182
Дт Кт Құжаттар
3310 — 1040
Төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3310) баланстың активі
мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын
алады. Бір жағынан жеткізіп берушілерге кредиторлық қарыздар
жабылады, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға кәсіпорынның
ақша қаражаттары шығыс етіледі. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Мысал
келтіреміз:
мердігерге үстіміздегі жылдың 3 тоқсанында
орындалған жұмыстар үшін 2005 жылы қазан айының 5 жұл-
дызындағы № 1342
төлем тапсырмасына сәйкес, 2300000
теңге
сомада ақша аударылды (төленді). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 1040 = 2300000 4 типті операция
П (-) А (-)
ғ)
Салықтар мен бюджетке төленуге міндетті төлемдер бойынша
бюджетпен есеп айырысу. Бұл шаруашылық операциялар № 3110,
3120—3190 «Салықтар бойынша міндеттемелер» пассивті шотта-
рында бейнеленеді. Активтер салықтар,
жинаулар мен басқа
бюджетке міндетті төлемдерді төлеуге шығыс етілетіндіктен, ақша
қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашылық
операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттардың дебетіне
жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3110, 3120 — 3190 — 1010, 1040
Төлем тапсырмалары,
салық
органдарының квитанциялары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3110) баланстың активі
мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
183
Бір жағынан бюджетке кредиторлық қарыздар жабылады, ал екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары
шығыс етіледі. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал
келтіреміз: салық инспекциясына кәсіпорынның есеп
айырысу шотынан аудару жолымен 2005 жылы қыркүйек айының
30 жұлдызындағы № 1039 төлем тапсырмасына сәйкес, 65000
теңге сомада әлеуметтік салық төленді (аударылды). Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3150 — 1040 = 65000 4 типті операция
П (-) А (-)
д)
Шаруашылық шығыстарды төлеу. Бұл есептер № 7210 «Әкім-
шілік шығыстар» активті шотында бейнеленеді. Шаруашылық шы-
ғыстарға: әкімшілік, банктік, пошта-телеграфтық, сот шығыстары,
айыппұлдарды төлеу, демеушілік және қайырымдылық жәрдем ету
және т.б. жатады. Активтер осы активті шотқа шығыс етілетіндіктен,
ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашы-
лық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне
шығыс етіледі. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7210 — 1010, 1040 Төлем тапсырмалары, шығыс
кассалық ордерлер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 7210) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни
баланстың активінде тек
қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның жалпы және
әкімшілік шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол
сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: