Бухгалтерлік есеп


жазу төмендегіше болады: Дт Кт Сома Ескерту 1630 — 3350 = 1900000 3 типті операция  А (+) П (+) з)



Pdf көрінісі
бет108/167
Дата21.12.2022
өлшемі2,74 Mb.
#163838
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

 
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1630 — 3350 = 1900000 3 типті операция 
А (+) П (+)
з)
Берілген аванстар бойынша. Олар бойынша есеп айырысу
№ 1610 «Берілген аванстар» активті шотында бейнеленеді. Олардың 
келіп шығу көздері ақша қаражаттары болғандықтан, шаруашылық 
операциялардың жазылуы № 1610 активті шоттың дебетіне № 1040, 
1050, 1070 шоттардың кредитінен жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1610 1040, 1050, 1070 Төлем тапсырмалары 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті 
шоттар орналасқан. Демек, бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» 
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер 
болады (бір жағынан берілген аванстар бойынша дебиторлық 
қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның 
ақша қаражаттары шығыс етіледі). 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал 
келтіреміз: кәсіпорында тауар-материалдық ресурстарды 
жеткізіп беру үшін 2005 жылы шілде айының 26 жұлдызындағы 
№ 832 төлем тапсырмасына сәйкес, 2400000 теңге сомада аванс 
аударылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту


178
1630 — 1040 = 2400000 1 типті операция 
А (+) А (-) 
Біз қысқа мерзімді активтердің көбеюін (келуін) қарадық.
Енді қысқа мерзімді активтердің кему (шығыс етілу) жағдайларын 
қараймыз.
Ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді 
инвестициялардың кемуі
Аталған жағдайларда қысқа мерзімді активтер кредит бойынша 
өтеді. Бұл жерде біз олардың құны қайда шығыс етілетініне (бағыт-
талатынына) назар аударуымыз керек.
а) 
Тауар-материалдық қорларды қолма-қол ақшаға сатып алу.
 
Бұл 
есептер 1310—1315, 1317, 1330 «Тауар-материалдық қорлар» активті 
шоттарында бейнеленеді. Активтер осы активті шоттарға шығыс 
етілетіндіктен, ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады 
және шаруашылық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген 
шоттардың дебетіне жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1310—1315
1317 1010 Шот-фактуралар, жүкқұжаттар, 
1330 ақша чектері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310—1315) 1 тип-
ті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың ак-
тивінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан материалдық 
ресурстар көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада ақша 
қаражаттарының мөлшері кемиді).
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет