Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет100/167
Дата21.12.2022
өлшемі2,74 Mb.
#163838
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Мысал 
келтіреміз:
 
кәсіпорынның ұсақ саудасы кезінде кассаға 
2005 жылы тамыз айының 1 жұлдызындағы тауар-ақша есебіне 
сәйкес, 1280000 теңге сомада тауарлар өткізуден қолма-қол ақша 
түсті. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1010 — 6010 = 1280000 3 типті операция
А (+) П (+)


165
в) 
Қойылған талап айыптарды өндіру немесе активтерді қай-
тарымсыз түрде алу есебінен.
 
Бұл есептер № 6280 «Басқа да кі-
рістер» пассивті шотында бейнеленеді. Активтер негізгі емес қыз-
меттен түскен табыстардың нәтижесінде пайда болатындықтан
шаруашылық операцияның жазуы № 1010, 1040 шоттардың де-
бетіне № 6280 шоттың кредитінен жасалады.
Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 — 6280 Төрелік соттың шешімі,
қабылдау-өткізу актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қа-
на пассивті шот орналасқан. Пассивті шот (№ 6280) орналасқан 
кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-
пассивті» операция орын алады (бір жағынан ақша қаражаттары, 
ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі емес қызметтен 
түскен табыстардың көлемі көбейеді). Ал, бұл жағдай салық салу 
мөлшерінің көбеюін көрсетеді. Демек, жазу дұрыс жасалған.
Мысалдар 
келтіреміз: 1) еншілес ұйымның кассасына жаңалық 
енгізу мақсаттарына 2005 жылы ақпан айының 23 жұлдызындағы 
қабылдау-өткізу актісіне сәйкес, бас кәсіпорыннан қайтарымсыз 
түрде 2700000 теңге сомада қолма-қол ақша келіп түсті. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1010 — 6280 = 2700000 3 типті операция
А (+) П (+)
 
2)
 
Төрелік
 
соттың шешімімен кәсіпорынға 2005 жылы наурыз 
айының 16 жұлдызындағы № 7 хаттамасына сәйкес, 45000 теңге 
мөлшерде келісім шарттарын бұзғаны үшін қойылған талап айып 
өндіріліп, кассаға қабылданды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1010 — 6280 = 45000 3 типті операция


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет