылған сағаттардың нақты санынан тәуелсіз 1 күн алынады (бұл
жұмысты орындау үшін қажет болған жұмысшылардың санынан
көбірек келісім шартты жасау жолымен олардың санын көбейту
үшін жиі қолданылады).
Достарыңызбен бөлісу: