Бухгалтерлік есеп


в) Тауар-материалдық қорлар қолма-қол ақшаға алынды.  Бұл жағдайда



Pdf көрінісі
бет104/167
Дата21.12.2022
өлшемі2,74 Mb.
#163838
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

в)
Тауар-материалдық қорлар қолма-қол ақшаға алынды. 
Бұл жағдайда
 
келудің көзі жеке тұлғалармен қолма-қол ақшаның 
төлемі болып табылады. Шаруашылық операцияның жазылуы 
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1310—1315 1010 Кассалық құжаттар, 
1317, 1330 жүкқұжаттар, бағалау актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті 
шот орналасқан. Бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция 
орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады 
(яғни, ақша қаражаттары тауар-материалдық қорларға айналады). 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал 
келтіреміз: кәсіпорын жеке тұлғалар арқылы 2005 жылы 
сәуір айының 13 жұлдызында № 118 жүкқұжатына сәйкес, 600000 
теңгеге әртүрлі тауарлар сатып алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1330 — 1010 = 600000 1 типті операция
А (+) А (-)
г)
Тауар-материалдық қорлар қайтарымсыз түрде қабылданды.
Бұл жағдайда келу көзі оларды сырттан жеке және заңды тұл-
ғалар тарапынан қайтарымсыз түрде берілуі болып табылады. Ал, 
бірдеңенің қайтарымсыз түрде алынуы шаруашылық субъект үшін 
негізгі емес қызметтен түскен табыс болып саналады және оған 


172
салық салынады. 
Дт Кт Құжаттар
1310–1315 6230, 6280 Жолдама құжаттар, қабылдау-
1317 өткізу актісі, жүкқұжаттар, 
бағалау актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті 
шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею 
жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция 
орын алады. 
Бір жағынан тауар-материалдық қорлардың көлемі, ал екінші 
жағынан бір мезгілде негізгі емес қызметтен түскен табыстың 
мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын 
білдіреді.
Мысал 
келтіреміз: кәсіпорын өзінің бас кәсіпорынынан 2005 
жылы ақпанның 23 жұлдызындағы бас кәсіпорынның шешімі, 
қабылдау-өткізу актісі мен № 89 жүкқұжатына сәйкес, 600000 
теңгеге әртүрлі тауарларды қайтарымсыз түрде қабылдады. Бұл 
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1330 — 6280 = 600000 3 типті операция
А (+) П (+)
ғ)
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден. Сатып алушы-
лармен есеп айырысу № 1210—1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс 
берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» активті 
шоттарында бейнеленеді. Дебиторлық қарыздардың келіп шығу 
көздері: өтелуге тиіс ҚҚС, негізгі және негізгі емес қызметтен түскен 
табыстар болатындықтан, шаруашылық операцияның жазылуы
№ 1210—1230 шоттардың дебетіне № 6010 шоттың кредитінен жаса-
лады. 
Бұл жағдайда шаруашылық операцияның жазуы төмендегіше 
болады: 
Дт Кт Құжаттар
1210 — 1230 3130, 6010 Шот-фактура
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті 


173
шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею 
жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция 
орын алады. 
Бір жағынан дебиторлық қарыздардың көлемі, ал екінші жағы-
нан бір мезгілде ҚҚС пен салық салынудың объектісі болатын, 
кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табысының 
мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет