141
құрамындағы нақты сату бағасы мен номиналды құн арасындағы
айырмашылық енгізілмейді. Көрсетілген айырма тек қана қосымша
капитал ретінде қаралады және оны тұтыну мұқтаждықтарына
жіберуге болмайды. Бағалы қағаздар бойынша (акциялар, обли-
гациялар және т.б.) дивидендтер және пайыздар түрінде алына-
тын табыстарға 15 %-дық мөлшерлеме бойынша осы табыстардың
көздеріне салық салынады.
Қарыз міндеттемелерін сату (жабу) бағасы мен сатып алу бағасы-
ның арасындағы айырма түріндегі қаржы заңды тұлғалардың пай-
дасына салынатын салық (корпоративтік табыс салығы) төлейтін
заңды тұлғалардың негізгі емес қызметтен түскен табыстарының
құрамына толық енгізіледі.
Пайыздар, дивидендтер түріндегі акциялар және басқа бағалы
қағаздар бойынша жеке тұлғалар алатын табыстарыға, сол табыстар-
ды төлеу көздеріне салық салыбайды. Дивидендтер мен пайыздар
төлейтін банктер және басқа кәсіпорындар, ұйымдар осы табыстар
мен салық декларациясына енгізілуге жататын табыс салығынан
ұсталған қаржылар туралы мәліметтерді тиісті салық органдарына
хабарлауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: